Агенттіктің 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-ОД бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау  және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 12 ақпандағы N 20-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1422. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-ОД бұйрығымен.

      Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы студенттерiнiң ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында аталған оқу орнына бөлiнген қаражат пен штат санының шегінде әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі