Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2124.

Жаңартылған

      Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

"Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiн бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының      
2002 жылғы 18 желтоқсандағы 
N 486 қаулысымен       
бекiтiлген          

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
      1) басшы - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға; немесе
      бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының функцияларын жеке дара орындайтын тұлға; немесе
      бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органы басшысының орынбасары болып табылатын және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның iшкi ережелерiне сәйкес брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
      2) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын орган.

2-тарау. Есептi жасау және ұсыну тәртiбi

      2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.

      3. Есеп қағазға басылған түрде жасалады және еркiн нысанда жасалған және басшы қол қойған iлеспе хатпен жiберiледi.

      4. Есепке:
      1) осы Ереженiң 1-6-қосымшаларына сәйкес жасалған, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның басшысы, бас бухгалтерi және iшкi ережелерге сәйкес осы есеп беру нысандарын толтыру жөнiндегi мiндет жүктелген қызметкерi қол қойған есеп беру нысандары (екi данамен);
      2) бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар және банк болып табылмайтын ұйымның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп беру туралы заңдарына сәйкес жасалған қаржылық есеп беру;
      3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген қаржылық тұрақтылық өлшемдерiн бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар және банк болып табылмайтын ұйымның сақтауын растайтын құжаттар (екi данамен) кiредi.

3-тарау. Уәкiлеттi органның есептi қарау тәртiбi

      5. Уәкiлеттi орган есептi келiп түскен күннен бастап отыз күн iшiнде қарайды.

      6. Есеп бойынша ескертулер жоқ болса, уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымға есептiң назарға алынғандығы жөнiнде жазбаша хабарлайды және оған есептiң назарға алынғандығы туралы белгi қойылған есептiң бiр данасын жiбередi.

      7. Есеп бойынша ескертулер бар болса, уәкiлетті орган уәкiлетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымға олар жөнiнде жазбаша хабарлайды және анықталған кемшiлiктердi жою қажеттiлiгiн және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еместiгiн көрсетедi. Уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып түзетiлген есеп ескертулердiң бар екендiгi туралы хабарламаны тiркеушi алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей уәкiлеттi органға қайтадан ұсынылады.

      8. Уәкiлеттi орган есептi қарау барысында есепте көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымнан қажеттi мәлiметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.

      9. Есептi бермегенi, есеп бойынша жасалған ескертулердi жоймағаны үшiн немесе уәкiлеттi орган есептi қарау барысында нақты емес мәлiметтер анықтаса, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
1-қосымша            

__________ бастап ________ дейiнгi кезеңдегi бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым [ұйымның атауы] туралы мәлiметтер

-------------------------------------------------------------------
1.  Мемлекеттiк (қайта)тiркеу туралы мәлiметтер:
2.  Лицензия берiлген күн және оның деректе.
    мелерi туралы мәлiметтер:
3.  Акциялардың (облигациялардың) эмиссияларын
    тiркеу туралы мәлiметтер:
4.  Банктiк деректемелер:
5.  Орналасқан жерi (тiркелген):
6.  Орналасқан жерi (нақты):
7.  Байланыс құралдары туралы мәлiметтер
    (телефон, факс, электрондық почта):
8.  Күнiн, басылымның атауын, ақпараттың
    құрамын көрсете отырып бұқаралық
    ақпарат құралдарына орналастырылған
    жарнама туралы мәлiметтер (баспасөз
    органдарына орналастырғанда -
    көшiрмесiн беру):
9.  Басшы қызметкер туралы мәлiметтер:
10. Лауазымды тұлғалар туралы мәлiметтер:
--------------------------------------------------------------------

Басшы        [қолы]                    Бас бухгалтер    [қолы]

Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым туралы мәлiметтердi толтыру ережесi

      1-жолда мемлекеттiк (қайта) тiркеу туралы куәлiгiне сәйкес мемлекеттiк (қайта) тiркеу күнi және нөмiрi көрсетiледi.
      3-жолда акциялардың (облигациялардың) эмиссияларын тiркеу туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      4-жолда екiншi деңгейдегi банктерде ашылған есеп айырысу шоттары туралы мәлiметтер көрсетiледi (оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алу және сақтауға арналған шоттарды көрсете отырып).
      5-жолда байланыс бөлiмшесiнiң индексiн қоса отырып, мемлекеттiк (қайта) тiркеу куәлiгiне немесе статистикалық карточкасына сәйкес оның тiркелiп орналасқан жерi көрсетiледi.
      6-жолда байланыс бөлiмшесiн қоса отырып, нақты орналасқан жерi көрсетiледi.
      7-жолда қалааралық телефон байланысының кодын көрсете отырып (жақша iшiнде) байланыс телефондары мен факстарының нөмiрлерi, тiркеушiнiң электрондық почтасының адресi(терi) көрсетiледi.
      9-жолда бiрiншi басшының алқалы атқарушы органның мүшелерi болып табылмайтын орынбасарлары, бас бухгалтер және оның орынбасарлары, филиалдардың  басшылары және бас бухгалтерлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi (атқаратын лауазымдар және толық аты-жөнi).
      9-жолда "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  74-бабының 1-тармағына, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  41-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың лауазымдары және толық аты-жөнi көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
2-қосымша            

__________ бастап ________ дейiнгi кезеңдегi [бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы] бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға немесе орындауға қатысатын қызметкерлері және филиалдары туралы мәлiметтер

1-нысан. Бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға немесе орындауға қатысатын қызметкерлер туралы мәліметтер

-------------------------------------------------------------------
Р/с|Қызмет.  |Атқаратын|Біліктілік|Білікті. |Білікті.|Қызметкерді
 N |керлердің|лауазымы |куәлігінің|лік куә. |лік куә.| жұмысқа
   |аты-жөні |         |  санаты  | лігі    |лігінің |қабылдаған
   |         |         |          |беріл.   | нөмірі |   күн
   |         |         |          |ген күн  |        |
-------------------------------------------------------------------
 1     2          3         4          5         6         7
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

2-нысан. Филиалдар және филиалдардың бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға немесе орындауға қатысатын қызметкерлері туралы мәліметтер

-------------------------------------------------------------------
Филиал.|Филиал. |Қызмет.|Атқа.|Білікті.|Білікті.  |Білікті.|Қызмет.
 дың   | дың    |кердің |ратын|лік куә.|лік куә.  |лік куә.|керді
атауы  |орналас.|аты-   |лауа.|лігінің |лігі бе.  |лігінің |жұмысқа
       |қан жері|жөні   |зымы |санаты  |рілген күн|нөмірі  |қабыл.
       |        |       |     |        |          |        |даған
       |        |       |     |        |          |        |күн
-------------------------------------------------------------------
   1       2        3      4      5         6         7       8
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

Басшы        [қолы]                  Бас бухгалтер  [қолы] Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
3-қосымша            

      ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдығы N 162 қаулысымен.

[бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы] __________ бастап ________ дейiнгi кезеңдегi брокерлік және дилерлік қызметінің қорытындысы туралы есебі

1. нысан. Бағалы қағаздарды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында бастапқы орналастырған кезде олармен жасалған мәмілелер туралы есеп

Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен
-------------------------------------------------------------------
Р/с|Эмитент.|Бағалы қағаз.| Мәміле.| Бағалы  | Мәмілелер. |Ескертпе
 N |  тің   |дың ұлттық   | лердің |қағаздар.| дің көлемі |
   | атауы  |бірегейлен.  | саны   |дың саны |  (теңге)   |
   |        |діру нөмірі  |        | (дана)  |            |

Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарымен
-------------------------------------------------------------------
Р/с|Эмитент.|Бағалы қағаз.| Мәміле.| Бағалы  | Мәмілелер. |Ескертпе
 N |  тің   |дың ұлттық   | лердің |қағаздар.| дің көлемі |
   | атауы  |бірегейлен.  | саны   |дың саны |  (теңге)   |
   |        |діру нөмірі  |        | (дана)  |            |
-------------------------------------------------------------------
 1     2          3            4        5         6           7
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
 
Мемлекеттік бағалы қағаздармен
___________________________________________________________________
 N  | Эмитенттің | Бағалы қағаздың  | Мәміле | Бағалы   | Мәміле
р/с |  атауы     | бірегейлендіру   |  саны  |қағаздар  | көлемі
    |            |     номері       |        |  саны    | (теңге)
    |            |__________________|        | (дана)   |
    |            |  ҰБН   |  ISIN   |        |          |
___________________________________________________________________
 1       2                 3             4        5          6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

2-нысан. Бағалы қағаздарды ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында бастапқы орналастырған кезде олармен жасалған мәмілелер туралы есеп

Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен
-------------------------------------------------------------------
Р/с|Эмитент.|Бағалы қағаз.| Мәміле.| Бағалы  | Мәмілелер. |Ескертпе
 N |  тің   |дың ұлттық   | лердің |қағаздар.| дің көлемі |
   | атауы  |бірегейлен.  | саны   |дың саны |  (теңге)   |
   |        |діру нөмірі  |        | (дана)  |            |
-------------------------------------------------------------------
 1     2          3            4        5         6           7
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен
-------------------------------------------------------------------
Р/с|Эмитент.|Бағалы қағаз.| Мәміле.| Бағалы  | Мәмілелер. |Ескертпе
 N |  тің   |дың ұлттық   | лердің |қағаздар.| дің көлемі |
   | атауы  |бірегейлен.  | саны   |дың саны |  (теңге)   |
   |        |діру нөмірі  |        | (дана)  |            |
-------------------------------------------------------------------
 1     2          3            4        5         6           7
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

3-нысан. Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер туралы есеп

Ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында
-------------------------------------------------------------------
Р/с|Эмитент.|Эмитент.|Бағалы қағаздың|Мәміле.| Бағалы  |Мәмілелер.
 N |  тің   |тің елі |ұлттық бірегей.|лердің |қағаздар.|дің көлемі
   | атауы  |        |лендіру нөмірі |саны   |дың саны | (теңге)
   |        |        |---------------|       | (дана)  |
   |        |        | ҰБН   | ІSIN  |       |         |

Ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында

4-нысан. "Репо" операциялары туралы есеп

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен
-------------------------------------------------------------------
Мәміле.|Рынок.|  Кім  |Эмитент.| Бағалы |     |Сатып|Ашылу|Ашылар.
 нің   |тың   |ретінде|  тің   |қағаздың|Сату,| алу,| күні| дағы
 түрі  |түрі  | болды | атауы  | ұлттық |дана |дана |     | баға
       |      |       |        |бірегей.|     |     |     |(теңге)
       |      |       |        |лендіру |     |     |     |
       |      |       |        | нөмірі |     |     |     |
-------------------------------------------------------------------
   1      2      3        4        5       6     7     8      9
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы
---------------------------------------------
Ашылар.|Жабылу  | Жабылар.|Жабылар.|Контра.
 дағы  | күні   |дағы баға|  дағы  |генттің
 көлем |        | (теңге) | көлем  | атауы
(теңге)|        |         |(теңге) |
----------------------------------------------
  10       11        12       13       14
----------------------------------------------
----------------------------------------------

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен

5-нысан. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер жөніндегі әрбір мәміле бойынша есеп

-------------------------------------------------------------------
Р/с|Мәміле.|Эмитент.|Мәміле |Эмитент.| Бағалы |Мәмі.| Кім  |Бағалы
 N |жасал. |  тің   |жасал. |  тің   |қағаздың|ленің|ретін.|қағаз.
   | ған   |  елі   |ған ел | атауы  | ұлттық |түрі | де   |дардың
   |түрі   |        |       |        |бірегей.|     |қатыс.|саны
   |       |        |       |        |лендіру |     | ты   |(дана)
   |       |        |       |        | нөмірі |     |      |
-------------------------------------------------------------------
 1     2       3        4        5       6       7     8      9
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы
---------------------------------------------------------
 Бір бағалы қағаздың| Мәміленің көлемі  |Рынок.|Ескертпе
        бағасы      |                   | тың  |
----------------------------------------|түрі  |
 шетел     |теңгемен| шетел      |теңге.|      |
валютасымен|        | валютасымен| мен  |      |
---------------------------------------------------------
    10         11        12         13     14      15
---------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------

Басшы        [қолы]                    Бас бухгалтер    [қолы]

Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

6-нысан. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналысқа шығарған кезде мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер туралы есеп

      Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында     
___________________________________________________________________
 N  | Эмитенттің | Бағалы қағаздың  | Мәміле | Бағалы   | Мәміле
р/с |  атауы     | бірегейлендіру   |  саны  |қағаздар  | көлемі
    |            |     номері       |        |  саны    | (теңге)
    |            |__________________|        | (дана)   |
    |            |  ҰБН   |  ISIN   |        |          |
___________________________________________________________________
 1       2           3        4        5          6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында

Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметiнiң қорытындылары туралы есептi толтыру ережесi

      1-нысан.
      Бағалы қағаздарды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында бастапқы орналастырған кезде олармен жасалған мәмiлелер туралы есеп бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйесiнде бастапқы орналастырған кезде олармен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым жасаған мәмiлелер бойынша жасалады. Мұндайда нысан эмитенттердiң атауы бойынша әлiпби тәртiбiмен толтырылады.
      2-бағанда бағалы қағаздарымен мәмiле жасалған эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      3-бағанда бағалы қағаздың уәкiлеттi орган берген ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      4-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен есептi кезең iшiнде жасалған мәмiлелердiң жалпы саны көрсетiледi (данамен). Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым мәмiлеге бiрмезгiлде сатушы және  сатып алушы ретiнде қатысқан жағдайда аталған мәмiле осы есепте екi мәмiле болып көрсетiледi. Бiр мәмiле жасау арқылы бiрнеше клиент тапсырысын орындаған жағдайда 4-бағанда клиент тапсырыстарының санына тең мәмiлелер саны көрсетiледi.
      5-бағанда осы эмитенттiң есептi кезең iшiнде мәмiле жасалған бағалы қағаздарының жалпы саны көрсетiледi.
      6-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен есептi кезең iшiнде жасалған мәмiлелердiң жалпы көлемi (теңгемен) көрсетiледi.
      Егер бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым осы эмитенттiң бағалы қағаздары бойынша андеррайтер ретiнде болған жағдайда, 7-бағанды толтыру кезiнде "А" рәмiзi пайдаланылады.
      Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасаған жағдайда 3-бағанда да бағалы қағаздардың халықаралық бірегейлендіру номері көрсетіледі. <*>

      2-нысан.
      Бағалы қағаздарды ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында бастапқы орналастырған кезде олармен жасалған мәмiлелер туралы есеп бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым бағалы қағаздармен оларды ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында бастапқы орналастырған кезде олармен брокер немесе дилер ретiнде жасаған мәмiлелер бойынша жасалады. Мұндайда нысан эмитенттердiң атауы бойынша әлiпби тәртiбiмен толтырылады.
      2-бағанда бағалы қағаздарымен мәмiле жасалған эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      3-бағанда бағалы қағаздың уәкiлеттi орган берген ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      4-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен есептi кезең iшiнде жасалған мәмiлелердiң жалпы саны көрсетiледi (данамен). Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым мәмiлеге бiрмезгiлде сатушы және сатып алушы ретiнде қатысқан жағдайда аталған мәмiле осы есепте екi мәмiле болып көрсетiледi. Бiр мәмiле жасау арқылы бiрнеше клиент тапсырысын орындаған жағдайда 4-бағанда клиент тапсырыстарының санына тең мәмiлелер саны көрсетiледi.
      5-бағанда осы эмитенттiң есептi кезең iшiнде мәмiлелер жасалған бағалы қағаздарының жалпы саны көрсетiледi.
      6-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен есептi кезең iшiнде жасалған мәмiлелердiң жалпы көлемi (теңгемен) көрсетiледi.
      Егер бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым осы эмитенттiң бағалы қағаздары бойынша андеррайтер ретiнде болған жағдайда, 7-бағанды толтыру кезiнде "А" рәмiзi пайдаланылады.

      3-нысан.
      Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер туралы есеп бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым қайталама бағалы қағаздар рыногында брокер және дилер ретiнде:
      Қазақстан Республикасы ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарымен;
      Қазақстан Республикасы ұйымдарының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жiберiлген бағалы қағаздарымен;
      Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарған бағалы қағаздарымен;
      Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жiберiлген бағалы қағаздарымен жасаған мәмiлелер бойынша жасалды.
      2-бағанда бағалы қағаздарымен мәмiле жасалған эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      3-бағанда бағалы қағаздар эмитентi заңды тұлға ретiнде тiркелген ел көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасалған жағдайда 4-бағанда бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      Басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасалған жағдайда 5-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      6-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен есептi кезең iшiнде жасалған мәмiлелердiң жалпы саны көрсетiледi (данамен). Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым мәмiлеге бiрмезгiлде сатушы және сатып алушы ретiнде қатысқан жағдайда аталған мәмiле осы есепте екi мәмiле болып көрсетiледi. Бiр мәмiле жасау арқылы бiрнеше клиент тапсырысын орындаған жағдайда 6-бағанда клиент тапсырыстарының санына тең мәмiлелер саны көрсетiледi.
      7-бағанда осы эмитенттiң есептi кезең iшiнде мәмiлелер жасалған бағалы қағаздарының жалпы саны көрсетiледi.
      8-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен есептi кезең iшiнде жасалған мәмiлелердiң жалпы көлемi (теңгемен) көрсетiледi.

      4-нысан.
      "Репо" операциялары туралы есеп бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйесiнде брокер немесе дилер ретiнде бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер бойынша жасалады. Мұндайда нысан эмитенттердiң атауы бойынша әлiпби тәртiбiмен толтырылады.
      1-бағанда "ашылардағы репо" не "жабылардағы репо" операциялары көрсетiледi.
      2-бағанды толтыру кезiнде мынадай символдар көрсетiледi:
      О - ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногы;
      H - ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногы.
      3-бағанды толтыру кезінде мынадай символдар көрсетіледі:
      В - брокер;
      D - дилер.
      4-бағанда бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалған эмитенттiң атауы көрсетіледi.
      5-бағанда бағалы қағаздың уәкілетті орган берген ұлттық бiрегейлендіру нөмірі көрсетіледі.
      6-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарының оларды сату кезіндегі саны көрсетіледі.
      7-бағанда осы эмитенттің бағалы қағаздарының оларды сатып алу кезіндегі саны көрсетiледi.
      8-бағанда араб сандарымен ресімделген күн мынадай тәртіппен көрсетіледі: күн екі позициямен, ай екі позициямен және жыл екі позициямен (мысалы, 2002 жылғы 2 қаңтар датасы "02.01.2002" деп жазылады).
      9-бағанда ашылардағы "peпo" мәмiле жасалған күні теңгемен көрсетiледi.
      10-бағанда ашылардағы "репо" көлемi мәміле жасалған күні теңгемен көрсетіледі.
      11-бағанда араб сандарымен ресiмделген күн мынадай тәртiппен көрсетіледі: күн екi позициямен, ай eкі позициямен және жыл екi позициямен (мысалы, "2002  жылғы 2 қаңтар" "02.01.2002" деп жазылады).
      12-бағанда жабылардағы "репо" мәміле жасалған күнi теңгемен көрсетiледi.
      13-бағанда жабылардағы "репо" көлемi мәміле жасалған күнi теңгемен көрсетіледі.
      "Репо" операциясы тiкелей мәмiлелер әдісімен бағалы қағаздарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйесінде не ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында жасалған жағдайда 14-бағанда мынадай символдар көрсетiледi:
      L - заңды тұлғалар;
      Р - жеке тұлғалар.
      Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары қатысқан кезде оған уәкілетті орган берген ұлттық бірегейлендіру нөмiрi көрсетіледi.

      5-нысан.
      Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы есеп әрбiр мәміле бойынша бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым брокер және дилер ретінде:
      Қазақстан Республикасы ұйымдарының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарымен;
      Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының бағалы қағаздарымен;
      Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер бойынша жасалады.
      2-бағанда apaб сандарымен ресiмделген күн мынадай тәртіппен көрсетiледi: күн екi позициямен, ай екі позициямен және жыл екі позициямен (мысалы, "2002 жылғы 2 қаңтар" "02.01.2002" деп жазылады).
      3-бағанда бағалы қағаздар эмитенті заңды тұлға ретінде тіркелген ел көрсетіледі.
      4-бағанда аумағында мәміле жасалған ел көрсетіледі.
      5-бағанда бағалы қағаздарымен мәміле жасалған эмитенттің атауы көрсетіледі.
      6-бағанда бағалы қағаздың бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      7-бағанда:
      бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
      бағалы қағаздарды сатып алу/сату;
      "ашылардағы репо"/"жабылардағы репо" операциясы көрсетiледi.
      Мұндайда "ашылардағы репо" операциясы болған жағдайда осы бағанда "репоны жабу" жобаланған күнiн көрсету керек.
      8-бағанды толтыру кезiнде мынадай символдар көрсетiледi:
      В - брокер;
      D - дилер.
      9-бағанда осы эмитенттiң мәмiле жасалған бағалы қағаздарының саны көрсетiледi.
      10-бағанда мәмiле тiркелген шетел валютасындағы бiр бағалы қағаздардың бағасы көрсетiледi.
      11-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң операция жасалған күнгi бағамы бойынша бiр бағалы қағаздың теңгемен бағасы көрсетiледi.
      12-бағанда мәмiле тiркелген шетел валютасындағы мәмiлелердiң көлемi көрсетiледi.
      13-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң операция жасалған күнгi бағамы бойынша теңгемен жасалған мәмiлелердiң көлемi көрсетiледi.
      14-бағанды толтыру кезiнде мынадай символдар көрсетiледi:
      О - ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногы (бағалы қағаздарымен сауда-саттық ұйымдастырушының атауын көрсете отырып).
      H - ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногы.
      15-бағанды толтыру кезiнде Қазақстан Республикасының тиiстi өкiлеттiктерi бар резидент емесiнiң қызмет көрсетуi пайдаланылған жағдайда "v" символы көрсетiледi.
 
      6-нысан.
      Бағалы қағаздардың қайталама рыногында олардың айналысы кезінде мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер туралы есеп олардың брокер немесе дилер ретінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына қайталама айналысқа шығарылған кезде бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдармен жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша жасалады.
      2-бағанда бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалған эмитенттің атауы көрсетіледі (алфавиттік тәртіппен).
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасалған жағдайда 3-бағанда бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру номері көрсетіледі.
      Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасалған жағдайда 4-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық бірегейлендіру номері көрсетіледі.
      5-бағанда есепті кезең ішінде осы эмитенттің мемлекеттік бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелердің жалпы саны (данамен) көрсетіледі. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым мәмілеге бірдей мезгілде сатушы және сатып алушы ретінде қатысқан жағдайда, көрсетілген мәміле осы есепте екі мәміле ретінде көрсетіледі.
      6-бағанда осы эмитенттің есепті кезең ішінде мәміле жасалған бағалы қағаздарының жалпы саны көрсетіледі.
      7-бағанда есепті кезеңде осы эмитенттің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелердің жалпы көлемі (теңгемен) көрсетіледі. Бір мәміле жасау арқылы бірнеше клиенттік тапсырыстар орындалған жағдайда 6-бағанда клиенттік тапсырыстардың санына тең мәмілелердің саны көрсетіледі. <*>

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
4-қосымша            

[нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы] __________ бастап ________ дейiнгi кезеңдегi нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздары туралы есебі

-------------------------------------------------------------------
Р/с|Эмитент.|Бағалы қағаздың|     | Бағалы    |  Нақтылы ұстауға
 N | тің    |бірегейлендіру |Номи.|қағаздар.  |  алынған бағалы
   |атауы   |    нөмірі     |налды|дың есепті |    қағаздардың
   |        |---------------|құны |  кезең    |     жалпы саны
   |        |  НИН | ІSIN   |     |басындағы  |------------------
   |        |      |        |     |саны (дана)|Операция.|Данамен
   |        |      |        |     |           |лардың   |көрсетіл.
   |        |      |        |     |           | саны    |ген көлем
-------------------------------------------------------------------
 1     2       3       4       5        6         7          8
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
    Жиынтығы:
-------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы
----------------------------------
Нақтылы ұстаудан   |Бағалы қағаз.
аударылған бағалы  |дардың есепті
   қағаздардың     |кезең соңын.
   жалпы саны      | дағы саны
-------------------|  (дана)
Операция.|Данамен  |
 лардың  |көрсетіл.|
  саны   |ген көлем|
----------------------------------
    9        10          11
----------------------------------
----------------------------------
 
----------------------------------

Басшы        [қолы]                    Бас бухгалтер    [қолы]

Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

Нақтылы ұстауға берiлген бағалы
қағаздар туралы есептi толтыру ережесi

      2-бағанда бағалы қағаздары бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауына аударылған эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар нақтылы ұстауға (нақтылы ұстаудан) аударылған жағдайда 3-бағанда бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      Басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар нақтылы ұстауға (нақтылы ұстаудан) аударылған жағдайда 4-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      5-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздарының номиналды құны көрсетiледi.
      6-бағанда осы эмитенттің есептi кезең басындағы бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздарының саны көрсетiледi.
      7-бағанда есептi кезеңде тiркелген, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға алуы жөнiндегi операциялардың саны көрсетiледi.
      8-бағанда бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауына аударылған бағалы қағаздардың есептi кезеңдегi саны көрсетiледi.
      9-бағанда бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауынан бағалы қағаздарды аудару жөнiндегi операциялардың есептi кезеңдегi саны көрсетiледi.
      10-бағанда бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауынан аударылған бағалы қағаздардың есептi кезеңдегi саны көрсетiледi.
      11-бағанда осы эмитенттiң бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздарының есептi кезең соңындағы саны көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
5-қосымша            

_____________________ жағдайы бойынша [нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы] бағалы қағаздарды нақтылы ұстауы туралы мәлімет     

-------------------------------------------------------------------
Р|     | Бағалы |    Жеке шоттардағы бағалы қағаздардың саны
/|Эми. |қағаздың|--------------------------------------------------
с|тент.|бірегей.|жинақ. |сақ. |екінші|бағалы қағаздар| өзге заңды
N|тің  |лендіру |таушы  |тан. | дең. |рыногында бро. |   тұлғалар
 |атауы| нөмірі |зейнет.|дыру |гейде.| керлік және   |-------------
 |     |--------| ақы   |ұйым.| гі   |дилерлік қыз.  |рези. |рези.
 |     |НИН|ISIN| қор.  |дары |банк. |метті жүзеге   |дент. |дент
 |     |   |    | лары  |     | тер  |асыруға лицен. |тер   |емес.
 |     |   |    |       |     |      | зиялары бар   |      |тер
 |     |   |    |       |     |      |   ұйымдар     |      |
-------------------------------------------------------------------
1   2    3    4    5       6     7          8           9     10
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы
------------------------------
 Жеке шоттардағы бағалы
    қағаздардың саны
------------------------------
   жеке тұлғалар   | Жиынтығы
-------------------|
резидент.|резидент |
  тер    |еместер  |
------------------------------
   11        12         13
------------------------------
------------------------------

Басшы        [қолы]                    Бас бухгалтер    [қолы]

Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

Нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар туралы мәлiметтi толтыру ережесi

      2-бағанда бағалы қағаздары бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауына аударылған эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      3-бағанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      4-бағанда басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздардың бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      5-12 бағандарда бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым клиенттерiнiң жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны көрсетiледi (мұндайда 9-12 бағандарда - Қазақстан Республикасының резиденттерi және резидент еместерi бойынша).
      13-бағанда осы эмитент бойынша клиенттердiң жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
6-қосымша            

_______________________ жағдай бойынша [нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы] клиенттермен бағалы қағаздарды нақтылы ұстау жөнінде қызмет көрсету жөнінде жасаған шарттары туралы
мәлімет

-------------------------------------------------------------------
Клиенттер топтарының |Есепті кезең|Есепті кезең |Есепті  |Жасалған
       атауы         |басында жа. |ішінде жасал.|кезеңде | шарттар.
                     |салған шарт.|ған шарттар. |бұзылған|дың есеп.
                     |тардың саны | дың саны    |шарттар.| ті кезең
                     |            |             |дың саны|соңындағы
                     |            |             |        |  саны
-------------------------------------------------------------------
         1                 2          3             4        5
-------------------------------------------------------------------
Сақтандыру ұйымдарымен
Екiншi деңгейдегi
банктермен
Зейнетақы қорларымен
Бағалы қағаздар
рыногында брокерлiк
және дилерлiк қызметтi
жүзеге асыруға
лицензиялары бар
ұйымдармен
Өзге де заңды тұлға.
лармен,
оның iшiнде:
Резиденттермен
Резидент еместермен
Жеке тұлғалармен,
оның iшiнде:
Резиденттермен
Резидент еместермен
Жиынтығы:
-------------------------------------------------------------------
 
Басшы        [қолы]                   Бас бухгалтер [қолы]

мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]