"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына және "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 133 P020133_ қаулысының 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 V011442_ бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi".
2. Қоса берiлiп отырған "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрiнің
2002 жылғы 6 наурыздағы
N 69 бұйрығымен
бекiтiлген
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының
аумағында еркiн кедендiк аймақ режимінде мәлiмделетiн
тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң
ЕРЕЖЕСI
1. Осы "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң), "Кедендiк режимдер туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы N 46 V011444_ бұйрығымен бекiтiлген Еркiн кедендiк аймақтың кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 U010645_ Жарлығымен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына (бұдан әрi - "Астана - жаңа қала" АЭА) еркiн кедендiк аймақ кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кеден iсi туралы заңның 71-бабына сәйкес еркiн кедендiк аймақтың кедендiк режимi (бұдан әрi - ЕКА-ның кедендiк режимi) - бұл шетелдiк тауарлар тиiстi аумақтық шекараларда немесе үй-жайларда (орындарда) кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан орналастырылатын және пайдаланылатын, отандық тауарлар әкетуге Кеден iсi туралы заңмен айқындалатын тәртіппен экспорттың кедендiк режимiне сәйкес қолданылатын шарттарда орналастырылатын және пайдаланылатын кедендiк режим.
"Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы ЕКА кедендiк режимi - бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарларға акциз алуды қоспағанда осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген шарттарда қолданылатын кедендiк режим. (РҚАО-ның сілтемесі: K010209_ (9-бөлім) қараңыз.)
2. Тауарларды "Астана - жаңа қала"
АЭА-ның аумағында ЕКА кедендiк режимiнде
орналастырудың шарттары
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына ЕКА кедендiк режимiмен:
құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды;
арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы құрылыс процесiнде толығымен пайдаланылатын тауарларды;
құрылыс және объектiлердi жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға беру үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарлармен мынадай операцияларды жасауға рұқсат етiледi:
бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
тауарларды тасымалдауға дайындау жөнiндегi: құрылыс процесінде ұтымды орналастыру және тұтыну мақсатында бөлiнген құрылыс салу учаскелерiнiң шегiнде партияларды бөлу, тауарлар мен көлiк құралдарын сұрыптау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, сондай-ақ орнын ауыстыру (кеден органының рұқсатымен);
ғимараттарды және құрылыстарды тұрғызу кезiнде құрылыс өндiрiсi технологиясының талаптарын орындау жөнiндегi.
5. Тауарлар "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағында ол жұмыс iстеп тұрған жағдайда ЕКА кедендiк режимiмен шектеусiз мерзiмдерде бола алады.
6. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды тасымалдау құрылысқа арналған учаскелердiң шегiмен шектеледi. Бұл жағдайда учаскелер арасында тасымалдау тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзуге (кедендiк алып жүру) белгiленетiн талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына шетелдiк және отандық тауарлардың жеткiзiлуiн жүзеге асыратын көлiк құралдары кедендiк ресiмдеу кезеңiнде бақылау-өткiзу пункттерiнiң жанындағы ашық алаңдарда (уақытша сақтау орындары) орналастырылады.
Осындай көлiк құралдарының "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағында болу мерзiмдерi тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыруға қажеттi уақытқа қарай белгiленедi. Көлiк құралының келуi мен кетуiн есепке алу "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы бақылау өткiзу пунктiндегi арнаулы журналда 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жүргiзiледi.
3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу
8. Кеден органына жүктiк кедендiк декларацияны ұсына отырып ЕКА кедендiк режимiнде кедендiк ресiмдеуге осы Ереженiң 3-тармақтарында көрсетiлген шетелдiк және отандық тауарлар жатады.
9. Тауарларды ЕКА кедендiк режимiмен орналастыруға заңнамалық тәртiппен "Астана - жаңа қала" АЭА аумағында тiркелген тұлғаларға рұқсат етiледi. (РҚАО-ның сілтемесі: Z952198_ (6-бап); V990768_ (3-тарау) қараңыз.)
10. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген тауарлар кеден органына:
жүктiк кедендiк декларацияны;
тұрғызылатын құрылыстар мен техникалық-экономикалық негiздеуге (машиналар мен жабдықтар үшiн) арналған жобалық-сметалық құжаттаманы;
жүктiк кедендiк декларацияларды, құжаттарды және "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 V011442_ бұйрығымен бекiтiлген кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi қосымша мәлiметтердi қабылдау мен тексеру ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес белгiленетiн өзге де құжаттарды ұсыну жолымен декларациялауға жатады.
Тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына әкелу кезiнде декларациялау мынадай ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi:
тауар тобы ретiнде бiр объектiнiң құрылысына арналған тауарлар ұғылады;
30 "Тауарды қарау орыны" бағанында оның мекен-жайына тауар жеткiзiлетiн "Астана - жаңа қала" АЭА құрылысы объектiсiнің бiрдейлендiрiлген нөмiрi мынадай сызба бойынша көрсетiледi:
N 0.000.000 элементi, мұнда:
0. - учаскенiң нөмiрi;
000. - құрылыс объектiсiнiң нөмiрi;
000. - "Астана - жаңа қала" АЭА-на қатысушының нөмiрi;
тауарларды өткiзу кезiнде кезеңдiк және алдын ала мәлiмдеудің ережесi қолданылуы мүмкiн.
11. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген де, көрсетiлмеген де отандық тауарларды, машиналар мен жабдықтарды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына орналастырған жағдайда, декларациялаудың оңайлатылған нысаны қолданылуы мүмкiн (2-қосымша).
Бұл жағдайда декларациялаудың оңайлатылған нысанының даналары мынадай тәртiппен бөлiнедi:
1-дана - бақылау үшiн кеден органының iстерiнде қалады;
2-дана - декларанттың қолына берiледi.
Оңайлатылған нысандағы декларация тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен, ресiмделген күнi көрсетiле және оларды iс жүзiнде әкелгенi/әкеткенi туралы белгiлер қойыла отырып расталады.
Тауарларды әкелгендегіден өзгеше мөлшерде әкеткен жағдайда, тауарды өткiзушi тұлға мөрмен расталған Оңайлатылған нысандағы декларацияның 9-бағанында әкетiлетiн тауардың iс жүзiндегi мөлшерiн көрсетедi.
Оңайлатылған нысандағы декларацияны кеден органдары оңайлатылған нысандағы декларацияларды тiркеу журналына осы Ережеге 3-қосымшада келтiрiлген нысанға сәйкес есепке алады.
"Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы объектiлерге қызмет көрсету үшiн (жұмысшыларды, жолаушыларды, қызмет көрсетушi қызметшiлердi тасымалдау) пайдаланылатын және тауарлар тасымалдауға жұмылдырылмаған автокөлiк құралдарын көрсетiлген АЭА-ның аумағына өткiзуге кеден органының келiсiмiмен рұқсат етiледi.
12. ЕКА кедендiк режимi өзге кедендiк режимге өзгерген жағдайда тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу таңдалған кедендiк режимнiң шарттары мен талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
13. Бұрын "Астана - жаңа қала" АЭА аумағынан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған отандық тауарларды әкету кезiнде, тауарларды өткiзушi тұлға төлем ретiнде немесе тауарларды әкелу кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктердiң нәтижесiнде алынған соманы қайтарады.
14. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған шетелдiк тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге қайта экспорттаудың кедендiк режимiне сәйкес әкетiледi. Нақты әкетуге бақылау тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзуге белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кедендік алымдар мен салықтарды
төлеудiң ерекшелiктерi
15. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларды әкелу кезiнде импортталатын тауарларға акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
16. Отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына Қазақстан Республикасының қалған кедендiк аумағынан әкелу кезiнде кедендiк төлемдер, салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
17. Осы Ереженiң 12-тармағында белгiленген тәртiпке сәйкес "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына бұрын әкелiнген отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендiк аумағына әкету кезiнде кедендiк төлемдер мен салықтар алынбайды, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
18. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету кезiнде кедендiк баждар, салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
19. Шетелдiк тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкелу кезiнде кедендiк баждар мен қосымша құн салығы мәлiмделген кедендiк режимнің шарттарына сәйкес алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
5. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын
тауарларды кедендiк бақылау
20. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылау тауар ЕКА кедендiк режимiне орналастырылған сәттен бастап жүзеге асырылады және тауарды өзге кедендiк режимге орналастырған кезде, не кеден органының тауарлардың АЭА-ның аумағындағы құрылыс процесiнде толығымен пайдаланылғанына көзi жеткеннен кейiн аяқталады.
Өзге кедендiк режимдерге мәлiмделген тауарларды одан әрi кедендiк бақылау таңдап алынған кедендiк режимнiң шарттарына және талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу кеден қоймасының, бос қойманың режимдерiн қоспағанда оларды өзге кедендiк режимде мәлiмдеген жағдайда мұндай тауарларды ЕКА кедендiк режимiнде кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органында жүргiзiледi.
6. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын
тауарларды есептеу мен есептіліктi
жүргiзудiң тәртiбi
22. Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын қолдануға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есеп ұсынуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда, есептi ЕКА кедендiк режимiн мәлiмдеген адамдар кеден органы бастығының жазбаша талабы ұсынылғаннан бастап жетi күннiң iшiнде ұсынуы тиiс.
23. ЕКА кедендiк режимiн мәлiмдеген адамдар белгiленген үлгiдегi есеп кiтабында (4-қосымша) тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден органдарына олар туралы есеп бередi. Тауарларда болатын кез келген өзгерiстер есептiк құжаттарда көрсетiлуi тиiс. Есептiлiк осы Ереженiң 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша есептiктен кейiнгi айдың 10-на дейiн тоқсан сайын ұсынылады.
24. Билiгiнде ЕКА кедендiк режимiнде мәлiмделген тауарлар бар адамдар Қазақстан Республикасының кеден органдарына есептiлiктi ұсынбағаны және тауарлардың есебiн жүргiзу тәртiбiн сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
25. "Астана - жаңа қала" АЭА-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды есепке алатын және осы Ережеге сәйкес қолданылатын барлық журналдар мен кiтаптар нөмiрленуi, тiгiлуi және кеден органының мөрiмен расталуы тиiс.
