Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кассалық атқарылуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық Қаржы министрлігі 1999 жылғы 7 қыркүйек N 484 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 900. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 304 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) <*>
       Ескерту. 1-тармағының 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 781  қаулысымен .
      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде:
      "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайтын тәртiппен пайдаланады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі