Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту жөнінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 мамырда N 750 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы  N 305 қаулысымен.

      Республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859 P971859_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат; 1998 ж., N 10, 78-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Арнаулы қазынашылық міндеттемелерінің номиналдық құнына, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ауқымды сертификатта келтірілген сыйақы (мүдде) есептеледі";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Есептелген сыйақыны (мүддені) төлеу 2000 жылдың 25 маусымынан бастап тиісті күнге әрбір алты айдан кейін, осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген сыйақы (мүдде) есептелген күннен бастап, арнаулы қазынашылық міндеттемелердің айналым мерзімі шегінде жүргізіледі. Есептелген сыйақыны (мүддені) төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келген жағдайда, сыйақы (мүдде) есеп айырысу күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні төленеді";
      Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа

енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережеге қосымшаның үшінші бөлімінің 
сегізінші абзацы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы 
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың ауқымды сертификаты) мынадай 
редакцияда жазылсын:
     "Сыйақыны (мүддені) есептеу күндері, 25.06.00, 25.12.00, 25.06.01, 25.
12.01, 25.06.02, 25.12.02, 25.06.03, 25.12.03, 25.06.04, 25.12.04, 
25.06.05, 25.12.05, 25.06.06, 25.12.06, 25.06.07, 25.12.07".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Нарбаев Е.