Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2124

Жаңартылған

     Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
     3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

   Ұлттық Банк
      Төрағасы

"Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiн бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының      
2002 жылғы 18 желтоқсандағы 
N 486 қаулысымен       
бекiтiлген          

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
     1) басшы - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға; немесе
     бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының функцияларын жеке дара орындайтын тұлға; немесе
     бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылатын және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның iшкi ережелерiне сәйкес брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
      2) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен , 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  2-тарау. Есептi жасау және ұсыну тәртiбi

      2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.

      3. Есеп уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдаушыларда беріледі.
      Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
      Қағаз тасымалдаушыда жасалған есепке басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қол қояды, мөрмен куәландырылады және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.
      Есептің барлық парақтары нөмірленеді, олардың жалпы саны уәкілетті органға есепті жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.
      Қағаз тасымалдаушыда берілген есептегі мәліметтер электрондық тасымалдаушыда берілген есептегі мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.
      Қағаз тасымалдаушыдағы есеп екі данада жасалады, есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарда қалады.
      Түзетулері мен тазартулары бар қағаз тасымалдаушыдағы есепті уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарға қайтарады.
      Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш жібереді.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.05.28 N 164 , өзгерту енгізілді - 2007.03.30 N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       4. Есепке осы Ереженің 2-4-қосымшаларына сәйкес жасалған нысан кіреді.
      Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес жасалған есепті номиналды ұстаушы ретінде шоттарды жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиялары бар ұйымдар береді.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.05.28 N 164 , өзгерту енгізілді - 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       4-1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік айдан кейінгі айдың әр бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында жасасқан Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен орындалмаған мәмілелер туралы есепті электрондық тасымалдағышта осы Ереженің 4-1-қосымшасына сәйкес осы Ереженің 3-тармағының екінші абзацымен белгіленген тәртіпте уәкілетті органға береді.
       Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4-2. Акционерлік қоғамнан басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде әр тоқсан сайын уәкілетті органға осы Ереженің 3-тармағының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарында белгіленген тәртіпте қағаз тасымалдағышта осы Ереженің 4-2-қосымшасына сәйкес мына тұлғалар туралы мәліметтерді береді:
      1) қатысушылар;
      2) қатысушы не бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғалар;
      3) атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелері;
      4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелері;
      5) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғалар;
      6) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,
      7) оларға қатысты бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,
      8) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғалар;
      9) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар .
       Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

3-тарау. Уәкiлеттi органның есептi қарау тәртiбi

     5-6. алынып тасталды
     Ескерту: 5-6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен .

     7. Есеп бойынша ескертулер бар болса, уәкiлетті орган уәкiлетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымға олар жөнiнде жазбаша хабарлайды және анықталған кемшiлiктердi жою қажеттiлiгiн және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еместiгiн көрсетедi. Уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып түзетiлген есеп ескертулердiң бар екендiгi туралы хабарламаны тiркеушi алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей уәкiлеттi органға қайтадан ұсынылады.

     8. Уәкiлеттi орган есептi қарау барысында есепте көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымнан қажеттi мәлiметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.

     9. Есептi бермегенi, есеп бойынша жасалған ескертулердi жоймағаны үшiн немесе уәкiлеттi орган есептi қарау барысында нақты емес мәлiметтер анықтаса, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

                                        Қазақстан Республикасының
                                        бағалы қағаздар нарығында
                                         брокерлік және дилерлік
                                         қызметті жүзеге асыруға
                                       лицензиялары бар ұйымдардың
                                          есеп беру ережесінің
                                                1-қосымшасы

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен , өзгерту енгізілді - 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

        ___________ ____________ дейінгі кезең ішінде
        бағалы қағаздармен жасалатын және орындалатын
           мәмілелерге қатысушы қызметкерлер туралы
                             мәліметтер

         [бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
       қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы]

N

Қызмет-
кердің
тегі,
аты,
әкесі-
нің аты

Атқа-
ратын
қыз-
меті

Білік-
тілік
куәлі-
гінің
санаты

Білік-
тілік
куәлі-
гінің
берілген
күні

Білік-
тілік
куәлі-
гінің
нөмірі

Қызмет-
керді
жұмысқа
қабылда-
ған күн








Басшы             [қолы]     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)

Бас бухгалтер    [қолы]     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға,)

Орындаушы        [қолы,     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
            телефон нөмірі]

мөрдің орны

                                       Қазақстан Республикасының
                                        бағалы қағаздар нарығында
                                         брокерлік және дилерлік
                                         қызметті жүзеге асыруға
                                       лицензиялары бар ұйымдардың
                                          есеп беру ережесінің
                                                2-қосымшасы

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен.

