1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн рейтинг анықтаушарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 V011503_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) N 1 қосымша мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. "Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгi";
2) N 2 қосымшаның 2-тармағындағы:
"ВВВ-"-дан ("Standard & Poors" жiктеуi бойынша) төмен болмауға" деген сөздер "ВВВ+"-дан ("Standard & Рооrs" жiктеуi бойынша) төмен болмауға, немесе "А++"-дан ("Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен болмауға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жіберсін. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.