"Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2002 жылғы 23 ақпандағы N 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1788. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

Күшін жойған

   ---------- Бұйрықтан үзінді ---------

Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi

      8. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кірiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2002 жылғы 23 ақпандағы N 54 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 наурызда N 1788 тiркелген, 2002 жылы "Нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде" жарияланған, N 19).

      Төраға

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi  Заңының  154-бабына сәйкес, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдейтiн орынды белгiлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң орны мен уақыты туралы нұсқаулықта: 
      5-тармақта: 
      бiрiншi және екiншi абзацтарда "тұлға" деген сөзден кейiн "не оның құрылымдық бөлiмшесi" деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң баспасөз хатшысы С.Ж. Мұқашев осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік кіріс министрлігінің
      Кеден комитеті төрағасының
      міндетін атқарушы