Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 440 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы N 31 қаңтардағы N 25 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2191.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 440 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 10-15 ақпанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы N 89, 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 135, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411 , 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470 , 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 , 1999 жылғы 7 қазандағы N 316 , 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 338 , 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77 , 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 , 2002 жылғы 10 қазандағы N 407  қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің 8-тармағы 11) тармақшасының нормасы Ұлттық Банк Басқармасының Іс-шаралар жоспарын қайта бекітуін талап етпейді.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы