Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Б

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 желтоқсан N 567. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 8 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1749. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ережeci туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1749 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтарда - 10 ақпанда жарияланған)...

___________________________________       

            Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292  V960440_  қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32  V011410_  қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан 

 

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 

шараларын қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарына және екінші 

деңгейдегі банктерге жіберсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 

Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

 

     Ұлттық Банк Төрағасы  

     

     

                              Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

                              Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң

                              халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы"

                              ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы"

                              1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына

                              және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

                              Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң

                              халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi

                              жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32

                              қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

                              туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық

                              Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20            

                              желтоқсандағы N 567 қаулысымен бекiтiлдi

 

 

        Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi

     деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы"

          ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12

     желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық

        Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық

       стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы

                     N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар

 

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi 

деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң тәртiбi туралы" 

ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 

292 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi 

туралы" ереженi бекiту туралы;

     Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi 

туралы ережеде:

     1-тармақтың:

     үшiншi-жетiншi азатжолдарындағы "-" белгiсi алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы сегiзiншi азатжолмен толықтырылсын:

     "тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу";

     2-тармақтағы "мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында 

құрылған" деген сөздер алынып тасталсын;

     3-тармақтың үшiншi және төртiншi азатжолдарындағы "-" белгiсi алынып 

тасталсын;

 
      4-тармақтың төртiншi азатжолындағы "8.1-8.10 тармақшалары" деген сөздер "1)-11) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармақтағы: 
      8. 1-8.10 тармақшалардың номерлерi 1)-10) номерлерiмен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: 
      "11) Тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу 
      Банктiң банк операцияларын жүргiзуге байланысты тәуекелдердi бағалау, өлшеу, бақылау және мониторингі бойынша рәсiмдерi болуы тиiс. 
      Осы рәсiмдер Ұлттық Банктiң ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық тәжiрибеде қабылданған тәуекелдердi басқару жүйесiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.". 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысының: 
      2-тармақтағы және одан әрi барлық мәтiн бойынша "8.1-8.10 тармақшаларындағы" деген сөздер "1)-10) тармақшаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Ереженiң 8-тармағының 1)-10) тармақшаларының талаптарын (шарттарын) орындаған банктер 2002 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң осы қаулының 2-тармағында көзделген аудиттiң және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2001 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi."; 
      мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын: 
      "4-1. Барлық банктер 2003 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Ұлттық Банкке тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң осы қаулының 2-тармағында көзделген және банктiң Ереженiң 8-тармағының 11) тармақшасындағы талаптарды орындауына баға берiлген (расталған), аудиттiң және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2002 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi."; 

 

     5-тармақтағы:

     бiрiншi азатжолдың "және 4" деген сөздер ", 4 және 4-1" деген 

сөздермен ауыстырылсын;

     алтыншы азатжол мынадай сөздермен толықтырылсын ", немесе осы 

қаулының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай 

бойынша Ереженiң 8-тармағының 11) тармақшасының талаптары, 2003 жылдың 1 

мамырына дейiнгi мерзiмде,";

     сегiзiншi азатжолдың "және 4" деген сөздер ", 4 және 4-1" деген 

сөздермен ауыстырылсын.

     

     

     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.