Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының қаулысы 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2138.

Жаңартылған

      Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.
      5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының     
"Кредиттік серіктестіктердің    
және ипотекалық компаниялардың  
қаржылық есеп пен қаржылық есепке 
қосымша мәліметтер беру тізбесі, 
нысандары мен мерзімдері туралы  
нұсқаулықты бекіту туралы"    
2002 жылғы 23 желтоқсандағы    
N 508 қаулысына          
қосымша              

  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 909 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 436  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1046 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір-7 мамырда жарияланған);

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1093 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған);

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 387  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1331 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының     
"Кредиттік серіктестіктердің    
және ипотекалық компаниялардың  
қаржылық есеп пен қаржылық есепке 
қосымша мәліметтер беру тізбесі, 
нысандары мен мерзімдері туралы  
нұсқаулықты бекіту туралы"    
2002 жылғы 23 желтоқсандағы    
N 508 қаулысымен бекітілген    

  Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен есепке қосымша мәліметтер беру
тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулық

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленген және кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті органға) қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен

      2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың уәкілетті органға беретін қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне бірыңғай талаптар белгілеу болып табылады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      3. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында белгіленген талаптарға және осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалады.

      4. <*>
       Ескерту: 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

  2-тарау. Есеп беру

      5. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебіне:
      1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
      2) кірістер мен шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
      3) ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс) - N 3 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы) кіреді;
      4) меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп - N 4 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-1-қосымшасы);
      5) есепке түсіндірме жазба.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      6. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне мыналар жатады:
      1) кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалды нормативтерді есептеу үшін қосымша деректер (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы);
      2) берілген заемдар мен қаржы лизингі туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы);
      3)  алынып тасталды ;
      4) ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасы) - тек қана ипотекалық компаниялар береді;
      5) кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың балансы;
      6) есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      7. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар уәкілетті органға мынадай кезеңділікпен қаржылық есепті және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есеп) ұсынады:
      ай сайын, есепті айдан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың балансы, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сай кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша деректер;
      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есеп, 5-қосымшаға сәйкес ұсынылған заемдар және қаржы лизингі туралы есеп және осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп;
      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есеп, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс), осы Нұсқаулықтың 3-1 қосымшасына сәйкес меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп, қаржылық есепке қосымша мәліметтер, есепке түсіндірме жазба, есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп.
       Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 229   қаулысымен .
       Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      8. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар уәкілетті органға есепті электрондық тасымалдауышпен және қағаз түрінде береді.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      9. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.

      10. Қағаз түріндегі есеп үш данада жасалып, есептің екі данасы уәкілетті органына беріледі, үшінші данасы кредиттік серіктестікте немесе ипотекалық компанияда қалады. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның мөрімен расталады.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      11. <*>
      Ескерту: 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      12. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.

      13. Есеп жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғарғы сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      14. Түзетілген және өшірілген қағаз түріндегі есепті уәкілетті орган қабылдамайды және кері қайтарады.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      15. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп берген күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіріп, уәкілетті органына жазбаша өтініш хат жібереді.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      16. <*>
      Ескерту: 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      17. Уәкілетті органы кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның ұсынған есебінде дәлсіздіктер немесе қателер анықтаған жағдайда, оны пысықтау үшін қайтаруға құқылы.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      18. <*>
      Ескерту: 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      19. Уәкілетті орган өзінің өкілеттігі шегінде және өздерінің бақылау және қадағалау функциясын атқару мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растайтын құжаттар талап етуге құқылы.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

      20. Кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп бермегені немесе осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Кредиттік серіктестіктердің  
және ипотекалық       
компаниялардың қаржылық есеп  
пен қаржылық есепке қосымша   
мәліметтер беру тізбесі,    
нысандары мен мерзімдері    
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша   
N 1 нысан           

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

200___ жылғы жағдай бойынша
бухгалтерлік баланс
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                      мың теңгемен

___________________________________________________________________
             Активтер                    |Ескерту|200_    |есепті
                                         |       |жылғы   |кезеңнің
                                         |       |31      |соңында
                                         |       |жел.    |
                                         |       |тоқсанда|
___________________________________________________________________
                 1                           2       3       4
___________________________________________________________________
Қолма-қол валюта                            1
Қазақстан Республикасының Ұлттық            2
Банкіндегі салымдар мен корреспонденттік
шоттар
Саудаға арналған бағалы қағаздар (ықтимал
шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 3
Банктердегі және банк операцияларының       4
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттiк
шоттар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)
Заемдар және қаржылық жалдау (ықтимал
шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 5
Клиенттерге қойылатын басқа талаптар
(ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                     6
Басқа бағалы қағаздар (ықтимал
шығындарға арналған резервтерді
шегергенде)                                 7
Капиталға инвестициялар және реттелген
борыш                                       8
Материалдық емес активтер (амортизацияны
шегергенде)                                 9
Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны
шегергенде)                                 10
Басқа активтер (ықтимал шығындарға
арналған резервтерді шегергенде)            11
Активтердің жиынтығы                        12
___________________________________________________________________
         Міндеттемелер
___________________________________________________________________
Банктердiң және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың салымдары                        13
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары       14
мен ағымдағы шоттары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің алдындағы 15
берешек
Банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың алдындағы берешек                16
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар         17
Басқа тартылған қаражат                     18
Реттелген борыш                             19
Салық міндеттемелері                        20
Басқа міндеттемелер                         21
Міндеттемелердің жиынтығы                   22
Азшылық үлесі                               23
Азшылық үлесін ескере отырып
міндеттемелердің жиынтығы                   24
___________________________________________________________________
          Меншік капитал
___________________________________________________________________
Жарғылық капитал, оның ішінде:              25
жай акциялар                                26
артықшылықты акциялар                       27
Сыйлықақылар  (Қосымша төленген капитал)    28
Алынған капитал                             29
Резервтік капитал                           30
Басқа резервтер                             31
Таза пайда (шығын):                         32
Алдыңғы жылдардың таза пайдасы (шығыны)     33
Есепті кезеңнің таза пайдасы (шығыны)       34
Капиталдың жиынтығы:                        35
Меншік капитал мен міндеттемелердің
жиынтығы:                                   36
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны

Кредиттік серіктестіктердің және    
ипотекалық компаниялардың қаржылық   
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері 
туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша      
N 2 нысан              

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .                

200___ жылғы жағдай бойынша
кірістер мен шығыстар туралы есеп
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                   мың теңгемен

___________________________________________________________________
Баптардың атауы           |Ескерту|Есепті |Ағымдағы|Алдыңғы|Алдыңғы
                          |       |кезеңге| жылдың |жылдың |жылдың
                          |       |       |басынан |ұқсас  |басынан
                          |       |       |кезеңге |есепті |ұқсас
                          |       |       |(өспелі |кезеңі.|кезеңге
                          |       |       |жиынтық.|не     |(өспелі
                          |       |       |пен)    |       |жиынтық.
                          |       |       |        |       |пен)
___________________________________________________________________
           1                 2       3      4         5      6
___________________________________________________________________
Сыйақы алуға байланысты
кірістер, оның ішінде:      1
корреспонденттік шоттар
және орналастырылған
салымдар бойынша            2
берілген заемдар және
қаржылық жалдау бойынша     3
бағалы қағаздар бойынша     4
сыйақы алуға байланысты
басқа кірістер              5
Сыйақы төлеуге байланысты
шығыстар:                   6
ағымдағы шоттар және
тартылған салымдар бойынша  7
алынған заемдар бойынша     8
бағалы қағаздар бойынша     9
сыйақы төлеуге байланысты
басқа шығыстар              10
Заемдар бойынша ықтимал
шығынға арналған резервті
қалыптастырғанға дейін
сыйақы алуға байланысты
таза кіріс (шығын)          11
Заемдар бойынша ықтимал
шығынға арналған резервтер
/(резервтерді қалпына
келтіру)                    12
Сыйақы алуға байланысты
таза кіріс (шығын)          13
Дивидендтер түріндегі
кірістер                    14
Комиссиялық және алымдар
түріндегі кірістер          15
Комиссиялық және
алымдарды төлеу жөніндегі
шығыстар                    16
Бағалы қағаздарды сатып
алудан/сатудан түскен
кірістер (шығындар)
(нетто)                     17
"РЕПО" операциялары
бойынша кірістер
(шығындар) (нетто)          18
Саудаға арналған және
сату үшін қолда бар
бағалы қағаздар
құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар)
(нетто)                     19
Шетел валютасымен
операциялар бойынша
кірістер (шығындар)
(нетто)                     20
Шетел валютасында
көрсетілген қаржылық
активтерді қайта бағалау
кірістері (шығындары)
(нетто)                     21
Қауымдасқан ұйымдарға
қатысуға байланысты
кірістер                    22
Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
алудан түскен кірістер      23
Сыйақы алуға байланысты
емес басқа операциялық
кірістер                    24
Сыйақы алуға байланысы
жоқ таза кіріс (шығын)      25
Жалпы және әкімшілік
шығыстар                    26
оның ішінде:
еңбекақы және іссапар
төлемдеріне арналған
шығыстар                    27
амортизациялық аударымдар
және тозу                   28
корпоративтік табыс
салығын қоспағанда салықтар
және бюджетке басқа
міндетті төлемдер төлеу
бойынша шығыстар            29
Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
беруден шығыстар            30
Сыйақы төлеуге байланысы
жоқ басқа операциялық
шығыстар                    31
Басқа операциялар бойынша
резервтерді
қалыптастырғанға дейінгі
және салық салғанға
дейінгі пайда (шығын)       32
Басқа операциялар бойынша
ықтимал шығынға арналған
резервтер/(резервтерді
қалпына келтіру)            33
Болжанбаған кірістер
(шығын)                     34
Салық салғанға дейінгі
пайда (шығын)               35
Корпоративті табыс салығы   36
Азшылық үлесіне дейінгі
таза пайда (шығын)          37
Азшылықтың үлесі            38
Таза кірістің (шығын)
жиынтығы                    39
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны

Кредиттік серіктестіктердің және    
ипотекалық компаниялардың қаржылық   
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері 
туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша      
N 3 нысан               

       Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .        

200___ жылғы жағдай бойынша
ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                     (мың теңгемен)

