БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 V011442_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң орны мен уақыты туралы нұсқаулықта:
5-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтарда "тұлға" деген сөзден кейiн "не оның құрылымдық бөлiмшесi" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң баспасөз
хатшысы С.Ж. Мұқашев осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсiн. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.