Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2138 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 суәірде тіркелді. Тіркеу N 2794. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

      "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмділiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 36760000 (отыз алты миллион жетi жүз алпыс мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі