Қазақстан Республикасының "Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы мен жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған отбасылық үлгiдегi балалар ауылы мен жасөспiрімдер үйлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық кесiмдер бекiтiлсiн (1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалар):
1) Отбасылық үлгідегi балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереже;
2) Отбасылық үлгiдегi балалар ауылының ана-тәрбиешiсiнiң білiктiлiк санаты;
3) Отбасылық үлгiдегi балалар ауылының ана-тәрбиешiсiнiң лауазымына конкурс өткiзудiң тәртiбi туралы ереже;
4) Балалар ауылының отбасына балаларды өткiзу туралы үлгiлiкелiсiм-шарт;
5) Жасөспiрiмдер үйi (әлеуметтiк бейiмделу орталығы) туралы ереже;
6) Жасөспірiмдер үйінде асырау туралы үлгiлі келiсім-шарт.
2. Жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білiм департаментiнiң директоры Р.М. Жұмабекова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне белгіленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрықты барлық қорғаншылық және қамқоршылық бөлiмдерiне, аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiне, жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм ұйымдарына жеткiзiлсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім департаментiнiң директоры Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Білiм және ғылым Министрiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 583 бұйрығына
1-қосымша
Отбасылық үлгідегi балалар ауылының әкімшілігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы мен Жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Z000113_ Заңына сәйкес әзiрлендi және балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң өкiлеттiгiн (бұдан әрi - әкiмшілiк) анықтайды.
2. Әкiмшiлiк балалар ауылының жұмысын атқарушы органы болып табылады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_ , Қазақстан Республикасының заңнамаларын, балалар ауылының жарғысын және осы ереженi басшылыққа алады.
3. Әкiмшiлiктi балалар ауылының құрылтайшысы уәкiлеттi орган келiсiмi бойынша тағайындайды.
4. Әкiмшiлiк балалардың мүддесiне орай балалар ауылының тiршiлiгiн ұйымдастырады және барлық қызметiн, оларды әлеуметтiк бейiмдеуге және психологтік-дәрігерлiк-педагогтiк сауықтыруға, әлеуметтiк бейiмделуге бағыттайды.
2. Әкiмшiлiктiң құқықтары мен мiндеттерi
5. Әкiмшiлiктiң қызметi:
1) балалар ауылының қызметi үшiн қалыпты жағдай жасап оның материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етедi;
2) оқу-тәрбие процесiн жоспарлап дайындайды;
3) тәрбиеленушiлердiң тәрбиеленуi, оқуы мен тұруы барысына бақылауды жүргiзiп, балалар ауылының жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасына жауап бередi;
4) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiредi;
5) ана-тәрбиешiнi лауазымынан босату негiзiн, оның құқығы, жауапкершiлiгi мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес анықтайды;
6) жылдық қаржы есебiн, шектелген штат санын және құрылымын бекiтедi;
7) материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес ана-тәрбиешiлер арасында балалар ауылына келiп түскен қаражаттарды реттейдi;
8) ана-тәрбиешiлердiң айлық қаржы есебiн қабылдайды және талдайды;
9) балалар ауылының түлектерiн тұрғын-үймен қамтамасыз ету жөнiнде дер кезiнде жергiлiктi билiк органдарымен бiрлесiп шараларды қабылдайды.
6. Әкiмшiлiк тәрбиеленуші-балалардың заңды өкiлi болып және олардың мүдделерi мен құқықтарын қорғаушы болып табылады.
7. Әкiмшiлiк жыл сайын қорғаншы және қамқоршы органға тәрбиеленушi денсаулығының жағдайы туралы, оны тәрбиелеу жөнiндегi жұмыстары, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару бойынша есеп бередi.
8. Әкiмшілiкке мүлiкке меншiктiк құқықты иесiздендiру жөнiнде мәмле жасауға жол берiлмейдi (сату-сатып алу жөнiнде, тәрбиеленушiнiң мүлкiн сыйға тарту және алмастыру оны кепiлдiкке беру, Заң бойынша мұрагерлiк және өсиеттiк құқымен тәрбиеленушiге тиiстi мүлiктен бас тартуға алып келетiн мәмле жасауға, оның мүлкiн бөлуге немесе одан өз үлесiн алуға) сондай-ақ мүлкiн азайтатын кез-келген басқа да мәмлелердi, тәрбиеленушiнiң мүлкiн жалға беру жөнiндегi мәміледен тыс (қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмімен әкiмшілiк iске асыратын жалға беру).
Әкiмшiлiк мәмiледен түскен табыстарды тәрбиеленушiнiң банктегi жеке есеп шотына аударуы мүмкiн. Әкімшілiк мәмiледен түскен табыстарды қорғаншы және қамқоршы орган келiсiмiмен және тек қана тәрбиеленушiнiң мүддесі үшiн жұмсауы мүмкін.
Тәрбиеленушi ата-анасына қайтып оралғанда немесе балалар ауылынан оқуды бiтiрiп шыққан кезде тәрбиеленушінің құжаттары мен мүлкі ата-анасына немесе тәрбиеленушiнiң өзiне тiзiмдеме бойынша нотариальдық расталған тілхатпен берiледi.
9. Тәрбиеленушiнің ата-аналары мен басқа да жақын туысқандарымен байланысы әкiмшiлiктiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Әкiмшiлiк тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен байланысына және олардың ата-аналық құқықтарының шектелуiнiң, бас бостандығын айыру орындарынан қайтып келген кездерiнде және басқа да баланың мүддесiне қайшы келмейтiн жағдайларда кедергi жасамауға тиiстi.
Әкiмшiлiк сондай-ақ тәрбиеленушiнің басқа да жақын туыстарымен (тегi бiр және жартылай тектi аталары мен әжелерi, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, қарындастарымен), егер осындай байланыстар баланың мүддесiне жауап бермеген жағдайдан тыс байланысқа кедергi жасамауға тиiстi.
10. Әкiмшiлiктi балалар ауылының жарғысымен белгiленген тәртiппен лауазымына тағайындайтын және босататын директор болып табылып және мынадай қызметтердi атқарады:
1) барлық ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн қорғайды;
2) балалардың денсаулығы мен өмiрiн қорғау, санитарлық және өртке қарсы, техника қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау ережелерiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етедi;
3) тәрбиеленушiлердi бiтiрту мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады, олардың материалдық қамтулы туралы қайырымдылық көрсетедi;
4) ана-тәрбиешiлердiң кәсiби шеберлігімен, шығармашылық өсуi үшiн жағдай жасайды;
5) келiсiм-шарттар жасайды;
6) сенiм хаттар бередi;
7) банк есеп шоттарын ашады;
8) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi болған көрсетпелер бередi, бұйрықтар шығарады;
9) қызметкерлердi жеке еңбек келiсiм-шарты бойынша жұмысқа қабылдайды және оларды босатады;
10) мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне марапаттау шараларын қабылдайды, оларды тәртiпке шақыру жаза шараларын қолданады;
11) осы Ереже, Жарғы және заңнамалар жауапкершiлiктi жүктейтiн басқада қызметтердi iске асырады.
Әкiмшiлiк жанында консультациялық-кеңес органы құқымен ана-тәрбиешiлердiң Кеңесi құрылады, оның мәжiлiсiнде балалар ауылы қызметiнiң негiзгi мәселелерi қарастырылады. Кеңес мәжiлiсi ай сайын өткiзiледi.
Кеңес шешiмi ұсыныстық сипатта болады және қызметте балалар ауылы директорының бұйрығымен енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Білiм және ғылым Министрiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 583 бұйрығына 2-қосымша
Отбасылық үлгідегі балалар ауылының
ана-тәрбиешісiнiң бiлiктiлiк санаты
1. Жасы 30-ға толған, сәйкестiк бiлiмдi, некеге тұрмаған, өзi туған және асырап алған баласы жоқ Қазақстан Республикасының азаматшасы ана-тәрбиешi болып iстей алады.
2. Ана-тәрбиешi өз қызметiнде БҰҰ-ның балалар жөнiндегi Конвенциясы (1994 ж.), Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ , Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Z990389_ заңы және басқа нормативтiк құқықтық келiсiмдерi мен оқу және тәрбие мәселелерi жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды және нормативтiк құжаттарды пайдаланады.
3. Ана-тәрбиешi педагогика, психология, жас физиологиясы мен гигиенаны, дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсетудi, тәрбие жұмысының теориясы мен әдiсiн, мемлекеттiк жастар саясатының негiзiн, азаматтық және еңбек заңнамаларын, тәрбиеленушiлердiң денсаулығы мен өмiрiн, еңбектi қорғау нормаларын пайдалануын бiлу қажет.
4. Қазақстан Республикасының "Отбасылық жобадағы балалар ауылы туралы" Z000113_ Заңына сәйкес ана-тәрбиешiлердiң мынадай білiктiк санаттары белгіленедi:
екiншi категориялы ана-тәрбиешi сәйкестiк білiм және еңбек стажы ана-тәрбиешiнiң ретiнде 3 жылға дейiн болуға тиiс;
бiрiншi категориялы ана-тәрбиешi сәйкестiк бiлiм және еңбек стажы ана-тәрбиешi ретiнде кемiнде 3 жыл болуға тиiс;
жоғарғы категориялы ана-тәрбиешi сәйкестiк бiлiм және еңбек стажы ана-тәрбиешi ретiнде кемiнде 5 жыл болуға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Білiм және ғылым Министрiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 583 бұйрығына 3-қосымша
Отбасылық үлгідегі балалар ауылының ана-тәрбиешінiң лауазымына конкурс өткiзудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйi туралы" Z000113_
Заңына сәйкес әзiрлендi және отбасылық үлгідегi балалар ауылының ана-тәрбиешiнiң лауазымына конкурс өткiзудiң тәртiбiн анықтайды.
2. Ана-тәрбиешiнiң лауазымына конкурсты конкурстық комиссия мына құрамда өткiзедi:
1) балалар ауылы орналасқан жердiң қорғаншы және қамқоршы органы өкiлi;
2) облыстық білiм беру басқармасының (департаментiнiң) өкiлi;
3) облыстық денсаулық сақтау басқармасының (департаментiнің) өкiлi;
4) балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң өкiлi.
Балалар ауылы әкiмшiлiгi конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
3. Конкурстық комиссия конкурсқа бiр ай қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялайды.
4. Конкурсқа жасы 30-ға толған, тиісті білімі бар, некеге тұрмаған және өзiнiң немесе асырап алған баласы болмаған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберіледi.
5. Конкурсқа қатысуға мыналар жiберілмейдi:
1) сот тарапынан қабiлетсiз деп танылған немесе қабілетi шектелген тұлғалар;
2) сот тарапынан ата-аналық құқығынан айырылған немесе сот тарапынан ата-аналық құқы шектелген тұлғалар;
3) заңмен белгіленген мiндеттердi орындауды немқұрайлықпен қарағаны үшiн қорғаншы мiндетiнен босатылған тұлғалар;
4) бұрын бала асырап алғандар, егер олардың кiнәсi бойынша бала асырап алу құқығынан сот арқылы айырылғандар;
5) сотталған тұлғалар;
6) денсаулығына байланысты бала тәрбиесi жөнiндегi мiндеттердi атқару мүмкiн емес тұлғалар.
6. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық комиссияға мына құжаттарды тапсырады:
1) өтiнiш;
2) кадрлар бойынша жеке iс-қағазы;
3) белгіленген тәртiппен бекiтiлген бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi;
4) белгiлеген тәртiппен бекiтiлген еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
5) бiр дана 3Х4 көлемiндегi фотосурет;
6) өтiнiш берушi қажет деп санайтын басқа да құжаттар.
7. Конкурс конкурсқа қатысуға өтiнiш берген тұлғалармен сұхбат түрiнде өткiзiледi.
8. Конкурс жеңiмпазы конкурстық комиссияның шешiмiмен ана-тәрбиешiнiң лауазымына тағайындауға ұсынады.
Конкурстың комиссиясының ұсынысына сәйкес ана-тәрбиешi өз лауазымына балалар ауылы әкiмшілігi басшысының бұйрығымен тағайындалады және сонымен жеке еңбек келiсiм-шартын жасасады.
9. Конкурсқа қатысып, бiрiктеуден өтпей қалған ана-тәрбиешiге үмiткерлер, олардың келісiмi бойынша конкурстық комиссия резервке тiркеуге ұсынады.
10. Резервке тiркеудi қорғаншы және қамқоршы орган жүзеге асырады. Резервке алынған ана-тәрбиешiлердiң тiзiмi балалар ауылының әкiмшілiгiне берiледi.
Резервтегi ана-тәрбиешiлердi ана-тәрбиешiнiң қызметiн атқаруға шақыру, заңнамаларда қарастырылған жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган келiсiмi бойынша және онымен жеке еңбек келiсiм-шартын жасау арқылы балалар ауылының әкiмшілігі жүзеге асырады. (РҚАО-ның сілтемесі: Z000113_ (т.3 17-бап) қараңыз.)
Қазақстан Республикасының
Білiм және ғылым Министрiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 583 бұйрығына 4-қосымша
G011629a
а
Балалар ауылының отбасына балаларды өткiзу туралы үлгілi
КЕЛIСIМ-ШАРТ
_____________ 200__ ж. "___"________
(қала, ауыл)
Осы келiсiм-шарт _____________________________________________ әкiмi жанындағы қорғаншы және қамқоршы органымен
_____________________________________________________________________________________ атынан (аты, әкесiнiң аты, фамилиясы)
Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 1346 қаулысымен бекiтiлген ереже негiзiнде әрекет ететiн, бұдан әрi "қорғаншы және қамқоршы" деп аталатын бiр жағынан, және Қазақстан Республикасы азаматы_____________________________________________________________________ (аты-жөнi, әкесiнiң аты)_____________________________________________________________________ (жеке куәлiгiнiң N, қашан, кiм берген)
бұдан әрi "ана-тәрбиешi" деп аталатын, келісім-шартты мыналар туралы жасасты:
Келiсiм-шарт заты
Қорғаншы орган______________________________________________________ (туған жылы, айы, күнi)_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, әкесiнiң аты)
баланы ана-тәрбиешiнiң отбасына тәрбиеге бередi, ал ана-тәрбиешi осы келiсiм-шартқа сәйкес баланы оқытуды, тәрбиелеудi, асырауды қамтамасыз етудi мiндетiне алады және психикалық, рухани мен адамгершiлiк дамуына ықпал етiп, дәрiгерлiк-психологтiк, әлеуметтiк жағынан оңалтып бейiмдейдi.
Бала ана-тәрбиешiнiң тәрбиесiне 18 жасқа толған мерзiмге дейiн беріледi.
Бала 10 жасқа толғанда отбасына тәрбиеге осы келiсiм-шарттың бiртұтас бөлiгi болып табылатын жазбаша келiсiммен берiледi.
Ана-тәрбиешi отбасына тәрбиеге берілетiн баланы балалар ауылыдиректорының бұйрығымен рәсiмделедi.