7. Арнайы экономикалық аймақты жабу
26. "Астана - жаңа қала" АЭА таратылған жағдайда құрылыс процесiне толығымен пайдаланылған тауарларды, сондай-ақ "Астана - жаңа қала" АЭА-ның мерзiмiнен бұрын таратылған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заңының 6-бабында көзделген кепiлдiктер таратылатын тауарларды қоспағанда бұрын ЕКА режимiнде ресiмделген және "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес өзге кедендiк режимге қайта ресiмдеуге жатады.
27. Еркін кедендік аймақ кедендік режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жауаптылық белгіленеді.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
1-қосымша
"Астана - жаңа қала" АЭА-ның бақылау-өткізу пунктінде
көлік-құралдарын әкелу мен әкетуді есепке алу журналы
___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ |
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
2-қосымша
(Тек қана отандық тауарлар үшiн)
Оңайлатылған нысандағы декларация
N 0./00.00.0/0.000000 *
___________________________________________________________________________
1. Тауарларды жөнелтушi 3. Тасымалдаушы
2. Тауарларды алушы 4. Көлiк құралы туралы
мәлiметтер
___________________________________________________________________________
5. Атауы, 6. 7. Саны 8. Салмағы
көлiк Тауарлардың (дана, орны, (кг.)
құжаттарының атауы жиынтықтар
нөмiрлерi және т.б.)
___________________________________________________________________________
9. Қосымша мәлiметтер
10. Құрылыс учаскесiнiң нөмiрi, объектiнiң атауы
(объектiнiң бiрдейлендiрген коды)
___________________________________________________________________________
Тауарды алушының өкiлi ______________________
М.О. ______________________ күні
(қолы)
Кеден органының қызметкерi _________ ЖНМ
* 0./00.00.0/0.000000 элементi, мұнда:
0. - құрылыс учаскесiнiң нөмiрi;
00.00.0 - оңайлатылған нысандағы декларацияны қабылдаған айы, күнi және осы жылдың соңғы саны;
0.000000 - учаскi БӨП-iнiң нөмiрi және кеден органы берген оңайлатылған нысандағы декларацияның өспелi қорытындысы бар реттiк нөмiрi (жыл аяқталғаннан кейiн нөмiрлеу қайтадан басталады).
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
3-қосымша
Оңайлатылған нысандағы деклерацияларды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________________________
N *| Алушы |Тауардың | Тасымалдаушы | Көлік | Саны| Салмағы | Уақытша
р/б | | атауы | | құралы | | | сақтау
| | | | | | | орыны
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
________________________
* Оңайлатылған нысандағы декларацияның реттік нөмірі оның тіркеу нөмірі болып табылады.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
4-қосымша
___________________________________
(ұйымның, кәсіпорынның атауы)
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағында "еркін кедендік аймақ"
режимінде ресімделген тауарлардың, машиналардың және
жабдықтардың пайдаланылуын
ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
Басталды:
Аяқталды:
___________________________________________________________________________
КІРІС
___________________________________________________________________________
Қоймалық | Есептік | Тауардың | ЖКД-ның | СЭҚ ТН | Өлшем |Саны
есеп | кезеңнің | түскен | немесе өзге | бойынша |бірлігі |
кәртішке. | басына | күні | кедендік | сипаттау | |
сінің | қалған | | құжаттың | және код | |
нөмірі | қалдық | | нөмірі | | |

ШЫҒЫС
___________________________________________________________________________
Талаптың | ЖКД-ның | Өлшем | Саны | Құрылыс |Есептік |Ескерту
(жүк- | немесе өзге | бірлігі| | объекті. |кезеңнің |
құжаттың) | кедендік | | | сінің |аяғында |
нөмірі | құжаттың | | | атауы |қалған |
| нөмірі | | | |қалдық |
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Басшы _________________________________
Бас бухгалтер _________________________
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
5-қосымша
___________________________________ Кеден органына есептіден
(ұйымның, кәсіпорынның атауы) кейінгі айдың 10-на дейін
тоқсан сайын ұсынылады
________ жылдың ________ тоқсанындағы
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағында "еркін кедендік аймақ"
режимінде ресімделген тауарлардың, машиналардың және
жабдықтардың пайдаланылуы туралы
ЕСЕП
Басталды:
Аяқталды:
___________________________________________________________________________
КІРІС
___________________________________________________________________________
Қоймалық | Есептік | Тауардың | ЖКД-ның | СЭҚ ТН | Өлшем |Саны
есеп | кезеңнің | түскен | немесе өзге | бойынша |бірлігі |
кәртішке. | басына | күні | кедендік | сипаттау | |
сінің | қалған | | құжаттың | және код | |
нөмірі | қалдық | | нөмірі | | |
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
ШЫҒЫС
___________________________________________________________________________
Талаптың | ЖКД-ның | Өлшем | Саны | Құрылыс |Есептік |Ескерту
(жүк- | немесе өзге | бірлігі| | объекті. |кезеңнің |
құжаттың) | кедендік | | | сінің |аяғына |