___________________________________________________________________
Баптың атауы                              |Ескерту|Ағымдағы|Алдыңғы
                                          |       |жылдың  |жылдың
                                          |       |басынан |басынан
                                          |       |кезеңге |ұқсас
                                          |       |(өспелі |кезеңге
                                          |       |жиынтық.|(өспелі
                                          |       |пен)    |жиынтық.
                                          |       |        |пен)
___________________________________________________________________
           1                                  2      3        4
___________________________________________________________________
Салық салғанға дейінгі кіріс (шығын)          1
Ақшалай емес операциялық баптарға түзету:     2
амортизациялық аударым және тозу              3
күмәнды борыштар бойынша резервтер
бойынша шығыстар                              4
шетел валютасымен операциялар бойынша
жұмсалмаған кірістер мен шығыстар             5
алынатын сыйақы түрінде есептелген кірістер   6
сыйақы төлеу бойынша есептелген шығыстар      7
ақшалай емес баптарға басқа түзетулер         8
Операциялық активтер мен міндеттемелер
өзгергенге дейінгі операциялық кіріс (шығын)  9
Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю         10
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
салымдар мен корреспонденттік шоттардың
(ұлғаюы) азаюы                                11
Саудаға арналған және сату үшін қолда
бар бағалы қағаздардың (ұлғаюы) азаюы         12
Банктердегі және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттік
шоттардың (ұлғаюы) азаюы                      13
Заемдар мен қаржылық жалдаудың (ұлғаюы)
азаюы                                         14
Клиенттерге басқа талаптардың (ұлғаюы)
азаюы                                         15
Басқа активтердің (ұлғаюы) азаюы              16
Операциялық міндеттемелердегі (ұлғаю) азаю    17
Банктердегі және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардағы салымдардың (ұлғаюы) азаюы        18
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен
ағымдағы шоттарының (ұлғаюы) азаюы            19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы
берешектің (ұлғаюы) азаюы                     20
Банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың алдындағы берешектің (ұлғаюы)
азаюы                                         21
Басқа тартылған қаражаттың (ұлғаюы) азаюы     22
Салық міндеттемелерінің (ұлғаюы) азаюы        23
Басқа міндеттемелердің (ұлғаюы) азаюы         24
Операциялық қызметтен ақшаның ұлғаюы
немесе азаюы                                  25
Есептелген корпоративтік табыс салығы         26
Салық салғаннан кейін операциялық қызметтен
ақша ұлғаюының (азаюының) жиынтығы            27
Инвестициялық қызметке байланысты ақша
түсімі мен төлемдер                           28
Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды
сатып алу                                     29
Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды
сату                                          30
Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық
емес активтерді сатып алу                     31
Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сату                          32
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар және реттелген борыш            33
Басқа түсімдер мен төлемдер                   34
Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаның
ұлғаю немесе азаю жиынтығы                    35
Қаржылық қызметке байланысты ақшалай
түсімдер мен төлемдер                         36
Жарғылық капиталдағы өзгерістер               37
Борыштық міндеттемелерді шығару               38
Сатып алынған меншік акциялар немесе
қатысушылардың үлестері                       39
Дивидендтерді төлеу                           40
Азшылықтың үлесін ұлғайту (азайту)            41
Басқа түсімдер мен төлемдер                   42
Қаржылық қызметтен түскен ақшаның ұлғаю
немесе азаю жиынтығы                          43
Есепті кезеңдегі ақшаның ұлғаю немесе азаю
жиынтығы                                      44
Есепті кезеңнің басындағы ақшаның қалдығы     45
Есепті кезеңнің соңындағы ақшаның қалдығы     46
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны

 Кредиттік серіктестіктердің және  
ипотекалық компаниялардың қаржылық  
есеп пен қаржылық есепке қосымша   
мәліметтер беру тізбесі, нысандары  
мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа  
3-1-қосымша            
N 4 нысан             

       Ескерту: 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

200___ жылғы жағдай бойынша
меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                      мың теңгемен
___________________________________________________________________
                          |Жар. |Сыйлық-|Алын.|Ре.  |Бас. |Таза|Жи.
                          |ғы.  |ақылар |ған  |зерв.|қа   |пай.|ын.
                          |лық  |(Қосым.|капи.|тік  |ре.  |да  |ты
                          |ка.  |ша тө. |тал  |капи.|зерв.|(шы.|ғы
                          |питал|ленген |     |тал  |тер  |ғын)|
                          |     |капи.  |     |     |     |    |
                          |     |тал)   |     |     |     |    |
___________________________________________________________________
               1             2      3      4     5     6    7    8
___________________________________________________________________
Есепті кезеңнің басындағы
сальдо
Есеп жүргізу саясатындағы
өзгерістер және түбірлі
қателерді түзету
Есепті кезеңнің басында
қате есептелген сальдо
Есепті кезеңдегі қосымша
шығарылған (сатып
алынған) меншікті
акциялар
Дивидендтер
Негізгі құрал-жабдықтарды
қайта бағалау
Сатуға қолда бар бағалы
қағаздар құнының өзгеруі
Есепті кезеңдегі таза
пайда (шығын)
Ішкі аударымдар
Резервтік капиталды
қалыптастыру
Негізгі құрал-жаб.
дықтарды жинақталған
қайта бағалаудың
амортизациясы
негізгі құрал-жаб.
дықтардың жинақталған
өзгерісі
Басқа операциялар
Есепті кезеңнің
соңындағы сальдо
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны

Кредиттік серіктестіктердің және    
ипотекалық компаниялардың қаржылық   
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері 
туралы Нұсқаулыққа 4-қосымша      

       Ескерту: 4-қосымша жаңа 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 229   қаулысымен .
       Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

200___ жылғы "___"_________
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалдық нормативтерді
есептеуге арналған қосымша деректер

                                                      мың теңгемен
___________________________________________________________________
Белгі|         Белгінің атауы                              |Сомасы
___________________________________________________________________
8001  Кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша
      жарналары
8002  Кредиттік серіктестіктің қатысушыға қоятын талабының
      (оның ішінде берілген заем, ұсынылған лизинг бойынша)
      сомасы, сондай-ақ кредиттік серіктестік қатысушысының
      ақша түріндегі, оның ішінде кредиттік серіктестіктің
      банктік шоттарындағы міндеттемелері бойынша
      қамтамасыз ету сомасын шегергенде кредиттік
      серіктестік қатысушысының алдындағы шартты
      міндеттемелер (оның ішінде кредиттік серіктестік
      қатысушылары үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін
      банктік кепілдік, кепілдеме және өзге де
      міндеттемелер), мемлекеттік бағалы қағаздар, екінші
      деңгейдегі банктердің кепілдіктері мен бағалы
      қағаздары, сауда-саттық ұйымдастырушының ресми
      тізіміне ең жоғары санатпен кірген бағалы қағаздар,
      кредиттік серіктестікке сейфтік сақтауға берілген
      тазартылған қымбат металдар. Осы сомалардың есебіне
      кредиттік серіктестіктің қатысушыға "Аграрлық
      кредиттік корпорация" акционерлік қоғамынан алынған
      кредиттер есебінен сатып алынған талаптар қосылмайды.
8003  Мемлекеттік бағалы қағаздар
8004  Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы
8006  "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының "А"
      санатындағы ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар
8007  Оларды қайта сатып алу талабымен сатылған немесе
      кредиттік серіктестіктің міндеттемелері бойынша
      қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздар
8008  Екінші деңгейдегі банктердегі талап ету бойынша
      депозиттер, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік
      қоғамының "А" санатындағы ресми тізіміне қосылған
      бағалы қағаздар
8009  Талап ету бойынша басқа міндеттемелер, оның ішінде
      төлемдер мен ақша аударымдары, жүзеге асыру мерзімі
      бір айдан аспайтын немесе олар бойынша оларды жүзеге
      асыру мерзімдері белгіленбеген қолма-қол ақша беру
      бойынша міндеттемелер
8010  "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамынан
      алынған кредиттер бойынша міндеттемелер
8011  Өз қатысушыларына "Аграрлық кредиттік корпорация"
      акционерлік қоғамынан алынған кредиттер есебінен
      берілген кредиттер бойынша талаптар
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны      

Кредиттік серіктестіктердің және      
ипотекалық компаниялардың қаржылық     
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері  
туралы Нұсқаулыққа 5-қосымша      

       Ескерту: 5-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61  бірлескен қаулысымен .

200___ жылғы "___"_________
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
берілген заемдар мен қаржылық лизинг туралы есеп

                                                       мың теңгемен
___________________________________________________________________
Заемдар                             |Символ |Есепті күнгі
                                    |       |заемдардың қалдығы
___________________________________________________________________
               1                        2          3
___________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға заемдар:                     100
Заңды тұлғаларға заемдар:              200
      Ауыл шаруашылық мақсаттарға      210
      Өндірістік мақсаттарға           220
      Құрылысқа                        230
      Жылжымайтын мүлік сатып алуға    240
      Қызмет көрсету саласын дамытуға  250
      Басқа заемдар                    260
Жеке тұлғаларға заемдар:               300
      Ауыл шаруашылық мақсаттарға      310
      Тұтынушылық мақсаттарға          320
      Тұрғын үй сатып алуға            330
      Құрылысқа                        340
      Қызмет көрсету саласын дамытуға  350
      Басқа заемдар                    360
___________________________________________________________________

      Кепіл типі бойынша заемдар:
___________________________________________________________________
      Ломбардтық                       410
      Жылжымайтын мүлік                420
      Кепілдіктер және кепілдемелер    430
      Басқа қамтамасыз ету             440
      Бланктік                         450
      Заемдардың жиынтығы              400
___________________________________________________________________

      Олардың ішінде:
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
      берілген заемдар:
___________________________________________________________________
      Заңды тұлғаларға                 510
      Жеке кәсіпкерлерге               520
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
берілген заемдардың жиынтығы, оның
ішінде                                 500
      Ауыл шаруашылық мақсаттарға      501
      Өндірістік мақсаттарға           502
      Құрылысқа                        503
      Жылжымайтын мүлік сатып алуға    504
      Қызмет көрсету саласын дамытуға  505
      Басқа заемдар                    506
___________________________________________________________________

      Қаржы лизингі
___________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға                              610
Заңды тұлғаларға                       620
Жеке тұлғаларға                        630
Қаржы лизингінің жиынтығы              600
___________________________________________________________________
Анықтама үшін: Заемдар бойынша орташа
алынған сыйақы ставкасы (проценттерде)
___________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға заемдар                      700
Заңды тұлғаларға заемдар               800
Жеке тұлғаларға заемдар:               900
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________    күні ___________
      Бас бухгалтер:  _______________  күні _____________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны

Кредиттік серіктестіктердің және    
ипотекалық компаниялардың қаржылық   
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері 
туралы Нұсқаулыққа 6-қосымша      

________________
РНН нөмірі
ОКПО коды
ББК
ЖБК
Тіркеу нөмірі
Қызмет түрі
Орналасқан жері
________________

Салымдар және ағымдағы шоттар жөніндегі есеп
__________________________________________________________________
(кредиттік серіктестіктің толық атауы)
____________ жылғы "___" жағдай бойынша

                                                       мың теңгемен
____________________________________________________________________
                                              |Банктер және  |
            Депозиттер түрлері                |банк операция.|Заңды
                                              |ларының жеке. |тұлға.
                                              |леген түрлерін| лар
                                              |жүзеге асыра. |
                                              |тын ұйымдар   |
____________________________________________________________________
                          Барлығы, оның ішінде
Ағымдағы шоттар           кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар
оның ішінде:
                          Барлығы, оның ішінде
Солар бойынша сыйақы      кредиттік серіктес.
төленетін ағымдағы        тікке қатысушылар
шоттар
                          Барлығы, оның ішінде
Солар бойынша сыйақы      кредиттік серіктес.
төленбейтін ағымдағы      тікке қатысушылар
шоттар  
                          Барлығы, оның ішінде
Талап ету бойынша         кредиттік серіктес.
салымдар                  тікке қатысушылар

оның ішінде:
                          Барлығы, оның ішінде
                          кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар

солар бойынша сыйақы      Барлығы, оның ішінде
төленбейтін талап ету     кредиттік серіктес.
бойынша салымдар          тікке қатысушылар

                          Барлығы, оның ішінде
Шартты салымдар           кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар

                          Барлығы, оның ішінде
Мерзімді салымдар         кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар
оның ішінде:
                          Барлығы, оның ішінде
бастапқы өтеу мерзімі     кредиттік серіктес.
1 айға дейінгісі          тікке қатысушылар

                          Барлығы, оның ішінде
бастапқы өтеу мерзімі     кредиттік серіктес.
1 айдан 3 айға дейінгісі  тікке қатысушылар

                          Барлығы, оның ішінде
бастапқы өтеу мерзімі     кредиттік серіктес.
3 айдан 1 жылға дейінгісі тікке қатысушылар    

бастапқы өтеу мерзімі     Барлығы, оның ішінде
1 жылдан аса 5 жылға      кредиттік серіктес.
дейінгісі                 тікке қатысушылар

бастапқы өтеу мерзімі     Барлығы, оның ішінде
5 жылдан астамы           кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар

Басқа да салымдар         Барлығы, оның ішінде
                          кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар

Депозиттер жиынтығы       Барлығы, оның ішінде
                          кредиттік серіктес.
                          тікке қатысушылар
____________________________________________________________________

Анықтама ретінде: Салымдар бойынша орташа алынған ставка (пайызбен)
____________________________________________________________________
Солар бойынша сыйақы төленетін ағымдағы шоттар
Солар бойынша сыйақы төленетін талап ету бойынша салымдар
Шартты салымдар

Мерзімді салымдар
     белгіленген ставкамен
     өзгермелі ставкамен
____________________________________________________________________

       Бірінші басшы _______________
М.О.
      Бас бухгалтер _______________

      Орындаушы ___________________
      телефон

Кредиттік серіктестіктердің және    
ипотекалық компаниялардың қаржылық   
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері 
туралы Нұсқаулыққа 7-қосымша      

________________
РНН нөмірі
ОКПО коды
ББК
ЖБК
Тіркеу нөмірі
Қызмет түрі
Орналасқан жері
________________

Ипотекалық заемдарға қызмет көрсету жөніндегі есеп
__________________________________________________________________
(ипотекалық компанияның толық атауы)
____________ жылғы "___" жағдай бойынша

                                                       мың теңгемен
____________________________________________________________________
 N |Банктің, банк|Сенім. | Сыйақы |Ипотекалық |    Алынуға тиіс
р/с|операциялары.|герлік |ставкасы|  заемдар  | аннуитеттік төлемдер
   |ның жекелеген|басқару|(орташа | б-ша алған| ____________________
   |түрл. жүзеге |шарты. |жылдық),|құқықтардың|Бар.  |Негіз.| Бар.
   | асыратын    | ның   | пайыз. |талаптардың|лығы, | гі   |лығы,
   |  ұйымның-   |нөмірі |  бен   |   жалпы   |оның  |борыш |оның
   |серіктесінің | және  |        |  сомасы   |ішінде|      |ішінде
   |   атауы     | күні  |        |           |      |      |
____________________________________________________________________
 1       2          3        4         5         6      7      8
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Барлығы:
____________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Оның ішінде мерзімі |Өтел.|Берілген күнінен бастап |Ипотека.|Сенім.
   өткен берешек    |меген|  Аннуитеттік төлемдер  |  лық   |герлік
____________________|өсім.|  компаниясына нақты    |заемдар |басқару
Бар.  |Негіз.|Есеп. | пұл |     аударылғаны        |бойынша |шарты
лығы, |гі    |тел.  |(айып. _______________________|несиелік|бойынша
оның  |борыш |ген   | пұл)| Бар. |Негіз.|Сый.|Өсім.|берешек.|есеп.
ішінде|      |сыйақы|қалды. лығы,| гі   |ақы | пұл |  тің   |телген
      |      |      |  ғы | оның |борыш |    |     |қалдығы |сыйақы
      |      |      |     |ішінде|      |    |     |        |
____________________________________________________________________
  9      10     11    12     13     14    15   16      17      18
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

           таблицаның жалғасы
________________________
Қайта сатып |Ескертулер
алу міндет. |(мерзімі
темесі үшін |өткен деп
есептелген  |табылған
  сыйақы    |шарттар
            |бойынша
            |түсінікте.
            |  мелер)
________________________
     19          20
________________________
________________________
________________________

      

       Бірінші басшы _______________
М.О.
      Бас бухгалтер _______________

      Орындаушы ___________________
      телефон