Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1503. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласының мәртебесі және оны одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 20 қазандағы N 3698  U973698_ Жарлығына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін. 
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілетін "Медеу" спорт кешенінің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі