"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жасасудың және әкелінетін, әкетілетін азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы туралы ақпарат алмасу туралы" нұсқаулықты бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 131, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 97, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 наурыздағы N 98 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2258

Қолданыстағы

      Азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын әкелу және әкету тәртібін бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің және Кедендік бақылау агенттігінің өзара тиімді іс-қимыл жасасуы мақсатында бұйырамыз:
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жасасудың және әкелінетін, әкетілетін азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы туралы ақпарат алмасу туралы" нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы (Ғ.А.Алпысбаев), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Жиынтық талдау департаменті экспортты бақылау басқармасының бастығы (Е.И.Жақатаев), Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаментінің бастығы (А.Б.Малғаждаров):
      1) осы бұйрықтың талаптарын төмен тұрған бөлімшелерге жеткізсін және оның орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) импортқа (экспортқа) берілген лицензиялар, әкелуге (әкетуге) берілген рұқсаттар және нақты әкелінген (әкетілген) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі арасында ақпарат алмасуды ай сайын жүргізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Б.Ж.Аймақовқа, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.К.Ержановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер  
министрінің, Индустрия және сауда  
министрінің, Кедендік бақылау    
агенттігі төрағасының        
2003 жылғы 11 наурыздағы N 131    
2003 жылғы 31 наурыздағы N 97     
2003 жылғы 17 наурыздағы N 98     
бірлескен бұйрығымен бекітілген    

  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі,
Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау
агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жасасудың және
әкелінетін, әкетілетін азаматтық, қызметтік қару мен
оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар,
түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы
туралы ақпарат алмасу туралы
Нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" және "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және барлық меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын әкелу, әкету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жасасудың және ақпарат алмасудың тәртібі реттейді. Қараңыз.K100296

  2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық,
қызметтік қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні,
жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде
көбейту-көшіру техникасын әкелуі (әкетуі) кезіндегі
кедендік ресімдеу және бақылау

      2. Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігіне:
      1) қол қоюға құқығы бар уәкілетті адамдардың қолы қойылған және мөр басылған рұқсаттар үлгілерін;
      2) қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын әкелуге (әкетуге) берілген рұқсаттардың реестрін (1-қосымша) ай сайын есеп бергеннен кейінгі 5-і күнінен кешіктірмей жібереді.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Қазақстан Республикасының кеден органдарына кедендік ресімдеу мен бақылау жүргізу үшін қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын әкелуге (әкетуге) берілген рұқсаттардың реестрін жібереді.

      4. Рұқсаттарда көрсетілген әкелінетін (әкетілетін) қару Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бір-бірлеп тексеріледі. Деректер берілген рұқсаттар мен лицензиялар реестрімен салыстырылады және әкелінген (әкетілген) қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәрілерін, жарылғыш, улы заттарын, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын есепке алу журналына енгізіледі (2-қосымша): оқталған патрондар саны бойынша, аңшылық оқ-дәрі салмағы бойынша есептеледі.

      5. Кедендік ресімдеуге тиісті қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу (әкету) кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне сәйкес, кедендік қоса еріп жүру арқылы ішкі кедендік транзит рәсімі қолданылады.

      6. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаруы мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын кедендік ресімдеу мен бақылау Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  3. Қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш,
улы заттарды, түрлі-түсті бейнеде көбейту-көшіру техникасын
әкелу (әкету) тәртібін бақылау мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Индустрия және сауда
министрлігінің және Кедендік бақылау агенттігінің
арасындағы ақпарат алмасу тәртібі

      7. Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармалары, облыстардағы Ішкі істер бас басқармалары мен басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы полиция басқармасы ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 30-ы күнінен кешіктірмей, есеп беру нысанына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне Қазақстан Республикасының азаматтарына аңшылық және газды атыс қару мен оның патрондарының жекелеген даналарын әкелуге; шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына аңшылық және газды қару мен оның патрондарының жекелеген даналарын әкетуге (3-қосымша); халықаралық спорттық жарыстар өткізуге арналған атыс қаруы мен оның патрондарын шетелге әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге берілген рұқсаттар (4-қосымша) туралы мәліметтер жібереді.

      8. Қазақстан Республикасының Кеден органдары ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 30-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігіне есеп беру нысанына сәйкес нақты әкелінген (әкетілген) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы туралы мәліметтер (5-қосымша) жібереді.

      9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаменті, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Жиынтық талдау департаменті, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті ай сайын, әкелуге (әкетуге) берілген рұқсаттар, импорттауға (экспорттауға) берілген лицензиялар, нақты әкелінген (әкетілген) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы туралы мәліметтерді қорытындылайды және ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей, есеп беру нысаны бойынша (5-қосымша) өзара ақпарат алмасуды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер  
министрлігі, Индустрия және сауда   
министрлігі, Кедендік бақылау     
агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл   
жасасудың және әкелінетін, әкетілетін  
азаматтық, қызметтік қару мен оның    
патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, 
улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде   
көбейту-көшіру техникасы туралы    
ақпарат алмасу туралы нұсқаулыққа   
1 қосымша               

Қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш,
улы заттарды, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру
техникасын әкелуге (әкетуге) берілген рұқсаттар
РЕЕСТРІ

------------------------------------------------------------------
N !Рұқсаттың !Рұқсаттың !Тауардың!Квота!Кедендік !Жеткізі.!Ескерту
р/с!нөмірі    !жарамдылық!атауы   !     !шекараны !летін   !
   !және оны  !мерзімі   !        !     !кесіп өту!пункт   ! 
   !берген күн!          !        !     !пункті   !        !
------------------------------------------------------------------
1 !     2    !     3    !    4   !  5  !    6    !    7   !   8
------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының Ішкі істер  
министрлігі, Индустрия және сауда   
министрлігі, Кедендік бақылау     
агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл   
жасасудың және әкелінетін, әкетілетін  
азаматтық, қызметтік қару мен оның    
патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, 
улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде   
көбейту-көшіру техникасы туралы    
ақпарат алмасу туралы нұсқаулыққа   
2 қосымша               

Әкелінген (әкетілген) қару мен оның патрондарын,
аңшылық оқ-дәріні, жарылғыш, улы заттарды, түрлі-түсті
бейнелеуде көбейту-көшіру техникасын есепке алу
журналы

------------------------------------------------------------------
N !Қару мен оның      !Қарудың  !Жарылғыш заттардың, !   Улы 
р/р!патрондарын,       !түрі,    !аңшылық оқ-дәрінің  ! заттардың
   !жарылғыш, улы      !маркасы  !атауы мен саны      !атауы мен
   !заттарды, түрлі    !(моделі),!                    !  саны
   !-түсті бейнелеуде  !калибрі, !                    !
   !көбейту-көшіру     !нөмірі   !--------------------!
   !техникасын кім     !және     ! (кг) ! (дана) ! (м)!
   !әкеледі (әкетеді)  !оның     !                    !
   !(ұйымның атауы,    !патрон.  !                    !
   !оның мекен-жайы,   !дарының  !                    !
   !қару мен оның      !саны     !                    !
   !патрондарын        !         !                    !
   !әкелетін (әкететін)!         !                    !
   !адамның тегі, аты, !         !                    !
   !әкесінің аты)      !         !                    !
------------------------------------------------------------------
1 !          2        !    3    !   4  !   5   !  6  !     7
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:

------------------------------------------------------------------
N ! Түрлі-түсті     !Импорттауға (экспорттауға)!Кедендік !Ескерту
р/р! бейнеде көбейту-!лицензиямен бірге әкелуге !тексеру  !
   ! көшіру техника. !(әкетуге) берілген        !жүргізген!
   ! сының атауы мен !рұқсаттың нөмірі, кім     !адамның  !
   ! саны            !және қашан берді          !тегі, аты!
   !                 !                          !-жөні,   !
   !                 !                          !лауазымы !
   !                 !                          !және қолы!
------------------------------------------------------------------
1 !         8       !             9            !    10   !   11
------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының Ішкі істер  
министрлігі, Индустрия және сауда   
министрлігі, Кедендік бақылау     
агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл   
жасасудың және әкелінетін, әкетілетін  
азаматтық, қызметтік қару мен оның    
патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, 
улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде   
көбейту-көшіру техникасы туралы    
ақпарат алмасу туралы нұсқаулыққа   
3 қосымша               

    Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының 
     Ішкі істер министрлігі            Ішкі істер министрлігі
________________________________   ______________________________
  (ішкі істер органының атауы)      (ішкі істер органының атауы)

     N___ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ                 N___ РҰҚСАТ

________________________________   ______________________________
       (келген елі мен                   (келген елі мен

________________________ тұратын   _______________________ тұратын
    қаласын көрсетсін)                қаласын көрсетсін)

азамат_________________________    азамат_________________________
      (азамат(ша)ның тегі, аты,          (азамат(ша)ның тегі, аты, _______________________________    _______________________________
          әкесінің аты)                     әкесінің аты)

_______________________________    _______________________________
    (құралдардың саны мен               (құралдардың саны мен

_______________________________    _______________________________
  атауын санмен және жазумен          атауын санмен және жазумен
          көрсетсін)                          көрсетсін)

__________________________ әкелу   __________________________ әкелу
(әкету) құқығына берілді.          (әкету) құқығына берілді.

Қандай елден әкетіледі ________    Қандай елден әкетіледі ________
_______________________________    _______________________________

Қандай елге әкелінеді _________    Қандай елге әкелінеді _________
_______________________________    _______________________________
____________ кеден пункті арқылы   ___________ кеден пункті арқылы

20__ ж. "__" ______ дейін жарамды  20__ ж. "__"_____  дейін жарамды

Бастық __________________________  Бастық _________________________
                 (қолы)                           (қолы)

      М.О.                                М.О.

20___ ж. "____" _________________  20___ ж. "____" _______________

Қазақстан Республикасының Ішкі істер  
министрлігі, Индустрия және сауда   
министрлігі, Кедендік бақылау     
агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл   
жасасудың және әкелінетін, әкетілетін  
азаматтық, қызметтік қару мен оның    
патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, 
улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде   
көбейту-көшіру техникасы туралы    
ақпарат алмасу туралы нұсқаулыққа   
4 қосымша               

    Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының 
     Ішкі істер министрлігі            Ішкі істер министрлігі
________________________________   ______________________________
  (ішкі істер органының атауы)      (ішкі істер органының атауы)

     N___ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ                 N___ РҰҚСАТ

________________________________   _______________________________
       (ұйымның атауы)                    (ұйымның атауы)

________________________________   _______________________________
   (керектісінің астын сыз)          (керектісінің астын сыз)

________________________________   _______________________________
  (құралдардың санын санмен           (құралдардың санын санмен
   және жазумен көрсетсін)             және жазумен көрсетсін)

________________________________   _______________________________
   (жүк әкетілетін елді көрсет)     (жүк әкетілетін елді көрсет)

________________________________   _______________________________
   (жүк әкелінетін елді көрсет)     (жүк әкелінетін елді көрсет)

________________________________   ________________________________

_____________ кеден пункті арқылы  ____________ кеден пункті арқылы
әкелу (әкету) құқығына берілді.    әкелу (әкету) құқығына берілді. 

Әкелуге (әкетуге жауапты) ______   Әкелуге (әкетуге жауапты) ______
________________________________   ________________________________
           (Т.А.Ә.)                              (Т.А.Ә.)

________________________________   ________________________________
куәлігінің немесе паспортының       куәлігінің немесе паспортының
     сериясы мен нөмірі)                  сериясы мен нөмірі)

Рұқсат беру 20__ж. "___" ______    Рұқсат беру 20__ж. "_____"_____
дейін жарамды                      дейін жарамды

М.О.  Бастық __________________    М.О.  Бастық __________________
                  (қолы)                                (қолы)

Қазақстан Республикасының Ішкі істер  
министрлігі, Индустрия және сауда   
министрлігі, Кедендік бақылау     
агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл   
жасасудың және әкелінетін, әкетілетін  
азаматтық, қызметтік қару мен оның    
патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, 
улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде   
көбейту-көшіру техникасы туралы    
ақпарат алмасу туралы нұсқаулыққа   
5 қосымша               

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар
туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
есебі

------------------------------------------------------------------
Тауарды әкелуді!Әкелуге берілген !Әкелуге берілген  !Әкелінетін
жүзеге асырушы !рұқсаттың нөмірі !рұқсаттың         !тауардың
заңды түлғаның !мен датасы       !жарамдылық        !атауы
атауы немесе   !                 !мерзімі           !
жеке тұлғаның  !                 !                  !
Т.А.Ә.         !                 !                  !
------------------------------------------------------------------
       1       !         2       !         3        !       4
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:

--------------------------------------------------------
Әкелуге берілген рұқсатта ! Әкелуге берілген рұқсаттың!
көрсетілген тауардың саны  ! жарамдылық мерзімін ұзарту!
---------------------------!                           !
  (кг.)   ! (дана)  ! (м.) !                           !
---------------------------!                           !
    5     !    6    !  7   !             8             !
-------------------------------------------------------!

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген тауарлар
туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
есебі

------------------------------------------------------------------
Тауарды әкетуді!Әкетуге берілген !Әкетуге берілген  !Әкетілетін
жүзеге асырушы !рұқсаттың нөмірі !рұқсаттың         !тауардың
заңды түлғаның !мен датасы       !жарамдылық        !атауы
атауы немесе   !                 !мерзімі           !
жеке тұлғаның  !                 !                  !
Т.А.Ә.         !                 !                  !
------------------------------------------------------------------
       1       !         2       !         3        !       4
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:

--------------------------------------------------------
Әкетуге берілген рұқсатта ! Әкетуге берілген рұқсаттың!
көрсетілген тауардың саны  ! жарамдылық мерзімін ұзарту!
---------------------------!                           !
  (кг.)   ! (дана)  ! (м.) !                           !
---------------------------!                           !
    5     !    6    !  7   !             8             !
-------------------------------------------------------!

Қазақстан Республикасына импортталған тауарлар туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің есебі

------------------------------------------------------------------
Лицензияның!Лицензияның!Лицензиат!Сатушы!Сатып алушы!СЭҚ ТН коды
нөмірі мен !жарамдылық !         !      !(қабылдап  !
берілген   !мерзімі    !         !      !алушы)     !
датасы     !           !         !      !           !
------------------------------------------------------------------
     1     !     2     !    3    !   4  !     5     !     6
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:

------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! Өлшем бірлігі !  Саны   ! Лицензияның жарамдылық
               !               !         !    мерзімін ұзарту
------------------------------------------------------------------
       7       !       8       !     9   !           10
------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасына импортталған тауарлар туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің есебі

------------------------------------------------------------------
Лицензияның!Лицензияның!Лицензиат!Сатып ! Жеткізуші !СЭҚ ТН коды
нөмірі мен !жарамдылық !         !алушы !           !
берілген   !мерзімі    !         !      !           !
датасы     !           !         !      !           !
------------------------------------------------------------------
     1     !     2     !    3    !   4  !     5     !     6
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:

------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! Өлшем бірлігі !  Саны   ! Лицензияның жарамдылық
               !               !         !    мерзімін ұзарту
------------------------------------------------------------------
       7       !       8       !     9   !           10
------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар
туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау
агенттігінің есебі

------------------------------------------------------------------
N ! Жіберуші !Тауарды әкелуді!Алушы!Тауардың!Импорттауға!Әкелуге
р/р!          !жүзеге асырушы !     ! атауы  !берілген   !берілген
   !          !заңды тұлғаның !     !        !лицензияның!рұқсаттың
   !          !атауы немесе   !     !        !датасы және!нөмірі,
   !          !жеке тұлғаның  !     !        !жарамдылық !датасы
   !          !Т.А.Ә.         !     !        !мерзімі    !және жа.
   !          !               !     !        !           !рамдылық
   !          !               !     !        !           !мерзімі
------------------------------------------------------------------
1 !     2    !       3       !  4  !    5   !     6     !    7
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:

------------------------------------------------------------------
N ! Әкелуге рұқсат етілген !   Нақты әкелінген   ! Квота !Ескерту
р/р!    тауардың саны       !    тауардың саны    !       !
   !------------------------!---------------------!       !
   ! (кг.) ! (дана) !  (м.) ! (кг.) !(дана) ! (м.)!       !
------------------------------------------------------------------
1 !   8   !    9   !   10  !   11  !   12  !  13 !   14  !  15
------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының аумағына әкетілген тауарлар
туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау
агенттігінің есебі

------------------------------------------------------------------
N ! Жіберуші!Тауарды әкетуді!Алушы!Тауардың!Экспорттауға!Әкетуге
р/р!         !жүзеге асырушы !     ! атауы  !берілген    !берілген
   !         !заңды тұлғаның !     !        !лицензияның !рұқсаттың
   !         !атауы немесе   !     !        !датасы және !нөмірі,
   !         !жеке тұлғаның  !     !        !жарамдылық  !датасы
   !         !Т.А.Ә.         !     !        !мерзімі     !және жа.
   !         !               !     !        !            !рамдылық
   !         !               !     !        !            !мерзімі
------------------------------------------------------------------
1 !    2    !       3       !  4  !    5   !      6     !    7
------------------------------------------------------------------
  таблицаның жалғасы:

------------------------------------------------------------------
N ! Әкетуге рұқсат етілген !   Нақты әкетілген   ! Квота !Ескерту