Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 304 бұйрығымен.
--------------Бұйрықтан үзінді------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (Шәженова Д.М.) бiр апта мерзiмде қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және "Заң" Медиа-корпорация" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2006 жылғы 16 тамыздағы
N 304 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi
...
6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 19 ақпандағы N 71 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1792 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2002 ж., N 19, 602-құжат)...
--------------------------------
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) <*>
Ескерту: 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 бұйрығымен
.
2) <*>
Ескерту: 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424
бұйрығымен
.
3) "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 484
V990900_
бұйрығында:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнің кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулықта:
бүкiл мәтiн бойынша және қосымшалардағы "шығыстардың жеке сметасы", "жеке смета", "смета", "сметалар", "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен", "шығыстар сметасын", "шығыстар сметасында", "жиынтық смета" деген сөздер ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын (1 "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттар" тарауының 10 "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен және мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларынан алынған қаражаттардың есебiнiң атқарылуы" бөлiмiнен және N 45 "Ағымдағы шот" қосымшадан басқа);
13-тармақта:
он екiншi абзацтағы "кiрiстер" деген сөздердiң алдынан "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн республикалық бюджет шығыстарының функционалдық бюджеттiк сыныптама кодтарын Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларына көшiру кестесi";
23-тармақта:
сегiзiншi абзац:
"мемлекеттiк мекемелер" деген сөздердің алдынан "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсететiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде 10 таңбалы шифр қояды";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодын қояды";
53-1-тармақта:
"кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесі", "шығыстарының тiзiмдемесi", "кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiн" деген сөздер ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне "қаржыландырудың жиынтық жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
61-тармақта:
"мемлекеттiк мекемелер" деген сөздердің алдынан "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
"сыныптама шығыстарының" деген сөздерден кейiн "ал, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің бастапқы құжаты - 10 таңбалы шифр";
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердiң бастапқы құжаты бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодын қамтуы тиiс";
73-тармақта:
"10 мәндi код Бюджеттiк сыныптама коды" деген сөздер "10 мәндi шифр" деген сөздермен ауыстырылсын";
"лимиттердi иеленушi" деген сөздердің алдынан "қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн" деген сөздермен толықтырылсын";
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн лимиттердi иеленушiлер "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 мәндi кодын қояды";
75-тармақта:
"мемлекеттiк мекемелер" деген сөздердiң алдынан "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
"сыныптама шығыстарының" деген сөздерден кейiн "ал, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің құжаттарында - 10 мәндi шифрiнің";
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің шоттарына қолма-қол қаражатты аудару немесе беру жолымен кассалық шығыстарды қалпына келтiруде құжаттарда бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодының бар болуы қажет";
93-тармақта:
екiншi абзац мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ағымдағы (арнайы) шоттардағы шығыс операциялары бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде бюджет сыныптамасының 10 таңбалы төлем тапсырысы коды және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде 10 таңбалы шифр және қазынашылықтың (қаржы басқармасының) жауапты органының рұқсат визасы болған жағдайда жүргiзiледi";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi бiрлесiп қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотынан шығыс операцияларын жүзеге асыру бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы коды көрсетiле отырып жүргiзiледi";
153-тармақтың үшiншi абзацында "сметалық тағайындау" деген сөздер "жоспарлық тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
218-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазынашылықтың автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң төлем тапсырысындағы шығыстардың бюджеттiк сыныптамасында көрсетiлген 10 таңбалы кодтың дұрыстығын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелерде - 10 таңбалы шифрлық, шығыстардың осы ерекшелiгi бойынша қаражаттар лимиттерінің бар-жоғын тексередi, "рұқсат етілдi" деген штамп бедерiмен бекiтедi және қол қояды";
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн қазынашылықтың аумақтық органдарында жауапты атқарушы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң төлем тапсырысында көрсетiлген бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодының дұрыстығын тексередi";
4) "Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 195
бұйрығында
:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесінде:
Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "шығыстардың сметасын", "шығыстардың сметасы", "шығыстардың сметасымен", "шығыстар сметасы" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулері мен жекеше және көпше түрлеріне тиісінше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қаржы министрі