Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2275. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес бұйырамын: Қараңыз.K100296
      1. Қоса беріліп отырған Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің ережесі бекітілсін.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Д.Ә.Құнанбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының      
2003 жылғы 12 мамырдағы
N 196 бұйрығымен    
бекітілген        

Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және
оны ресімдеу тәртібінің
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 448-бабына сәйкес әзірленді және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.Қараңыз.K100296 
      Ереже Қазақстан Республикасы кеден органдарының барлық лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті.

      2. Жеке тексеру кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.

      3. Кедендік бақылаудың Кодекстің 471-бабына, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 693-бабына сәйкес анықталған нысандарынан босатылған адамдар жеке тексерілуге ұшырауы мүмкін емес. Қараңыз.K100296
      Жасөспірімді немесе іс-әрекетке қабілетсіз тұлғаны жеке тексеру, оның заңды өкілінің немесе алып жүрген тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.

      4. Кеден органының басшысы (оның орнындағы адам) қабылдаған анықталған жеке тұлғаны жеке тексеруді жүргізу туралы шешім осы Ережемен белгіленген нысанда жазбаша ресімделеді. Шешімде жеке тексеруді жүргізу тапсырылған кеден органының нақты лауазымды адамы көрсетілуі қажет. Жеке тексеруді жүргізу туралы шешім тексерілетін тұлғаға қолхат арқылы хабарланады.

      5. Жеке тексеруді тексерілетін тұлғамен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамы сол жыныстағы екі куәлардың қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін бөлінген үй-жайда жүргізеді.

      6. Үй-жайға бөгде жеке тұлғалардың енуі және олар жағынан жеке тексеру жүргізуді қадағалау мүмкіндігі болмауы тиіс.

      7. Тексерілетін тұлғаның дене мүшелерін тексеруді қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдаланумен тек дәрігер-маман ғана жүргізуі тиіс.

      8. Жеке тексеру жеке тұлғаның өзінде жасырылған тауарларды анықтау үшін қажетті шектерде тексерілетін тұлғаның намысын төмендету мен денсаулығына зиян келтіруді және заңсыз мүлкіне залал тигізуді болдырмайтын сыпайы нысанда жүргізілуі қажет.
      Кодекстің 527-бабына сәйкес тексерілуге жататын адамдардың кеден органдары лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруға құқығы бар.Қараңыз.K100296 

      9. Тексерілетін тұлға жеке тексеру жүргізу жөніндегі кеден органдары лауазымды адамдарының әрекетіне Қазақстан Республикасы Кеден кодексінде белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      10. Кодекстің 448-бабына сәйкес тексерілетін тұлғаның адвокаттың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.

2. Жеке тексеруге қатысатын адамдар

      11. Жеке тексеру жүргізуге тексерілетін жеке тұлғаның туысқаны болып табылатын немесе жеке тексерудің белгілі бір нәтижелеріне ол жеке, тікелей немесе жанама мүдделі деп санауға мүмкіндік беретін өзге де жағдайлары бар кеден органының лауазымды адамы жіберілмейді.

      12. Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеруді жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайлар болған кезде кеден органының басшысы (оның орнындағы адам) жаңа шешіммен жеке тексеру жүргізуді кеден органының басқа лауазымды адамына тапсырады. Сол негіздерде тексерілетін тұлғаның, ал кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз тұлғаларды жеке тексеру кезінде - оның заңды өкілі немесе оны алып жүруші адамның кеден органының көрсетілген лауазымды адамына, сондай-ақ жеке тексеруге қатысатын өзге адамдарға қарсылығы мәлімделуі мүмкін. Қарсы болу туралы өтініш себепті болуы қажет. Қарсы болу туралы өтінішті кеден органының басшысы (оның орнындағы адам) қарайды. Қарсы болу туралы өтініш берілген кезде жеке тексеру ісі тоқтатыла тұрады.

      13. Кодекстің 448-бабына сәйкес жеке тексеру жүргізу тапсырылған кеден органының лауазымды адамы: Қараңыз.K100296
      1) жеке тексеру басталар алдында жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оның орнындағы адамның жеке тексеру туралы шешімін ұсынуы;
      2) жеке тұлғаны құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға және жасырылған тауарларды өз еркімен беруді ұсынуы;
      3) белгіленген нысанда жеке тексерудің хаттамасын жасауы тиіс.