___________ _________дейінгі кезең ішінде (бағалы қағаздар
  нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға
      лицензиясы бар ұйымның атауы) филиалдары туралы
                       мәліметтер

N

Филиалдың атауы

Филиалдың орналасқан орны




Басшы          (қолы)         тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Бас бухгалтер  (қолы)         тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Мөр орны
Орындаушы      (қолы,         тегі, аты, бар болса - әкесінің аты"
             телефон нөмірі)

                                        Қазақстан Республикасының
                                        бағалы қағаздар нарығында
                                         брокерлік және дилерлік
                                         қызметті жүзеге асыруға
                                       лицензиялары бар ұйымдардың
                                          есеп беру ережесінің
                                                3-қосымшасы

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005.05.28 N 164 , өзгерту енгізілді - 2005.11.26 N 415 , 2007.03.30
N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі), 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      ______________ _______________ дейінгі кезең ішінде
    бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасалған,
        бағалы қағаздармен болатын мәмілелер туралы есеп

          [бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
        қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы]

N

Мәмі-
ленің
күні 1

Шарттың
күні
және
нөмірі

Бағалы
қағаздың
бірегей-
лендіру
нөмірі 2

Эмите-
нттің
атауы 3

Бағалы
қағаз-
дардың
саны
(дана) 4

Бір
бағалы
қағаздың
бағасы 5

Мәмі-
ленің
көлемі
(теңге) 6









Жиыны








кестенің жалғасы

Сатып
алушы 7

Сатушы 7

Мәмілеге кім
ретінде қатысты

Орна-
лас-
тыру 11

Ескерту

Андер-
райтер 8

Брокер 9

Дилер 10















Басшы            [қолы]     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)

Бас бухгалтер    [қолы]     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)

Орындаушы        [қолы,     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
            телефон нөмірі]

мөрдің орны

      Ескерту:
      1 Мәміленің жасалған күні күні/айы/жылы форматында көрсетіледі.
      2 Бағалы қағазға берілген бірегейлендіру нөмірі көрсетіледі.
      3 Бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалған эмитенттің атауы көрсетіледі.
      4 Сол арқылы мәміле жасалған бағалы қағаздардың саны (данада) көрсетіледі. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар бір мезгілде сатушы және сатып алушы ретінде мәмілеге қатысқан жағдайда, аталған мәміле осы есепте бір мәміле түрінде көрінеді.
      5 Мәміленің бағасы үтірден кейін төрт белгіге дейін (теңгемен) көрсетіледі.
      Шетел валютасында мәміле жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәмілені жасаған күні белгілеген ресми бағамы бойынша теңгемен бағасы көрсетіледі. Мәміле бойынша есептесу мәміле жасалған күнде жүзеге асырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептесуді жүзеге асырған күні белгілеген ресми бағамы бойынша теңгемен мәміленің бағасын көрсету қажет.
      6 Мәміленің көлемі үтірден кейін екі белгіге дейін (теңгемен) көрсетіледі.
      7 Солардың есебінен және мүддесімен мәміле жасалған брокер және дилердің клиенттерінің коды көрсетіледі. Брокер-дилер өз есебінен және өз мүддесімен мәмілелер жасаған жағдайда, осы бағандарда аталған брокер және дилердің коды көрсетіледі.
      Бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың кодтары:

N

Толық атауы

Бес таңбалы код

1.

Бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушылары

Сауда-саттықты ұйымдастырушының
берген бес таңбалы коды

2.

Эмитент

ISS__

3.

Заңды тұлға

JUR__

4.

Жеке тұлға

FIZ__

5.

Инвестициялық қор

INVFD

      8 Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша андеррайтер болып сөз сөйлесе, "А" белгісі пайдаланылады.
      9 Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша брокер ретінде сөз сөйлесе, "В" белгісі пайдаланылады.
      10 Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша дилер ретінде сөз сөйлесе, "D" белгісі пайдаланылады.
      11 Мынадай белгілер пайдаланылады:
      "1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
      "2" - бағалы қағаздардың қайталама айналысы.

                                       Қазақстан Республикасының
                                        бағалы қағаздар нарығында
                                         брокерлік және дилерлік
                                         қызметті жүзеге асыруға
                                       лицензиялары бар ұйымдардың
                                          есеп беру ережесінің
                                                4-қосымшасы

      Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен , өзгерту енгізілді - 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

           Есепті кезеңнің соңындағы номиналды ұстауда
           болып табылатын бағалы қағаздар туралы есеп

         [бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
       қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы]

N

Бағалы
қағаз-
дың
біре-
гей-
лен-
діру
нөмірі

Эми-
тент-
тің
атауы

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай
бойынша брокер клиенттерінің шот-
тарындағы бағалы қағаздардың саны
(дана) және бағалы қағаздарды
ұстаушылардың саны

барлығы

Қазақстан
Республикасы
жинақтаушы
зейнетақы
қорларының
(зейнетақы
активтері)

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың








жиын-
тығы







кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша брокер
клиенттерінің шоттарындағы бағалы қағаздардың саны
(дана) және бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны

Қазақстан
Республикасы
инвестициялық
қорларының
(инвестициялық
қордың
активтері)

Қазақстан
Республикасы
екінші
деңгейдегі
банктердің
(меншік
иелерінің)

Қазақстан
Республикасы
сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйымдарының
(меншік
иелерінің)

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың













кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша брокер
клиенттерінің шоттарындағы бағалы қағаздардың саны
(дана) және бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны

Қазақстан
Республикасы
брокер-
дилерлерінің
(банк емес
меншік
иелерінің)

Қазақстан
Республикасы
қаржы нарығының
басқа лицензиат-
тарының (меншік
иелерінің)

Қазақстан
Республикасының
резидент номиналды
ұстаушыларының

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың













  кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша брокер
клиенттерінің шоттарындағы бағалы қағаздардың саны
(дана) және бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны

Қазақстан
Республикасының
резидент басқа
заңды
тұлғаларының

Қазақстан
Республикасының
резидент емес
басқа заңды
тұлғаларының

Қазақстан
Республикасының
резидент жеке
тұлғаларының

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың













кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің
соңындағы жағдай
бойынша брокер
клиенттерінің
шоттарындағы бағалы
қағаздардың саны
(дана) және бағалы
қағаздарды
ұстаушылардың саны

Қазақстан
Республикасының
резидент емес
жеке тұлғаларының

бағалы
қағаз-
дардың
(дана)

бағалы
қағаз
ұстаушы-
лардың





Басшы            [қолы]     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)

Бас бухгалтер    [қолы]     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)

Орындаушы        [қолы,     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
            телефон нөмірі]

мөрдің орны

                                      "Қазақстан Республикасының
                                       бағалы қағаздар рыногында
                                    брокерлік және дилерлік қызметті
                                     жүзеге асыруға лицензиялары бар
                                     ұйымдардың есеп беру ережесіне
                                             4-1-қосымша

       Ескерту. Ереже 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен.

_________бастап_________ дейінгі кезеңде (бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы) ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен жасасқан, орындалмаған мәмілелері туралы
ЕСЕП

N

Бірегейлен-
діру коды

Шарттың күні
және нөмірі

Бағалы қағаздың
ұлттық бірегейлен-
діру нөмірі

Мәмі-
ленің түрі

Бағалы қағаздар-
дың саны







  кестенің жалғасы

Бір бағалы
қағаздың бағасы
(теңге)

Контрагент-
тің бірегей-
лендіру коды

Кім
ретінде
қатысты

Орындал-
мау себебі

Орналасты-
ру






        Кестені толтыру бойынша түсіндірме

1. Символдық белгілер латын әліпбиінің жазбаша (бас) әріптерімен көрсетіледі.
2. "Бірегейлендіру коды", "Контрагенттің бірегейлендіру коды" бағандарын толтырғанда бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушысының уәкілетті орган берген бірегейлендіру коды көрсетіледі.
3. "Шарттың күні және нөмірі" бағанын толтырғанда "күні, айы, жылы" форматтағы күн көрсетіледі.
4. "Мәміленің түрі" бағанын толтырғанда мынадай символдар пайдаланылады:
"B" - сатып алу;
"S" - сату.
5. "Кім ретінде қатысты" бағанын толтырғанда мынадай символдар пайдаланылады:
"В" - брокер;
"D" - дилер.
6. "Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)" бағанын толтырғанда деректер мәміле жасалған күнге көрсетіледі.
7. "Орналастыру" бағанын толтыру кезінде мынадай символдар пайдаланылады:
"1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
"2" - бағалы қағаздарды екінші рет орналастыру.

                                          Қазақстан Республикасының
                                         бағалы қағаздар рыногында
                                         брокерлік және дилерлік
                                         қызметті жүзеге асыруға
                                         лицензиялары бар ұйымдардың
                                         есеп беру ережесіне
                                         4-2-қосымша

       Ескерту. Ереже 4-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.10.29 N 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен.

    "___" _________________ жағдай бойынша тұлғалардың тізімі
 

Жеке тұлғалар

N

Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні (күні /айы/жылы)

Тізімге қосу үшін негіздеме

Тізімге қосу үшін негіздеменің пайда болған күні (күні /айы/жылы)
 

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Заңды тұлғалар

N

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, заңды тұлғаның почталық адресі және нақты орналасқан орны

Тізімге қосу үшін негіздеме

Тізімге қосу үшін негіздеменің пайда болған күні(күні /айы/жылы)

Ескерту

1

2

3

4

5

6







      "Тізімге қосу үшін негіздеме" деген бағанда осы Ереженің 4-2-тармағының тиісті тармақшасына сілтеме көрсетіледі.

      Басшы
      (есепке қол қоюға уәкілеттігі бар тұлға) [қолы] Тегі, аты,
                                             әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер
      (есепке қол қоюға уәкілеттігі бар тұлға) [қолы] Тегі, аты,
                                             әкесінің аты (бар болса)

      мөр орны

      Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                                   болса)

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
5-қосымша           

       Ескерту: 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен .

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
6-қосымша            

      Ескерту: 6-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен .