Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтингті анықтау шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3959. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу мерзімін 3-тармақтан қараңыз ).
________________________________

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділік рейтингін анықтайтын рейтинг агенттіктерінің тізбесі және осы қаулының  2-қосымшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары
бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      1-қосымшаның 5-тармақшасы, 1-тармақтың 2) тармақшасы және 2-қосымшаның 3-тармағының жетінші абзацы 2006 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 57   қаулысымен .
      3. Осы қаулының  3-қосымшасында  көрсетілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі      
Басқармасының 2005 жылғы   
29 қазандағы N 384 қаулысына 
1-қосымша          

Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру
ұйымының қаржылық сенімділік рейтингін айқындайтын рейтинг
агенттіктерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділік рейтингін айқындайтын рейтинг агенттіктері болып мыналар есептелсін:
      1. Moody's Investors Service (АҚШ);
      2. Standard & Poors (АҚШ);
      3. Fitch (Ұлыбритания);
      4. А.М. Best (АҚШ);
      5. "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігі (Ресей Федерациясы).

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі      
Басқармасының 2005 жылғы   
29 қазандағы N 384 қаулысына 
2-қосымша          

Қазақстан Республикасының резиденті емес
қайта сақтандыру ұйымының рейтингін анықтау шарттары

      1. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы қаржылық сенімділігінің рейтингісі ретінде мыналар қабылданады:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы үшін қаржылық күштердің халықаралық рейтингісі (Financial Strength Rating) немесе осы қосымшаның 2-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody's Investors Service" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шәкілі бойынша қаржылық күштердің рейтингісі (Financial Strength Rating);
      2) Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы үшін "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша сенімділік рейтингісі.
      2. Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы осы қосымшаның 3-тармағында белгіленген рейтингтен төмен емес талап етілетін ең аз қаржылық сенімділік рейтингісіне ие болуы тиіс.
      Бұл ретте "Standard & Poors", "Moody's Investors Service" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шәкілі бойынша талап етілетін ең аз рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасында "Moody's Investors Service", "Standard & Poors", және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша берілген тиісті тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингтердің біреуі бар елде тіркелуге тиіс.
      3. Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділігінің ең аз рейтингі мыналардың бірінен төмен болмауы тиіс:
      "А3" - "Moody's Investors Sеrviсе" жіктеуі бойынша,
      "А-" - "Standard & Рооrs" жіктеуі бойынша;
      ұлттық рейтинг шәкілі бойынша ең жоғары рейтинг - "Standard & Poors", "Moody's Investors Service" және "Fitch" жіктеуі бойынша;
      "А-"  -  "Fitch" жіктеуі бойынша;
      "А-" - "А.М. Веst" жіктеуі бойынша;
      "А++" - "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша.
      Ұлттық рейтинг шәкілі бойынша рейтинг ("Standard & Poors", "Moody's Investors Service" және "Fitch" жіктеуі бойынша) тиісті префикспен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы      
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен      
қадағалау агенттігі      
Басқармасының 2005 жылғы   
29 қазандағы N 384 қаулысына 
3-қосымша          

Күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1503 тіркелген, 2001 жылғы 7-20 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 10 (207) басылымдарында жарияланған);
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына өзгеріс пен толықтыруды енгізу туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 414  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1688 тіркелген, 2001 жылғы 3-16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 25 басылымдарында жарияланған);
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1503 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2418 тіркелген, 2003 жылғы 28 шілдеде-10 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және   "Вестник Национального Банка Казахстана" N 16 басылымдарында жарияланған);
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1503 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2824 тіркелген, 2004 жылы "Финансовый вестник" N 6 (6) журналда жарияланған);
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы
N 86 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 324  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3284 тіркелген, 2005 жылы "Финансовый вестник" N 1 (13) журналда жарияланған).