      14. Куәлар ретінде (екі адамнан кем емес) тексерудің нәтижелеріне мүдделі емес Қазақстан Республикасының кез-келген кәмелетке толған азаматтары (көлік қызметкерлері, жолаушылар және басқалары) шақырылуы мүмкін.

      15. Жеке тексеруге қатысуға Қазақстан Республикасы заң актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, Кодекстің 448-бабына сәйкес кеден органы басшысының немесе оның орнындағы адамның жеке тексеру жүргізу туралы шешімін орындаудан бұлтартуға құқығы жоқ дәрігер-маман шақырылуы мүмкін. Қараңыз.K100296

      16. Егер тексерілетін тұлға мемлекеттік немесе орыс тілін білмесе, жеке тексеруге қатысуға аудармашы тартылады.
      Аудармашы ретінде тексерудің нәтижесіне мүдделі емес, жеке тексеру жүргізу кезінде білу қажет тілдерді білетін (сақау және саңыраулардың белгілерін түсінетін) кез-келген кәмелетке толған адам тағайындалады.

      17. Аудармашы оның барлық кезеңдерінде (осы Ереженің 22-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) жеке тексеруге қатысады. Осы Ереженің 22-тармағының екінші абзацында көрсетілген жеке тексеру кезеңінде аудармашының қатысуы тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша мүмкін.

      18. Тексерілетін тұлғаның келісімімен аудармашы ретінде кеден органының қызметкерін тартуға жол беріледі.

      19. Егер, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу кезінде оларды шешу үшін арнайы танымдар талап етілетін мәселелер туындаған жағдайларда жеке тексеруді жүзеге асырушы кеден органының лауазымды адамы өзге де мамандарды тартуы мүмкін.

3. Жеке тексеру жүргізу кезеңдері

      20. Жеке тексеру үш кезеңде жүргізіледі.
      21. Бірінші кезең (дайындық) жеке тұлғаға қолхат алу арқылы кеден органы басшысының (оның орнындағы адамның) жеке тексеру жүргізу туралы шешімін жариялаудан басталады. Тексерілетін тұлғаға, сондай-ақ жеке тексеру жүргізуге қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Тексерілетін тұлғаға кеден бақылауынан жасырылған тауарларды өз еркімен беру ұсынылады.

      22. Екінші кезең - тікелей жеке тексеру кезеңі. Кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға тікелей жеке тексерудің басталуы туралы хабарлайды. Бұл кезеңде жеке тұлғаның заттары, киімдері мен денесін қарау, қажет болған жағдайда оларды зерттеу жүзеге асырылады.
      Маман (дәрігер-маманнан басқа) мен аудармашы тексерілетін тұлғаның денесін қарау жүргізілетін үй-жайда, сондай-ақ тұлға денелік киімде не киімсіз болған уақытта қатыспаулары қажет. Аталған үй-жайда осы уақытта суретке, киноға түсіру және бейне жазбаға жол берілмейді.

      23. Үшінші кезең - аяқтаушы. Бұл кезеңде жеке тексеруді құжатты ресімдеу жүзеге асырылады. Құжатты ресімделу Кеден кодексінің 448-бабына және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 626-бабына сәйкес жеке тексеру хаттамасын жасаудан тұрады. Қараңыз.K100296

4. Жеке тексерудің дайындық кезеңі

      24. Кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаны оған қатысты жеке тексеруді жүргізу ниеті туралы хабардар етеді, жеке тексеруді жүргізу туралы кеден органы басшысының (оның орнындағы адамның) шешімімен таныстырады.

      25. Жеке тұлғаның жеке тексеруді жүргізу туралы шешіммен танысу фактісін жеке тексеру жүргізу туралы шешімге тиісті жазба және қол қою жолымен аталған тұлға куәландырады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда жеке тексеру жүргізу туралы шешімді жариялаған Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамының және куәлардың қолымен куәландырылған жеке тексеру жүргізу туралы шешімге белгі қойылады.

      26. Жеке тұлғаның жеке тексеру жүргізу туралы шешіммен танысқан сәтінен бастап жеке тексеру жүргізуге тағайындалған кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тексеруді жүргізу мен ресімдеудің уақыты, орны, тәсілі мен рәсіміне кез-келген нұсқауы мен талабы оған қатысты жеке тексеру жүргізіліп отырған жеке тұлға үшін міндетті болып табылады.
      Жеке тұлға жеке тексеру жүргізу туралы шешіммен танысқаннан кейін тұлға жеке тексеру жүргізу үшін арналған үй-жайға кіргізіледі, ол жерде куәлардың қатысуымен оған құқықтары түсіндіріледі.

      27. Жеке тұлға дәлелді бас тарту өтініші жағдайында кеден органының лауазымды адамы оны кеден органы басшысының (оның орнындағы адамның) назарына жеткізеді, өтінілген бас тартуға қатысты қабылданған шешіммен тұлғаны таныстырады.

      28. Тұлғаға кеден бақылауынан жасырылған тауарларды өз еркімен беру ұсынылады. Берілген тауарлар жеке тексеруге қатысатын адамдарға ұсынылады.

      29.  Егер тұлға жасырылған тауарларды өз еркімен беруден бас тартқан жағдайда не егер кеден органы лауазымды адамының мұндай тауарларды бергеннен кейін де жеке тұлға кеден бақылауынан қандай-да бір тауарларды жасырады деген жеткілікті негіздері болса, кеден органының лауазымды адамы тікелей жеке тексеруге көшеді.

5. Жеке тексеруді жүргізу тәртібі

      30. Тексеруге қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны жүргізу басталғанға дейін ауызша нысанда тексерілетін тұлғада оқпен атылатын, газ және суық қаруларының және шабуыл жасау үшін жарамды басқа да заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ еркін айналымына тыйым салынған өзге де заттардың жоқтығына көз жеткізу қажет.

      31. Жеке тексеру санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін Қазақстан Республикасы кеден органының осы мақсат үшін арнайы жабдықталған бөлінген үй-жайында жүргізіледі.
      Жеке тексеру әуежайдың, вокзалдың, көлік құралдарының (каюта, купе және басқа) санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін бөлінген үй-жайларында, сондай-ақ көлік ұйымдарының, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарының бөлінген үй-жайларында жүргізілуі мүмкін.

      32. Жеке тұлғаны жеке тексеру жүргізілетін үй-жайға алып бару кезінде аталған тұлға өзінде бар тауарларды, заттарды, құжаттарды лақтырып жібермеу не жойып жібермеу үшін бақылау қамтамасыз етілуі қажет.

      33. Кеден органының лауазымды адамы куәлардың қатысуымен жеке тексеру жүргізілетін үй-жайды алдын-ала тексеруі қажет. Қабырғалас үй-жайлардағы есіктер, терезелер, иллюминаторлар тығындалып жабылуы, шабуыл жасау қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін заттар алып тасталуы тиіс.

      34. Жеке тексеру жүргізілетін үй-жайға бөгде адамдардың енуі және жеке тексеру жүргізуді олардың қадағалау мүмкіндігі болмауы тиіс.

      35. Бір мезгілде бір үй-жайда бірнеше тұлғаны жеке тексеру жүргізуге тыйым салынады.

      36. Кеден органының жеке тексеру жүргізетін лауазымды адамының қарауында тексерілетін тұлғада бар киімді, аяқ киімді және басқа да заттарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін қажетті аспаптар, құрал-жабдықтар және тексеретін техникалық заттар болуы қажет.

      37. Жеке тексеру барысында:
      1) тексерілетін тұлғада бар барлық ұсақ заттар (таяқ, қолшатыр, портмоне, оттық, автоқалам, портсигар және басқалары) тексеріледі;
      2) тексерілетін тұлғадан біртіндеп шешілетін сыртқы киімі, аяқ киімі және бас киімі тексеріледі;
      3) тексерілетін тұлғаның барлық денесі денелік киімінің сыртынан жоғарыдан төменге қарай ұстап көріледі;
      4) тексерілетін тұлғадан жоғарыдан төменге қарай біртіндеп шешілетін денелік киім тексеріледі;
      5) тексерілетін тұлғаның денесі (шаштары, жұдырығы, аяқ-басы және басқалары) тексеріледі.

      38. Жеке тексеру барысында тексерілетін тұлғаның тәртібіне тұрақты қадағалау жүргізу, тексерілетін тұлғада бар киімнің, аяқ киімнің және заттардың жөнделу іздеріне, оның денесіндегі таңғыштар мен дәкеге ерекше көңіл аудара отырып жеке тексерудің аралық нәтижелерін ескеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін сол немесе өзге де заттарды жасырудың сипатты тәсілдерін ескеру қажет.

