Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1792.

Қолданыстағы
      "Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010261_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес
                                 БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 239 V950109_ бұйрығында:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi нұсқаулықта:
      нұсқаулықтың бүкiл мәтiнi бойынша "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-қосымшада:
      1 - Қазынашылық рұқсаты нысанын толтыру тәртiбiнде:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- 1-бағанда он белгiден тұратын бюджеттiк сыныптама коды: мекеме - 3 сан, бағдарлама - 3 сан, кiшi бағдарлама - 3 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiгi - 3 сан (Қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, мемлекеттiк ақпараттық "Баск-М" жүйесiнде (бұдан әрi - "Баск-М" жүйесi) жұмыс iстейтiн министрлiктер мен ведомстволарды қоспағанда), бұлармен бюджеттiк сыныптама коды "Баск-М" жүйесiнде қолданылатын және он белгiден тұратын Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларына сәйкес көрсетiледi: мекеме - 3 сан, бағдарлама - 2 сан, кiшi бағдарлама - 2 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiгi - 3 сан, бұлар бойынша шығыстар жүргiзу рұқсат етiлген;";
      2) "Бюджеттiк ұйымдардың бухгалтерлiк есебiнiң жылдық, тоқсандық көлемi мен нысандары туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 V980517_ бұйрығында:
      бұйрықтың атауындағы және 1-тармағындағы "Бюджеттiк ұйымдардың" деген сөздер "Мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк ұйымдардың бухгалтерлiк есебiнің жылдық, тоқсандық көлемi мен нысандары туралы нұсқаулықта:
      нұсқаулықтың бүкiл мәтiнi бойынша (3.4, 3.10, 4.6, 4.22, 4.28-1-тармақтарды қоспағанда) N 1 және N 2 қосымшаларда және нысандарда (N 4 және N 7 нысандарды қоспағанда) "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасына", "шығыстар сметасын", "смета", "сметаға" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.6-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есептi кезең - өткен қаржы жылында инвестициялық жобаларға арналып бекiтiлген бюджеттiк шығыстар бойынша, сондай-ақ бюджеттерге ресми трансферттердің есепке алынуы бойынша қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген қорытынды операциялар жүргiзiлетiн жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең бар. Алдағы жылдың бюджетi үшiн есептi кезең ағымдағы жылдың 15 наурызында аяқталады.";
      4.19-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және қазынашылықтың аумақтық органдарында есептi кезеңде қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер" бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың кодтарынан кейiн бөлшек арқылы Бюджеттiк сыныптаманың анықтамалығында қолданылатын осы бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың шифрларын қояды.";
      4.30-тармақтағы "бюджеттiк сыныптама коды" деген сөздерден кейiн "(Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрi)" деген сөздермен толықтырылсын";
      4.31-тармақтың бiрiншi абзацында "бюджеттiк сыныптама кодының" деген сөздерден кейiн "(Бюджеттiк сыныптама анықтамалығы шифрларының)" деген сөздермен толықтырылсын";
      3) "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 484 V990900_ бұйрығында:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнің кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулықта:
      бүкiл мәтiн бойынша және қосымшалардағы "шығыстардың жеке сметасы", "жеке смета", "смета", "сметалар", "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен", "шығыстар сметасын", "шығыстар сметасында", "жиынтық смета" деген сөздер ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын (1 "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттар" тарауының 10 "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен және мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларынан алынған қаражаттардың есебiнiң атқарылуы" бөлiмiнен және N 45 "Ағымдағы шот" қосымшадан басқа);
      13-тармақта:
      он екiншi абзацтағы "кiрiстер" деген сөздердiң алдынан "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн республикалық бюджет шығыстарының функционалдық бюджеттiк сыныптама кодтарын Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларына көшiру кестесi";
      23-тармақта:
      сегiзiншi абзац:
      "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздердің алдынан "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсететiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде 10 таңбалы шифр қояды";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодын қояды";
      53-1-тармақта:
      "кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесі", "шығыстарының тiзiмдемесi", "кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiн" деген сөздер ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне "қаржыландырудың жиынтық жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      61-тармақта:
      "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздердің алдынан "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сыныптама шығыстарының" деген сөздерден кейiн "ал, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің бастапқы құжаты - 10 таңбалы шифр";
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердiң бастапқы құжаты бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодын қамтуы тиiс";
      73-тармақта:
      "10 мәндi код Бюджеттiк сыныптама коды" деген сөздер "10 мәндi шифр" деген сөздермен ауыстырылсын";
      "лимиттердi иеленушi" деген сөздердің алдынан "қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн" деген сөздермен толықтырылсын";
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн лимиттердi иеленушiлер "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 мәндi кодын қояды";
      75-тармақта:
      "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздердiң алдынан "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сыныптама шығыстарының" деген сөздерден кейiн "ал, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің құжаттарында - 10 мәндi шифрiнің";
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің шоттарына қолма-қол қаражатты аудару немесе беру жолымен кассалық шығыстарды қалпына келтiруде құжаттарда бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодының бар болуы қажет";
      93-тармақта:
      екiншi абзац мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ағымдағы (арнайы) шоттардағы шығыс операциялары бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде бюджет сыныптамасының 10 таңбалы төлем тапсырысы коды және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде 10 таңбалы шифр және қазынашылықтың (қаржы басқармасының) жауапты органының рұқсат визасы болған жағдайда жүргiзiледi";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi бiрлесiп қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотынан шығыс операцияларын жүзеге асыру бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы коды көрсетiле отырып жүргiзiледi";
      153-тармақтың үшiншi абзацында "сметалық тағайындау" деген сөздер "жоспарлық тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      218-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазынашылықтың автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң төлем тапсырысындағы шығыстардың бюджеттiк сыныптамасында көрсетiлген 10 таңбалы кодтың дұрыстығын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелерде - 10 таңбалы шифрлық, шығыстардың осы ерекшелiгi бойынша қаражаттар лимиттерінің бар-жоғын тексередi, "рұқсат етілдi" деген штамп бедерiмен бекiтедi және қол қояды";
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн қазынашылықтың аумақтық органдарында жауапты атқарушы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң төлем тапсырысында көрсетiлген бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодының дұрыстығын тексередi";
      4) "Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн

бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 
сәуiрдегi N 195  

V001135_

  бұйрығында:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық 
операциялар жүргізудің ережесінде:
     Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "шығыстардың сметасын", "шығыстардың 
сметасы", "шығыстардың сметасымен", "шығыстар сметасы" деген сөздер 
ауыстырылатын сөздердің септеулері мен жекеше және көпше түрлеріне 
тиісінше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің орынбасары
     Қаржы министрі 
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Жұманазарова А.Б.