Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда N 440 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы  N 305 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Құбырлы көлiкпен мұнай экспорттауды реттеу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 1182 қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     2-тармақтың үшiншi абзацы "квоталарды аукциондық сатуды
ұйымдастыру жөнiнде" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң тиiстi контрактiлiк мiндеттемелерi мен үкiметаралық
келiсiмдер жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға арналған квоталардан
басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi