Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына өзгерiс пен толықтыруды енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 19 қазан N 414 Қазақстан Республикасы Әділет басқармасында 2001 жылғы 30 қараша тіркелді. Тіркеу N 1688. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384   қаулысымен .
________________________________ 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру қызметiнің дүниежүзiлiк рыногындағы өзгерiстердi назарға ала отырып, сондай-ақ Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментiнiң ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн рейтинг анықтаушарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86  қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) N 1 қосымша мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: 
      "5. "Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгi"; 
      2) N 2 қосымшаның 2-тармағындағы: 
      "ВВВ-"-дан ("Standard & Poors" жiктеуi бойынша) төмен болмауға" деген сөздер "ВВВ+"-дан ("Standard & Рооrs" жiктеуi бойынша) төмен болмауға, немесе "А++"-дан ("Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен болмауға" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

      Ұлттық Банк 
      Төрағасы