Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2217.

Жаңартылған

     "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі  Заңы  4-бабының 3 тармағы және  13-бабының  1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесі бекітілсін.
     Ескерту: Бұйрықтың тақырыбына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .
     2. "Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырудың және жүргізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1998 жылғы 16 қарашада N 645 тіркелген; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 12 ақпандағы N 20-НҚ  бұйрығымен ; Қазақстан Республикасы  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 186-НҚ  бұйрығымен  өзгертулер енгізілді).
     3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
     1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
     5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Төраға

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды    
реттеу және бәсекелестікті 
қорғау жөніндегі агенттігі 
төрағасының        
2003 жылғы 26 ақпандағы  
N 57-ОД бұйрығымен     
бекітілген         

  Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесі

     Ескерту: Тақырыпта және одан әрі мәтінде "субъектілерін", "субъектілерінің" деген сөздердің алдындағы "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

1. Жалпы ереже

     1. Осы Ереже " Табиғи монополиялар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектілерін енгізу және шығару тәртібін белгілейді.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     2. Осы Ереженің мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
     табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - Тіркелім) - бұл республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;
     табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыс орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
     табиғи монополия - қызметтердің осы түрін (тауарлардың, жұмыстардың) өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі;
     табиғи монополия саласы - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында пайда болатын қоғамдық қатынастар саласы;
     уәкілетті орган - белгіленген құзыреті шегінде табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;
     аумақтық органдар - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ   бұйрығымен .

     3. Тіркелімді уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді. 
     4. <*>
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді, алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ   бұйрығымен 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     5. Осы Ереже табиғи монополия саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын, бірақ объектілерді тек өзінің мұқтаждығы үшін салу мен пайдалануға байланысты қызметтермен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

  2. Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

     6. Табиғи монополиялар саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы қызметті жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап 15 күн ішінде Табиғи монополия субъектісінің тіркеліміне енгізу туралы уәкілетті органға өтініш тапсыруға міндетті.

     7. Табиғи монополия субъектісі осы Ереженің 6 тармағын орындамаған жағдайда уәкілетті орган жауапкершілікке тарту және оны Тіркелімге енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте уәкiлеттi орган осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар тiзбесiнен қажеттi құжаттарды сұратады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ   бұйрығымен .

     8. Тіркелімнің республикалық бөлімін табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган қалыптастырады және жүргізеді.
     Табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган аумақтық бөлімшелерге табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін мемлекеттік бақылау мен реттеуді жүзеге асыру функцияларын бере алады. Аумақтық бөлімшелер Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізу және шығару жөнінде ақпаратты есептіден кейінгі 25 күніне ай сайын ұсынады.
     Тіркелімнің республикалық бөлімі екі немесе одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ кірісі жылына үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табиғи монополиялар субъектілерін не табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) соңғы тұтынушылардың кем дегенде жиырма бес проценті облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) тыс жерде орналасса, табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     9. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті органдары қалыптастырады және жүргізеді және екі немесе одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ кірісі жылына үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табиғи монополиялар субъектілерін не табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) соңғы тұтынушылардың кем дегенде жиырма бес проценті облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) тыс жерде орналасса, табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     10. Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізу және шығару орталық мемлекеттік органмен табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы қорытынды негізінде жүргізіледі.
     Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және шығаруды табиғи монополия субъектісіне қатысты қызметтер рыногының жай-күйі туралы қорытынды негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүргізеді.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     11. Тіркелімге енгізу үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) кәсіпорынның бірінші басшысының Тіркелімге енгізу туралы жазбаша өтініші;
     2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәлігінің немесе заңды тұлға құрмай-ақ (жеке кәсіпкердің) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     3) салық төлеуші ретінде тіркелген куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     4) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     5) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     6) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     7) тауарларды, жұмыстарды өндіруіне және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің жағдайында қызметтерді көрсетуіне қажетті инженерлік желілер мен ғимараттардың табиғи монополия субъектісінің балансына қабылдағанын не оларды жалдағанын растайтын құжаттардың, сондай-ақ толық карта-сызбаның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     8) тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) тұтынушыларға қызметтерді көрсетудің жоспарлы көлемінің есебі туралы;
     9) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты басқа қызметті жүзеге асыруы туралы;
     10) кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;
     11) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша табыстар мен шығыстарды таратып жаза отырып, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ   бұйрығымен .

     12. Осы Ереженің 11-тармағының 2)-7)-тармақтарындағы көрсетілген құжаттар қандай да болмасын өзгерген немесе толықтырылған жағдайда табиғи монополия субъектісі бұл құжаттарын нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

     13. Тіркелімнен шығару үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға кәсіпорынның бірінші басшысының Тіркелімнен шығару туралы жазбаша өтінішін және табиғи монополия саласына қатысты қызметтерді (жұмыстарды) жүзеге асыруды тоқтатқандығын, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтатқандығын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     14. Тіркелімге өзгертулер мыналардың негізінде жүргізіледі:
     1) Тіркелімге (Тіркелімнен) табиғи монополия субъектісін енгізу (шығару);
     2) табиғи монополиялар салаларына қатысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзгеруі;
     3) табиғи монополия субъектісінің атауы, қатысушылар құрамы, орналасқан жерінің, жарғы капиталының көлемі, ОКПО кодының өзгеруі;
     4) табиғи монополияның белгілі бір саласына қатысты рыноктың жай-күйі мен қызмет түрлерінің өзгеруіне.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

     15. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығы түрінде ресімделеді.

     16. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдағаннан кейін он күндік мерзімде осы табиғи монополия субъектісіне хабарлауға міндетті.

  3. Табиғи монополия субъектісінің қаржылық
есепті және басқа қажетті ақпаратты ұсынуы

       Ескерту: 3-тарау (15-18-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ   бұйрығымен .

 

  4. Тіркелімге енгізуге шағымдану тәртібі

     19. Тіркелімге енгізу және (немесе) шығару туралы мәселелер жөніндегі уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ   бұйрығымен .

  5. Осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік

     20. Осы Ережені бұзған табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.