Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердің өндiрiсi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1882. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 220 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.23 № 220 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енгізілуіне байланысты бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әділет министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 54 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1521;
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылы 21 мамырдағы N 54 "Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" әділет министрінің 2001 жылғы 3 тамыздағы N 97 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1638.
      3. Осы Бұйрық оның мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.    

      Министр

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2002 жылғы 10 маусымдағы
N 87 бұйрығымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер
өндiрiсi жөнiндегi нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі мiндетi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды айқындау болып табылады.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер өндiрiсi жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi айқындау және қарау жөнiндегi қызметiн, әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстер өндiрiсiн ұйымдастыруды, оларды қарау, орындау, шағымдау мерзiмдерiн, сондай-ақ іс жүргiзудi ұйымдастыру және қабылданған шешімнің негiздiлiгiн бақылауды регламенттейді.

      3. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес әзiрлендi (бұдан әрi - Кодекс).

      4. Әдiлет органдары "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс) 128129145148353354356376-баптарымен көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды ашады.

      5. Әдiлет органдары Кодекстiң 128145-баптарымен көзделген Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарайды.

      6. Әділет органдарының лауазымды адамдары әкімшілік іс өндірісін жүзеге асыру кезінде әкімшілік іс өндірісі жөніндегі құжаттамадағы сілтемелер Кодекстің нормаларына ғана жүргізілуге тиіс.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық және
әкiмшiлiк жауапкершiлiк

       7. Жеке тұлғаның осы Кодекспен әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады.
      Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған құқық бұзушылықтар үшiн, егер осы құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңдарға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқпаса, әкімшілік жауапкершілік туындайды.

      8. Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке:
      1) ақыл-есi дұрыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағанда он алты жасқа жеткен жеке тұлға;
      2) заңды тұлға жатады.

      9. Лауазымды адам қызметтiк мiндеттердi орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам Кодекстiң 34-бабымен көзделген жалпы негiздерде жауапкершiлiкте болуға тиiс.
      Ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi орындауға байланысты әкiмшілiк құқық бұзушылық жасаған, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат (бұдан әрі - жеке кәсіпкер), сондай-ақ мемлекеттiк органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың жетекшiлерi, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерi лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкте болады.
      Ескерту. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелдi емес адамдарға қатысты заңда белгiленген тәртiппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылды.

      10. Әкімшiлiк жауапкершiлiк көздемейтін мән-жайлар кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшiн адамдар әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылмайды (Кодекстiң 38-43-баптары).

      11. Адам әкiмшілiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуға тиiс емес.

3. Әкiмшiлiк жаза және
әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

       12. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтарынан айыруға немесе оны шектеуге саяды.

      13. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
      1) ескерту жасау;
      2) әкiмшiлiк айыппұл салу.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға 1) тармақшада аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.

      14. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
      Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құқыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады.
      Ескерту жазбаша түрде жасалады.

      15. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi - айыппұл) - әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшін осы бөлімінің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткiштiң белгiлi бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.
      Кодекстiң 2-бөлiмiнiң ерекше бөлiгi баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтық мiндеттемелердiң орындалмаған немесе тиістi дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операциялар сомасының процентiмен көрсетiледi.

      16. Айыппұл заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
      Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
      Егер адам бiр судья, орган (лауазымды адам) қарайтын бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, онда осы адамға сол және бiр түрдегі жаза қолданылатын жағдайда жазаның түпкiлiктi мөлшерi жазаның осы түрi үшiн Кодекспен белгiленген ең үлкен үш еселiк шегiнен аса алмайды.

      17. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.
      Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуға тиiс емес.
      Егер Кодекстiң 69-бабының бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмінің өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттiк берiлген органдар

      18. Әділет органдарының санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі лауазымды адамдар Кодекстің 538551-баптарына сәйкес мынадай істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолданады:
      1) өнертабысты, пайдалы модельдi не өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану, автордың немесе мәлiмдеушiнiң келiсiмiнсiз ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы модельдiң не өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнін олар туралы мәліметтердің ресми жариялануына дейін жария ету, сол сияқты авторлықты иелену немесе ортақ авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
      2) бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауардың шыққан орнының атауын немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ, бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттер iрi залал келтірмесе.

      19. Аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жазаларды қарауға және қолдануға құқығы бар лауазымды адамдарға Санаткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитет төрағасы және оның орынбасарлары, аумақтық әдiлет органдарының бастықтары және олардың орынбасарлары жатады.

      20. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
      Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
      1) бұл iстi қарау оның құзыретiне жататынын;
      2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
      3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ істің өзге де материалдарының дұрыс ресімделгенін;
      4) іс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкімшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
      5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
      6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.

      21. Лауазымды адам қарауға жiберген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс, ол iс мынадай жағдайда қаралмайды, егерде бұл адамдар:
      1) олардың заңды өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi жауапқа тартылған, немесе жәбiрленген адамдардың туыстары болып табылса;
      2) істiң рұқсат беруi жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi болып табылса.
      Осы Нұсқаулықтың осы тармағында көзделген мән-жайлар болған лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
      Осы Нұсқаулықтың осы тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан заңды өкiлдерiнен, қорғаушысы мен өкiлiнен, прокурордан лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
      Өздiгiнен бас тарту олардан бас тарту туралы, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскеннен күннен бастап бiр тәулiк ішiнде қарайды және қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.

      22. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде лауазымды адам мынадай шешiм қабылдайды:
      1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
      3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
      4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және істің басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, істі қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға кері қайтару туралы;
      5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
      6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
      7) Осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде іс жүргiзудi қысқарту туралы.
      Осы Нұсқаулықтың осы тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер, ұйғарымдар түрiнде шығарылады.
      Осы Нұсқаулықтың осы тармағының 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.

      23. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы лауазымды адам ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайды.

      24. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
      1) iстi кім қарайтынын, қандай іс қаралғалы жатқанын, кім және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
      2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің, сондай-ақ істі қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
      3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерiнің, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлiнiң өкiлеттiктерiн анықтайды;
      4) іс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта іс қарау туралы не іс қарауды кейінге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
      5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды;
      6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсiндiредi;
      7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi;
      9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушының не лауазымды адамның өздігінен бас тарту немесе одан бас тарту тиісті мәні бойынша қарауға кедергі келтірсе, бас тарту мәлімделуіне; егер қорғаушыдан, уәкілетті өкілден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірсе, аталған бас тартуға; істі қарауға қатысушы адамдардың келуі немесе іс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттігіне байланысты ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда лауазымды адам сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
      10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
      Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлінің түсінiктемелерiн, іс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал істі қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады.

      25. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істi қарап, лауазымды адам мына қаулылардың бірін шығарады:
      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
      2) іс жүргiзудi қысқарту туралы;
      3) істi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы лауазымды адамға беру туралы;
      4) мәжбүрлеп орындату және айыппұл салу туралы.

      26. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда:
      1) қаулыны шығарған лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi;
      2) iстiң қаралған күні мен орны;
      3) өзiне қатысты iс қаралған адам туралы мәлiметтер;
      4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетін бабы;
      5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
      6) iс бойынша шешiм;
      7) қаулыға шағым беру тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы дәлелдi болуы тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған лауазымды адам қол қояды.

      27. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.
      Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбірленушіге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi.

      28. Iстi қараушы лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықталған кезде тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға Кодекстебелгiленген тәртiпте және мерзiмде мүдделi адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау

      29. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
      1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
      3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламасы немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қозғау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.

      30. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы уәкiлетті лауазымды адам жасайды.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға мыналардың құқығы бар:
      - осы Кодекстiң 128129145356-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау кезiнде Санаткерлiк меншiк құқықтары жөніндегі комитетi және аумақтық әдiлет органдарының;
      - осы Кодекстiң 148356-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау кезiнде Тiркеу қызметi комитетi және оның аумақтық органдарының;
      - осы Кодекстiң 353354 және 356-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау кезiнде Орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу және бақылау департаменті, сондай-ақ аумақтық әділет органдарының;
      - осы Кодекстiң 376-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау кезiнде аумақтық әдiлет органдарының.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға белгiленген заң тәртібінде уәкiлеттi әдiлет органдарының басшыларына берiлген бұйрық немесе нұсқаманың негiзiнде, қосымшаның тізіліміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың осы тармағында көрсетiлген лауазымды адамдар құқық бередi.
      Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 152 бұйрығымен.

      31. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөні; іс қозғалған адам туралы мәлiметтер; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiгiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкілінің түсініктемесі; заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктердің атауы, тіркеу нөмірі және істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздеріне қатысты іс қозғалған жеке адамға немесе заңды өкіліне, сондай-ақ іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
      Хаттамаға оны жасаған адам және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам немесе заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкiлдiктердiң өкілі қол қояды. Куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
      Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзінің бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тіркеледі. Бұл адамдар әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      Өздерiне қатысты іс қозғалған жеке адамға, заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін оның көшiрмесi алған қолы қойылып, дереу тапсырылады.

      32. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасалады.

      33. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлетті судьяға, органға (лауазымды адамға) бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.

      34. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшіліктері оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшіліктері жойылған күннен бастап бiр тәулiк ішiнде қайта жіберіледі.

      35. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық туралы немесе объектiлерi болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.

      36. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиісті құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзіне тиісті құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған заттардың түрі мен тақылеттестік белгілері туралы мәліметтер болады.

      37. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi атқарушы билiк органы белгiлейтiн тәртiппен сақталады.

      38. Іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесіне қайтарылады немесе тәркіленеді, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгіленген тәртіппен жойылады.

      39. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу Кодекстiң 33-35 тарауларында көзделген тәртiппен және шарттармен жүзеге асырылады.

6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы
қаулылардың орындалуы

      40. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
      1) Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн;
      2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады.

      41. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкілетті органға (лауазымды адамға) ол заңды күшіне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.

      42. Әкімшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгіленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды.

      43. Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жіберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.

      44. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам айыппұлды әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулының заңды күшiне енген күнiнен не осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру мерзiмi өткен күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынған айыппұлды мемлекеттiк бюджетке белгiленген тәртiппен жеке адам енгiзедi немесе заңды тұлға аударады.
      Жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату осы Кодекстiң 707709-баптарында көзделген тәртіппен жүргiзiледi.
      Айыппұл өндіру толық жүргiзiлгенi жөнiндегi айыппұл салу туралы қаулы осы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

7. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iс бойынша iс қағаздарын жүргiзу

     45. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Кодекстің 635-бабының талаптары ескеріліп жасалады (қоса беріліп отыр).

     46. Әдiлет аумақтық органдарының басшылары жергiлiктi орындарда бланкiлердiң дер уақытында даярлануын және алынуын, сондай-ақ олардың тапсыру бойынша сақталуы мен пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуге міндетті.

     47. Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған құқық бұзушыларға жасалған ұйғарымдар, хаттамалар, актiлер есебiнiң журналы әдiлет аумақтық органының басшысы белгілеген жауапты адамда сақталуы тиіс және тiгiлуi, нөмiрленуi және сол органның мөрi басылуы тиiс. V095855  

8. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iс бойынша iс жүргiзуге бақылауды ұйымдастыру

     48. Есеп пен iс жүргiзудiң ахуалына жауапкершiлiк тиiстi әдiлет органының басшысына жүктеледi.

     49. Есеп пен iс жүргiзудiң ахуалын бақылауды жетекшiлiк ететiн әдiлет вице-министрлерi жүзеге асырады.

     50. Әдiлет министрлiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша аумақтық органдарға жоспарлы тексеру жүргiзудi жүзеге асырады.

     51. Тексеру барысында зерделеуге мына мәселелер жатады:
     - тексеру нәтижелерi туралы хаттамаларды, анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасаудың дұрыстығы;
     - қатаң бақылаудағы құжаттарды сақтаудың, есебiнiң және бланкілер берудiң ахуалы;
     - шағымдармен және арыздармен жүргiзiлетiн жұмыстың ахуалы.

     52. Жұмыстағы олқылықтар мен кемшiлiктер анықталған жағдайда, оларды жою шаралары қолданылады.

Қазақстан Республикасы    
әділет органдарының     
әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы істердің өндірісі 
жөніндегі нұсқаулыққа  
қосымша          

      Ескерту: Нұсқаулық қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 152 бұйрығымен.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға
құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің
тізілімі

      1. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, директордың орынбасары, басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары.
      2. Зияткерлік меншік құқығын қорғау комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары.
      3. Тіркеу қызметі комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары;
      4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары Әділет департаменті бастықтарының орынбасарлары.
      5. Облыстық, Астана және Алматы қалалары Әділет департаменттерінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімдерінің бастықтары, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімдерінің бастықтары және бас мамандары, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, зияткерлік меншік құқығы, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімдерінің бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары, және мамандары.
      6. Нормативтік құқықтық актілерді, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды, азаматтық хал актілерін жазбаларын мемлекеттік тіркеумен айналысатын аудандық (қалалық) әділет басқармалары бастықтарының орынбасарлары, бас мамандары, жетекші мамандары, мамандары.     

                                            Сериясы ________ N _____

                Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                           ХАТТАМА

_______________                              2001 ж. "___"__________
(жасалған жері)

Біз,________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ҚР ІІМ, ҚР МКМ; ҚР Қаржы полициясы агенттігі, ҚР ӘМ Санаткерлік
меншік құқықтары жөніндегі комитет қызметкерлерінің лауазымы
мен аты-жөні)
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 29.03. N 411 қаулысымен
бекітілген ҚР Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқықтары
жөніндегі Комитеті туралы Ережеге сәйкес, 2001 ж. 30 қаңтардағы
N 155-ІІ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодексінің 282930 баптарына сәйкес, ҚР ІІМ 29.03.00 ж. N 119;
ҚР МКМ 29.03.00 ж. N 119; мына куәгерлердің (куәлардың) қатысуымен:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
куәгерлердің (куәлардың) қолы: 1. _____ 2. _____ (куәлардың құқық.
тарымен және міндеттерімен ӘҚБК 594595 б-на сәйкес таныстырылды)
осы хаттаманы жасадық.
____________________________________________________________________
________________ (Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін
меншіктің мемлекеттік немесе өзге нысанында пайдаланушының атауы мен
мекен-жайлық реквизиттері, бұзушылық жасаған адамның аты-жөні, туған
жылы, мекен-жайы)

                           АНЫҚТАЛДЫ:
____________________________________________________________________
         (тексеру барысында анықталған әкімшілік заңнама
____________________________________________________________________
             бұзушылықтың жасаған орны, уақыты және мазмұны,
____________________________________________________________________
деректердің мазмұндамасы және заңсыз пайдаланған шығармалар немесе
фонограммалар данасының
____________________________________________________________________
саны және т.б. кірістері туралы деректер беруден бас тартуының және
теріс деректер беруінің уәждері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Көрсетілген бұзушылықтар Кодекстің 128129145356-баптарына
(жоқ бап сызылып тасталсын) сәйкес жауаптылық жүктейді.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам 584-бапқа сәйкес іс
материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдемелер ұсынуға,
кепілдеме беруге; ісін қараған кезде, егер іс жүргізіліп жатқан
тілді білмейтін болса, адвокаттың заң көмегін пайдалануға; іс
бойынша шығарылған қаулыға шағым беруге құқылы.

Құқық бұзушы адамның түсініктемесі ____________________________________________________________________

     Қолы: ______________________________________
Жоғарыда баяндалғандардың  негізінде аталмыш хаттама қоса беріліп
отырған материалдарымен бірге 640-бапқа сәйкес әкімшілік жаза
қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға

уәкілетті __________________________ облысының аймақтық органына,
судьясына (лауаз. адамына (әк. комиссия)) жіберілді.

Мекен жайы, телефоны: _____________________________ 

Хаттамаға ескертулер мен толықтырулар (жоқ):_______________________
                                   (бұзушылық жасаған адамның қолы)

Хаттама жасаған:
(ҚР ІІМ, ҚР МКМ; ҚР Қаржы полициясы агенттігі, ҚР ӘМ Санаткерлік
меншік құқықтары жөніндегі комитет қызметкерлерінің лауазымы мен аты-жөні)_________________________    _____________________
(куәгерлер) ______________    _____________________
             (Аты-жөні)               (қолы)      
_________________________
(құқық бұзушының қолы)

____________________________________________________________________
Хаттама көшірмесін алды, міндеттерімен және құқықтарымен таныстырылды.                                ______________________
                                                         Қолы 

                             N ___ ХАТТАМА
                   заңсыз пайдаланылған өнiмдi алып қою

__________________                         "___" ________2001 ж.
(жасалған жерi)    

Бізбен (менімен),__________________________________________________
              (лауазымы, ІІМ қызметкерлерінің және мамандардың ТАӘ)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
куәгерлер аз.______________________________________________________
          куәгерлер Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің
595-бабына сәйкес құқықтары мен мiндеттерiмен таныстырылды
____________________________________________________________________
қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшiлiк құқық бұзушылық
туралы Кодексiнiң (129-бап618628632-баптарына сәйкес
қолданыстағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 29.03.2001 жылы N 411
Қаулысымен бекiтiлген Әдiлет министрлiгінің Санаткерлiк меншiк
құқықтары жөнiндегi комитетi туралы Ережеге; 1996 жылы 10 маусымдағы
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы" ҚР Заңына сәйкес
мынадай заңсыз пайдаланылған даналарын алып қою туралы осы хаттама
жасалды:
____________________________________________________________________
  N            Атауы             Бағасы, теңге          Саны, дана
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жоғарыда көрсетілген өнімдерін (түрі_________)___________теңге
сомасына________дана алынды.

    Материалды құндылықтар мәселе мәнісі бойынша шешім шығарғанға
дейін мына мекен-жайда болады_______________________________________
____________________________________________________________________

кабинет N __________, телефон _______________  

     Хаттамаға ескерту мен толықтыруым жоқ__________________________
     Комитет (ІІМ) қызметкері                           ____________
     Куәгерлер                                          ____________
     Құқық бұзушы                                       ____________

     Хаттама жасаған                                    ____________
     Хаттаманың көшірмесін алдым:                       ____________

                                                        N __________
                                                  Сериясы __________

                      Қазақстан Республикасы
                     Әдiлет министрлiгiнiң
       Санаткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетi
                            НҰСҚАМА

N _______                                 200__ж. "___"____________
____________________________________________________________________           (аты-жөнi)                           (лауазымы)
____________________________________________________________________                        (облыс, қала, аудан)
____________________________________________________________________
мекен-жайында орналасқан заңды және жеке тұлға ретiнде қызмет
жасайтын ұйымдардың жұмысында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
ҚР Кодексiнiң 128129145356-баптары; ҚР Қылмыстық Кодексiнiң
184-бабының сақталуын тексеру ұйғарылады.
     Құқық қорғау органдарымен бiрлесе отырып тексеру жүргiзгенде -
ҚР IIМ, ҚР МКМ бөлiмшесiн көрсету керек.
_________________________________

     200__ж. "___"____________
     200__ж. "___"____________     

     қолы _____________
     Төраға                          ____________
                  күшiн сақтайды

      Маған Нұсқама жарияланды, осыған байланысты тиiстi органдарға
шағым берудiң мән-жайы, сондай-ақ шағымдану нұсқаманың орындалуын
кiдiртпейтiнi түсiндiрiлдi.

                   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                               ХАТТАМА

________________                              200__ж. "___"_________
(жасалған орны)

Менімен, __________________________________________________________
                    (лауазымды тұлғаның лауазымы және ТАӘ)
____________________________________________________________________
қолданыстағы Кодекстің 636-бабына сәйкес, куәлар
1.__________________________________________________________________
2._____________________________________________ қатысумен 594-бапқа
сәйкес құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды куәлардың қолы
1. _______________________________    2.____________________________
осы хаттама жасалды.

     Тексеру кезінде________________________________________________
                      (мемлекеттік органның атауы және
____________________________________________________________________
                          мекен-жай деректері)

                                АНЫҚТАДЫ:
____________________________________________________________________
               (Кодекстің 148356-баптарындағы бұзушылық)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      584-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылушы адам іс
материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, айғақ көрсетуге,
өтініш жазуға: істі қарау кезінде адвокаттың заңдық көмегін пайда.
лануға, ана тілінде сөйлеуге, егер іс жүргізіліп отырған тілді
білмесе, аудармашының көмегін пайдалануға; іс бойынша қаулыға шағым
беруге құқылы.

Құқық бұзушының түсініктемесі ______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

қолы: ______________________________________________________________
не түсініктеме жеке парақпен қоса беріледі.

      Жоғарыда жазылғандардың негізінде осы хаттама қоса берілетін
материалдармен бірге әкімшілік жаза қолдану үшін 640-бапқа сәйкес
құқық бұзушылық жасалған жер бойынша _________  облысының _________
ауданының (қаласының) судьясына, жіберіледі.    

      Мекен-жайы, телефоны

      Хаттама жасалды: _____________________________________________
                               (лауазымды адамның ТАӘ)
                                                    ________________
                                                           қолы

Хаттамаға ескерту мен толықтыруым жоқ (бар) ________________________
____________________________________________________________________
                    (құқық бұзушының ТАӘ және қолы)

Хаттамаға қол қоюдан бас тарттым____________________________________
                                        (куәгер ТАӘ және қолы)

Хаттаманың көшірмесін алдым, құқықтар мен міндеттермен таныстым:
____________________________________________________________________

                 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                            ХАТТАМА

__________________                         200__ж. "___"____________
(жасалған орны)

Менімен, __________________________________________________________
                     (лауазымды тұлғаның лауазымы және ТАӘ)    
____________________________________________________________________
қолданыстағы Кодекстің 636-бабына сәйкес, куәлар
1.__________________________________________________________________
2. _______________________________________________________ қатысумен
594-бапқа сәйкес құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды куәлардың
қолы

1. _____________________________       2.___________________________
осы хаттама жасалды.    

Тексеру кезінде_____________________________________________________
                      (мемлекеттік органның атауы және
____________________________________________________________________
                           мекен-жай деректері)

                               АНЫҚТАДЫ:
____________________________________________________________________
              (Кодекстің 353354-баптарындағы бұзушылық)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
584-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылушы адам іс
материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, айғақ көрсетуге,
өтініш жазуға: істі қарау кезінде адвокаттың заңдық көмегін
пайдалануға, ана тілінде сөйлеуге, егер іс жүргізіліп отырған тілді
білмесе, аудармашының көмегін пайдалануға; іс бойынша қаулыға шағым
беруге құқылы.

Құқық бұзушының түсініктемесі_______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қолы:_______________________________________________________________
не түсініктеме жеке парақпен қоса беріледі.
     Жоғарыда жазылғандардың негізінде осы хаттама қоса берілетін 
материалдармен бірге әкімшілік жаза қолдану үшін 640-бапқа сәйкес
құқық бұзушылық жасалған жер бойынша _________  облысының _________
ауданының (қаласының) судьясына, жіберіледі.

Мекен-жайы, телефоны
Хаттама жасалды:____________________________________________________
                                (лауазымды адамның ТАӘ)
                                                   ________________
                                                         қолы

Хаттамаға ескерту мен толықтыруым жоқ (бар) ________________________
____________________________________________________________________
                   (құқықбұзушының ТАӘ және қолы)

Хаттамаға қол қоюдан бас тарттым____________________________________
                                         (куәгер ТАӘ және қолы)

Хаттаманың көшірмесін алдым, құқықтар мен міндеттермен таныстым:
____________________________________________________________________ 

                              Үлгі
                 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                            ХАТТАМА

_______________                              200__ж."___"__________
(жасалған орны)

     Менімен,____________________________________________________________
____________________________________________________________________
                    (лауазымды тұлғаның лауазымы және ТАӘ)

қолданыстағы 30.01.2001 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28-30-баптарына сәйкес, куәлар
1.__________________________________________________________________
    (595-бапқа сәйкес құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды)
2. _________________________________________ қатысумен осы хаттама
____________________________________________________________________
            (құқық бұзушының ТАӘ, туған жылы, мекен-жайы)

қатысты жасалды.

Осыған орай мыналар    

                            АНЫҚТАЛДЫ:                             

____________________________________________________________________
             (әкімшілік заңды бұзған уақыты, орны және мәні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аталған бұзушылықтар Кодекстің 376-бабына сәйкес жауапкершілікке
әкеп соқтырады.
     584-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылушы адам іс
материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, айғақ беруге, өтініш
жазуға; істі қарау кезінде адвокаттың заңдық көмегін пайдалануға,
ана тілінде сөйлеуге және егер іс жүргізіліп отырған тілді білмесе,
аудармашының көмегін пайдалануға; іс бойынша қаулыға шағым беруге
құқылы.

Құқық бұзушының түсініктемесі_______________________________________
____________________________________________________________________
Қолы:_______________________________________________________________
Жоғарыда жазылғандардың негізінде осы хаттама қоса берілетін
материалдармен бірге әкімшілік жаза қолдану үшін 640-бапқа сәйкес
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті____________
облысының аумақтық органына, судьясына, тұлғасына жіберіледі.
Мекен-жайы, телефоны________________________________________________
                      Хаттамаға ескерту мен толықтыруым жоқ (бар)
____________________________________________________________________
                               (бұзушының қолы)

Хаттама жасалды:________________________        _________________  
                         ТАӘ                         қолы
________________________                        _________________  
________________________                        _________________
(куәлар) _______________                        _________________
________________________
  құқық бұзушының қолы

Хаттаманың көшірмесін алдым, құқықтар мен міндеттермен таныстым. 
________________________