Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықтар бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы 1999 жылғы 3 шілде N 217 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 23 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 909. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiне:
      608 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы 10-бағдарламамен және 30-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
      "10 Кадрларды республикалық деңгейде қайта даярлау
      30 Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы";
      2) Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ аталған қаулымен бекiтiлген, заңға сәйкес мемлекеттiк мекемелерге қайта тiркеуге жататын мекемелер тiзбесi:

 

     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі

агенттiгi" реттiк нөмiрi 29-жол, мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

1-жолмен толықтырылсын:

     "1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет

академиясы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.