      39. Киімді және аяқ киімді тексеру кезінде ортопедиялық аяқ киімдерге, бас киімдерге, сондай-ақ киімнің тігістеріне, жамауларына, қайырмаларына, иықшаларына, астарына, аяқ киімнің белдігіне, қонышына, ұлтарағына, өкшесіне ерекше көңіл бөлу керек.

      40. Жеке тексеруге қатысатын адамдар тексерілетін тұлғаның мүлкіне ұқыпты және мұқият қараулары қажет.

      41. Тексерілетін тұлға тауарларды өз еркімен берген жағдайда, аталған тұлға тағы да қандай-да бір  тауарларды жасырады деген жеткілікті болжам негіздері болмаса, кеден органының лауазымды адамы оларды алып қоюмен шектелуге құқылы. Нақты шешім жеке тексеру хаттамасында көрсетілуі керек.

      42. Өз еркімен берілген немесе жеке тексеру кезінде табылған тауарларды көру үшін жеке тексеруге қатысатын тұлғаларға ұсынады және тексерілетін тұлғаның қолы жетпейтін жерлерге қойылады.

      43. Жеке тексеру аяқталғаннан кейін оны жүргізген кеден органының лауазымды адамы жеке тексеру жүргізілген үй-жайды мұқият тексеруге міндетті.
      Үй-жайда жеке тексеру басталғанға дейін болмаған заттар табылған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы олардың кімдікі екенін анықтау үшін шаралар қабылдауы тиіс.

      44. Жеке тексеруге қатысқан адамдарға тексерудің  нәтижелерін, жеке тексеру кезінде белгілі болған тексерілетін тұлғаның дене ерекшеліктерін жаюға тыйым салынады.

6. Жеке тексеруді құжатты ресімдеу

      45. Жеке тұлғаны жеке тексеру жүргізу үшін кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған жеке тексеруді жүргізуге арналған шешімнің (1-қосымша) болуы міндетті.

      46. Жеке тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамы белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) жеке тексеру хаттамасын жасайды.
      Хаттаманың көшірмесін тексерілетін тұлғаға не оның заңды өкіліне қолхат арқылы тапсырады.

      47. Жеке тексеру хаттамасына:
      1) жеке тексеру жүргізген кеден органының лауазымды адамы;
      2) куәлар;
      3) осы Ережеге сәйкес жеке тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдар;
      4) оған қатысты жеке тексеру жүргізілген жеке тұлға қол қояды.
      Оған қатысты жеке тексеру жүргізілген жеке тұлға жеке тексеру хаттамасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамада бұл туралы куәлардың қолы қойылып куәландырылған тиісті жазба жасалынады.

      48. Жеке тексеру хаттамасына:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектісі болып табылатын тексерілетін тұлға өз еркімен берген заттар;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектісі болып табылатын жеке тексеру барысында табылған және алынған заттар;
      3) жеке тексеру барысында орындалған фотографиялық суреттер мен негативтер, киноленталар, аудио және бейне жазбалар;
      4) тексерілетін тұлғаның, медицина қызметкерінің, маманның, куәлардың жеке парақтардағы түсініктері мен өтініштері;
      5) құжатты түрде тіркелген қадағалаудың, өлшеулер мен зерттеулердің нәтижелері қоса беріледі.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектісі болып табылмайтын өзге де заттар жеке тексеру аяқталғаннан кейін тексерілетін тұлғаға қайтарылып беріледі, бұл туралы хаттамада тиісті жазба жасалады.

      49. Тексерілетін тұлға өз еркімен берген, одан жеке тексеру барысында табылған және алынған заттар, бейне-, аудио-, фото-, кинопленкалар және басқа заттай дәлелдер жеке пакеттерге салынып оралады және сүргіленеді. Пакеттерде қажетті түсініктемелер болуы тиіс және куәлар мен жеке тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды адамының қолдарымен куәландырылған болуы қажет.

      50. Жеке тексеру хаттамалары "Жеке тексеру хаттамаларын тіркеу журналында" (3-қосымша) күнтізбелік жылдың басынан бастап ұлғаймалы тәртіппен міндетті түрде тіркеуге жатады.
      51. Қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғалған кезде жеке тексеру хаттамасының түпнұсқасы тиісті қылмыстық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істің материалдарына қоса беріледі. Кеден органында оның көшірмесі қалады.

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының      
2003 жылғы 12 мамырдағы
N 196 бұйрығымен    
бекітілген       
Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу
және оны ресімдеу тәртібінің
ережесіне         
1-қосымша         

Жеке тексеру жүргізу туралы
шешім

200 __ жылғы "____" ___________               _____________________
                                              хаттаманы жасау орны

___________________________________________________________________
    (кеден органының бастығы немесе оның орнын ауыстыратын адам,
____________________________________________________________________
                        аты-жөні)
____________________________ жедел ақпаратты қарап

                            БЕЛГІЛЕДІ:

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін/
кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзиттік
аймағындағы азамат/ша ________________, Қазақстан Республикасының
заңдарын бұзудың объектілері болып табылатын заттар/тауарлар, валюта
қаражаттары болуы мүмкін және бермейді.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Кеден
кодексінің 448-бабын басшылыққа ала отырып,

ШЕШТІ:

___________________________________________________________________
____________________________________________________________тұратын
азаматқа/шаға ___________________________ жеке тексеру жүргізілсін.

Бастық _________________________        __________________________
          (Тегі, аты-жөні)                           қолы

Маған шешім 200___ж.  "____" ____________жарияланды ______________
                                                          қолы

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының      
2003 жылғы 12 мамырдағы
N 196 бұйрығымен    
бекітілген       
Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу
және оны ресімдеу тәртібінің
ережесіне         
2-қосымша         

Жеке тексеру
хаттамасы

200 __ жылғы "____" ___________              ______________________
                                              хаттаманы жасау орны

Жеке тексеру _____сағ. _____ мин. басталды
Жеке тексеру _____сағ. _____ мин. аяқталды

____________________________________________________________________
(кеден органының атауы, жеке тексеруді жүргізген
____________________________________________________________________
және хаттаманы жасаған кеден органы лауазымды адамының
____________________________________________________________________
қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(кеден органының атауы, оның шешімі бойынша жеке тексеру
____________________________________________________________________
жүргізілген кеден органы лауазымды адамының
___________________________________________________ шешіміне сәйкес,
қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)

жеке тексеру жүргізу туралы шешім хабарланған, Қазақстан Республикасы
Кеден кодексінің 448-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілген________________________________________
                               (тексерілетін тұлғаның азаматтығы,
____________________________________________________________________
   тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, төлқұжат деректері)
____________________________________________________________________

_________________________________________ жеке тексеру жүргізді.

                                ____________________________________
                                     (тексерілетін тұлғаның қолы)

Қазақ немесе орыс тілін ____________________________ аудармашының
                         (меңгеремін, меңгермеймін)
қызмет көрсетуін ______________________________ және ______________
                     (қажет етемін (етпеймін))
тілінде көрсетпе беруді қалаймын.__________________________________
                                    (тексерілетін тұлғаның қолы)

      Жеке тексеру жеке тексеру басталардың алдында Қазақстан
Республикасы Кеден кодексінің 448-бабымен , Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 595 596 ,
598-баптарымен көзделген олардың құқықтары мен міндеттері
түсіндірілген, бұдан басқа куәларға олардың жеке тексеру фактісін,
мазмұнын және нәтижелерін куәландыру міндеттері түсіндірілген
куәлар:
1.__________________________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен-жайы,
____________________________________________________________________
             жеке басын куәландыратын құжаттың деректері)
2.__________________________________________________________________
__________________________________________________________ болуымен,
аудармашы _________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны немесе қызметінің тегі,
____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат туралы деректер)

мамандар:
1.__________________________________________________________________
     (тексеруге қатысқан маман-медициналық қызметкердің, маманның
____________________________________________________________________
           тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны мен лауазымы)
2.__________________________________________________________________
________________________________________________________  қатысуымен
____________________________________________________________________
(жеке тексеру жүргізілетін орын - әуежай, вокзал, т.б. үй-жайдың,
_____________________________________________ үй-жайында өткізілді.
купенің және т.б. нөмірі, жарықтандыру)

Куәлар:      1. ______________________      2._____________________
Маман:       1. ______________________      2._____________________

Аудармашы:  ______________________
Бұдан басқа, қатысушыларға жеке тексеруді жүргізу кезінде___________
____________________________________________________________________
(жеке тексеру кезінде пайдаланылатын техникалық құралдарды,
____________________________________________________________________
кино-фото суреттерді, аудио-бейне жазбаларды, өзге де техникалық
____________________________________________________________________
құралдарды, медициналық аспаптарды (параметрлері, атауы, түрі,
____________________________________________________________________
маркасы, моделі), оларды қолданудың шарттары мен тәртібі туралы
________________________________________________________ техникалық
                 мәліметтерді көрсету)
құралдары пайдаланылатындығы жарияланды.

Азамат(ша) ________________ кедендік бақылаудан жасырған заттарын
өз еркімен беру туралы ұсынысқа_____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________ мәлімдеді және өз
еркімен ___________________________________________________________
       (өз еркімен нақты қандай заттар берілгенін, олардың мөлшері
____________________________________________________________________
мен дербес белгілерін, тәсілін және жасырылған орнын көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________ көрсетті.
Азамат(ша) ________________ жеке тексеру нәтижесінде________________
____________________________________________________________________
(тексерудің хронологиялық дәйектілігінде қандай заттар табылғанын,
____________________________________________________________________
олардың мөлшері мен дербес белгілерін, тәсілін және жасырылған
____________________________________________________________________
орнын, не алдағы тексерудің жүргізілмегендігін  көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ табылды.
Жеке тексеру жүргізудің шегі:_______________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тексеру жүргізудің шегі, маманның, медицина қызметкерінің
____________________________________________________________________
қатысу дәрежесі мен нысаны)
Хаттамаға қоса: 1.__________________________________________________
(жеке тексеру жүргізу кезінде өз еркімен берілген немесе табылған ___________________________________________________________________
заттардың атауы, мөлшері және дербес белгілері; ұқсастырумен
____________________________________________________________________
                   қамтамасыз етудің тәсілдері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
     (жеке тексеру кезінде орындалған фотографиялық суреттер және
____________________________________________________________________
          негативтер, киноленталар, аудио- және бейне жазбалар,
____________________________________________________________________
     қадағалаулардың, өлшеулердің және зерттеулердің құжатты түрде
____________________________________________________________________                           тіркелген нәтижелері)
3.__________________________________________________________________
(жеке парақтардағы тексерілетін тұлғаның, медицина қызметкерінің,
____________________________________________________________________
маманның, куәлардың түсініктемелері мен өтініштері)
___________________________________________________________ берілді.
Тексерілетін тұлғаның тәртібі туралы белгі (қажет болған жағдайда).
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______ жеке тексерудің хаттамасы оқылды, _______ тіліне аударылды.
      Дұрыс жазылды, қатысушылардың атынан толықтырулар, өтініштер
және қолдаухаттар___________________________________________________
           (егер олар түскен жағдайда жеке тексеруге қатысушылардың ____________________________________________________________________
            өтініштерін және қолдаухаттарын көрсету)
____________________________________________________________________

Жеке тексеруді жүргіздім және хаттама жасадым:
______________                   _____________________________
(қолы)                               (лауазымы, тегі, аты-жөні)

Тексерілетін адам:   ___________        ________________________
                      (қолы)               (тегі, аты-жөні)
Куәлар:              ___________        ________________________
                       (қолы)              (тегі, аты-жөні)
                     ___________        ________________________
                       (қолы)              (тегі, аты-жөні)
Мамандар:            ___________        ________________________
                       (қолы)              (тегі, аты-жөні)
                     ___________        ________________________
                       (қолы)              (тегі, аты-жөні)
Аудармашы:           ___________        ________________________
                       (қолы)              (тегі, аты-жөні)

200 ___ ж. "____" ___________  хаттаманың көшірмесін алдым:
____________________________________               _______________
(тексерілетін адамның тегі, аты-жөні)                   (қолы)

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының      
2003 жылғы 12 мамырдағы
N 196 бұйрығымен    
бекітілген       
Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу
және оны ресімдеу тәртібінің
ережесіне         
3-қосымша         

________________________________
(кеден органының атауы)
жеке тексеру хаттамаларын тіркеу
журналы

____________________________________________________________________
р/с   Жеке     Тексері. Жеке тексеру   Жеке тек.  Жеке тек.  Жеке
NN  тексеруді   летін   жүргізу туралы серуді кім серу нәти. тексеру
    жүргізу   тұлғаның  шешімді кім    жүргізді   желері     нәтиже.
      күні    аты-жөні, қабылдады                            лері
             анықталған                                      бойынша
              деректері                                      шешім
____________________________________________________________________
1      2          3          4            5          6         7
____________________________________________________________________