Жақтардың мiндеттерi мен құқықтары
Қорғаншы және қамқоршы органдарының мiндеттерi мен құқықтары:
балаларды асырауды, тәрбиелеудi, денсаулығын бақылауды және мүлкiн басқаруды жүзеге асырады;
тәрбиелеу мен оқыту түрлерiн және әдiстерiн ұсынады;
ана-тәрбиешiге мына құжаттарды бередi:
1) туу туралы куәлiк;
2) баланың денсаулығы туралы жинақтан көшiрмесi және денсаулығының жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
3) анасының денсаулығы жағдайы туралы және босанудың барысы туралы анықтаманы (егер бала перзентхана мен перзентхана бөлiмiнен берiлген болса);
4) бiлiмi туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) ата-аналар туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi, сот шешiмi немесе өкiмi, науқас туралы анықтамасы, ата-анасының жоқтығын дәлелдейтiн, ата-аналар іздеуде болуы туралы және өздерi балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi мен ата-анасының жоқтығын дәлелдейтiн басқа құжаттарды);
6) ағалары және апа-сiңлiлерi және олардың тұратын мекен-жайы туралы анықтамасы;
7) балаға тиiстi мүлiктiң тiзiмдемесi және оны сақтауға жауапты тұлға туралы мәлiмет;
8) бұрынғы тұрғын-үйдi кәмелетке толмаған балаға бекіту туралы құжаттары;
9) алимент төлеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ зейнетақы және басқа да әлеуметтiк төлемдердi алу құқығын растайтын құжаттарды;
10) банк мекемелерiнде баланың атына ашылған есеп шоты туралы құжаты;
11) басқа да құжаттарды;
Ана-тәрбиешiнiң мiндетi мен құқықтары:
баланы тәрбиелеу оның пiкiрiмен және қорғаншы мен қамқоршы органының ұсынған жолымен анықтайды;
оқыту мекемесi мен оқыту түрлерiн iрiктейді;
балалардың орта бiлiм алуына жағдай жасайды;
баланың атына берiлген құжаттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы туралы қамқорлық жасауға, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тән саулығының, психикалық, рухани және адамгершiлiк дамуына ықпал етедi.
Келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзу
Балаларды отбасылық балалар ауылына беру туралы келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзу мына жағдайларда iске асырылу мүмкiн:
1) ана-тәрбиешiнiң бастамасы бойынша дәлелдi себептерi болғанжағдайда (науқас, отбасы жағдайының өзгеруi және өз мiндетiн атқаруға мүмкiн болмаған басқа жағдайларда);
2) ана-тәрбиешiге жүктелген мiндеттерден бас тартуына, өз құқықтарын пайдалана отырып қиянат жасау, балаға қатыгездiкпен қарау, оның iшiнде оларға тән немесе психикалық қысым жасау, қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша баланың оқуы және тәрбиесiне, асырау үшiн басқа да келеңсiз жағдайлары пайда болуынан;
3) баланың ата-аналарына қайтарылуы немесе оны асырап алу;
4) баланы отбасына беру туралы келiсiм-шарттың шарттары бұзылғанда.
Келiсiм-шарт мерзiмi
Тәрбиеленушiлер кәмелетке толғанға дейінгі кезеңге келiсiм-шарт жасалады.
Жақтардың жауапкершілiгі
Жақтарға осы келiсiм-шарттың шарттары бұзылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
Осы келiсiм-шарт қазақ тiлiнде екi нұсқада жасалған: жақтар үшiн бiр-бiреуден. Ана-тәрбиешi келiсiм-шартты балалар ауылының әкiмшiлiгiнде сақтау мүмкiн.
Қорғаншы және қамқоршы органы Азаматша ______________________ ___________________
(қолы) (қолы)
Жақтардың заңды мекен-жайы:
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
М.О.
Қазақстан Республикасының
Білiм және ғылым Министрiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 583 бұйрығына 5-қосымша
Жасөспірімдер үйi (әлеуметтiк бейiмделу орталығы) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балалар ауылының Жасөспірімдер үйi (әлеуметтiк бейiмделу орталығы) туралы (бұдан әрi - Жасөспірімдер үйi) Ереже Қазақстан Республикасының "Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы мен Жасөспірімдер үйi туралы" Z000113_ Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Жасөспірімдер үйi балалар ауылының жанында ұйымдастырылады және оның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Жасөспірімдер үйi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен балалар үйiнiң жанында құрылу мүмкiн.
3. Жасөспірімдер үйi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, балалар ауылының (балалар үйiнiң) Жарғысын және осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Жасөспірімдер үйi өз қызметiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкімшiлiгiмен, қорғаншы және қамқоршы, бiлiм беру органдарымен, iшкi iстер, денсаулық сақтау еңбекпен қамту мәселелерi бойынша құрылтайшы органдармен тығыз бiрiккен әрекетте болады.
2. Жасөспірімдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
5. Жасөспірімдер үйi балалар үйiнiң бiтiрушiлерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, олардың тiлегi бойынша қоғамда бейiмделуiне көмек көрсету мақсатында құрылады (әлеуметтiк бейiмделу).
6. Жасөспiрімдер үйi көрсетiлген мақсаттарға сәйкес мына мiндеттердi атқарады:
1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауды;
2) жеке дара қабылеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етудi;
3) тәрбиеленушiлер мен бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыруғажәрдемдеседi.
3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғаларды қабылдау тәртiбi
7. Жасөспірімдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден мына тұлғалар өтуi мүмкiн:
1) 16 жастан асқан балалар ауылының және балалар үйiнiңтәрбиеленушiлерi;
2) 23 жасқа дейiнгi балалар ауылы мен балалар үйiнiң бiтiрушiлерi;
8. Балалар ауылының және балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiн
Жасөспірімдер үйiне ауыстырған кезде жеке құжаттары қоса берiледi.
9. Жасөспірімдер үйiне келуге ниет бiлдiрген балалар ауылының және балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi мына құжаттарды тапсыруға тиiстi:
1) жеке өтiнiшi;
2) облыстық, Астана мен Алматы қалаларының бiлiм беру басқармаларының (департаменттерiнiң) жолдамасы;
3) жеке куәлiгi (түпнұсқасы);
4) денсаулығының жағдайы туралы анықтамасы;
5) ата-аналары туралы мәлiмет, ата-аналарының қайтыс болғандығы туралы куәлiгiн;
6) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң, басқа да жақын туыстарының саны, мекен-жайы туралы анықтамасы;
7) оқу немесе жұмыс орынынан анықтамасы.
10. Жасөспірімдер үйiне Жасөспірімдер үйi директорының бұйрығымен қабылданады.
11. Қабылдау кезiнде әлеуметтiк бейiмделуден өту үшiн Жасөспірімдер үйiнiң әкімшiлiгi тұлғаны iшкi ережемен, оның мақсаттары мен мiндеттерiмен таныстыруға тиiстi.
4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалардың құқықтық жағдайы
12. Жасөспірімдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында K951000_ қарастырылған азаматтардың барлық құқықтарын сақтауға кепiлдiк бередi.
13. 16-дан 23 жасқа дейiнгi әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалар өзiнiң азаматтық құқықтарын дербес iске асырады және жауапкершiлiк жүктейдi.
14. Әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн 16-дан 18-ге дейiнгi тұлғалардың мүддесiн Жасөспірімдер үйiнiң (балалар үйiнiң) әкімшiлiгi iске асырады.
Атап өтiлген тұлғалар өздерiнiң еңбекақысына, стипендиясына және интеллектуалдық меншiк құқы объектiлерiнiң жасаған басқа да табыстарына дербес өкiмдiк етуге және ұсақ тұрмыстық мәмiлелер жасауға құқылы. Олар банкке салымдар енгізуге және өздерiнiң бар салымдарына немесе олардың атына бiреулердiң қойған салымдарына дербес өкiмдiк етуге құқылы.
Басқа мәмiлелердi жасау балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгiнiң келiсiмiмен iске асырылады. Осындай келiсiмнiң формасы заңнамалармен белгiленген кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле формасына сәйкес болуға тиiстi.
Балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгi ұсынысы бойынша жеткiлiктi негiздер болған кезде қорғаншы және қамқоршы орган тұлғалардың осы тармақта көрсетiлген өздерiнiң еңбекақысына, стипендиясына және интеллектуалдық меншiк құқы объектiлерiнiң жасаған басқа да табыстарына дербес өкiлдiк ету құқын бекер етуi немесе шектеу мүмкiн.
15. Әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн 16 жастан 18 жасқа дейiнгi тұлғаларға осы Ереженiң 14 тармағына сәйкес олардың жасаған мәмiлелерi бойынша дербес жауапкершiлiк өздерiне жүктеледi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне K941000_ сәйкес әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
Егер көрсетiлген тұлғалардың қорғаншысы балалар ауылы (балалар үйi) болса, онда балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгi келтiрiлген зиянды толық немесе жетпеген бөлiгiн, егер зиян оның кiнәсi бойынша болмағанын дәлелдегенде, толықтыруға мiндеттi.
Балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгiнiң зиянды толықтыру мiндетi зиян жасағанның кәмелет жасына толғанында немесе оның кәмелет жасына жеткенге дейiн мүлкi, басқа да зиянды толықтыру үшiн жеткiлiктi табыс көздерi болғанда, немесе ол кәмелет жасына толғанға дейiн iс-әрекетке қабiлеттiлiкке жеткенде тоқтатылады.
16. Әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтары балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгi арасында жасалған келiсiм-шартпен, сондай-ақ iшкi тәртiп ережесiмен анықталады.
5. Жасөспірімдер үйiн басқару
17. Жасөспірімдер үйiн басқаруды балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгiмен балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгi ұсынысы бойынша құрылтайшы лауазымына тағайындайтын жеке лауазымынан босататын Жасөспірімдер үйiнiң директоры бiрлесiп iске асырады.
Балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгi мен Жасөспірімдер үйі директорының өзара iс-қимыл әрекеттерi жарғымен анықталады.
18. Жасөспірімдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi:
1) әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалардың құқықтарын мен мүдделерiн қорғау;
2) әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалар үшiн тиiстi тұрғын үй-тұрмыс жағдайын жасау және бос уақытын өткізу шараларын ұйымдастырады;
3) еңбек рыногының сұранысын үйрену, еңбекпен қамту мәселелерi бойынша әртүрлi ұйымдар мен уәкiлеттi органдар арасындағы байланысты қамтамасыз ету және әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшiн ұйымдарда бос орындарды анықтау;
4) әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғаларды жұмысшы мамандықтарына оқытуды қамтамасыз ету мақсатында көмекшi шаруашылықтарды, өндiрiстiк шеберханаларды, кiшi ағаш, металл өңдеу және басқа да шағын кәсіпкерлiк объектiлерiн құру;
5) Жасөспірімдер үйiнде тұратын әлеуметтiк бейiмделуге жататын тұлғаларға ықпал ететiн әртүрлi iс-шараларды ұйымдастырып өткізу, жеке дара қабылетiн дамытуға ықпал ету;
6) әлеуметтiк бейiмделудi өтетiн тұлғаларға қажет болған жағдайда жедел дәрiгерлiк көмек көрсетудi ұйымдастыру;
7) әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалардың iшкi тәртiп ережелерiн сақтауын бақылау. Көрсетiлген ереженi өрескел бұзған жағдайда директор балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгiне әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғаларды Жасөспірімдер үйiнен шығару жөнінде ұсыныс беруге құқылы;
8) балалар ауылы (балалар үйi) жарғысымен қарастырылған басқа да мiндеттерi.
19. Директор әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғалардың келiсiмiмен балалар ауылын (балалар үйiн), Жасөспірімдер үйiн көріктендiру жұмыстарына қатыстыруға құқылы.
6. Жасөспірімдер үйiнiң қаржыландыру, материалдық базасы
20. Жасөспірімдер үйiнiң материалдық базасын қамтамасыз ету балалар ауылы (балалар үйiнiң) әкімшiлiгiне жүктеледi.
Жасөспірімдер үйiнде ерлер мен әйелдер бөлек тұратын тиiстi жиһаздармен жабдықталған тұрғын бөлмелер (бөлме); ас даярлайтын және тамақтанатын тұрмыстық бөлмелердi (немесе асхана); жеке заттарын сақтайтын сақтау бөлмесi; кiр жуатын, санитарлық тораптар, шомылу бөлмесi және басқа да көмекшi бөлмелер қарастырылуы тиiстi.
21. Әлеуметтiк бейiмделу жөніндегi iс-шараларды iске асыруға арналған шығындары балалар ауылы (балалар үйi) әкімшiлiгi бекiткен смета бойынша құрылтайшылардың және басқа да заңмен тыйым салынбаған көздердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
22. Тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жиһазбен қамтамасыз ету нормасы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады. (РҚАО-ның сілтемесі: P000738_ қараңыз.)
Жасөспірімдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн тұлғаларға мемлекеттiк мекемелер жанында, толық және iшiнара мемлекеттiк қамтамасыз ету олардың күндiзгi оқу арқылы кәсіптiк бiлiм алғанға дейiн кепiлдiк берiледi.
Қазақстан Республикасының
Білiм және ғылым Министрiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 583 бұйрығына
6-қосымша
Жасөспiрiмдер үйiнде асырау туралы үлгiлi
КЕЛIСIМ-ШАРТ
________________ 200__ ж. "__" __________
(қала, ауыл)
"________________" балалар ауылының әкiмшілiгi
(N___ балалар үйi) директоры _________________________________ атынан,
(аты-жөнi, әкесiнiң аты)
Жарғы негiзiнде әрекет ететiн, бұдан әрi "Әкiмшiлiк" деп аталатын, бiр
жағынан және Қазақстан Республикасының азаматы
___________________________екiншi
(аты-жөнi, әкесiнiң аты)
жағынан мыналар туралы осы Келiсiм-шартты жасасты:
1. Келiсiм-шарт заты
Әкiмшiлiк Жасөспiрiмдер үйiнде азаматқа жасы 23-ке толғанға дейiн жабдықталған тұрғын бөлме бередi және әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етедi.
2. Жақтардың мiндеттерi мен құқықтары
Әкiмшiлiк:
1) жату үшiн жарамды және санитария-тазалық нормаларына сәйкескелетін тұрғын бөлме береді;
2) егер азамат оқу орнында оқитын жағдайда, оқу үшiн қажет жағдайды қамтамасыз етедi;
3) қажеттi тұрмыстық жағдайлармен (асхана үшiн, заттарды сақтау, жуынатын, кiр жуатын, санитарлық тораптармен және т.б.);
4) оның заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғауға;
5) елжандылық пен азаматтық сезiмдерiн ұғып-түсiнуге, рухани-адамгершiлiктi дамыту, интеллектуалдық, тән саулығына жеке қабылетiнің дамуына ықпал етуге және әлеуметтiк қалыптасуына көмек ететiн шараларды ұйымдастырып өткiзуге;
6) оны жұмысқа орналастыру шараларын қабылдауға;
7) демалысын ұйымдастыру шараларын қабылдауға;
8) көмекшi шаруашылық, өндiрiс шеберханалары, кiшi ағаш өңдеу, темiр өңдеу және басқа да өндiрiстер болған кезде жұмысшы кәсiбiне оқытуды қамтамасыз етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда белгiленген нормалар бойынша жұмсақ жиhаздармен, аяқ киiммен, киiм-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Әкiмшiлiк:
1) iшкi тәртiп ережелерiнiң орындалуын бақылауға және талап етуге;
2) азаматтың келiсiммен осы Жасөспiрiмдер үйiн және балалар ауылын (балалар үшiн) көрiктендiру жөнiндегi жұмыстарға қатыстыруға;
3) егер азамат еңбек етiп, жеке еңбекақы тапқан жағдайдаЖасөспiрiмдер үйiнде тұрғаны үшiн келiсiм бойынша төлем ақы белгiлеуге мiндеттi.
Егер азамат оқу орнында оқитын болса, тұрғын бөлме оған тегiн берiледi;
4) азаматты Жасөспiрiмдер үйiнен iшкi тәртiп ережелерiн өрескел бұзғаны үшiн шығаруға;
5) егер тұрғын бөлме ауданы санитарлық-тазалық нормаларына жауап берген жағдайда басқа тұрушыны енгiзуге құқылы.
Азамат:
1) берiлген тұрғын бөлменi мақсатты пайдалануға, оны таза және тәртiптi ұстауға;
2) тұрғын бөлменi, сондай-ақ оған пайдалануға берiлген Жасөспiрiмдер үйiнiң жабдықтары мен құралдарын сақтауға;
3) Жасөспірімдер үйі әкімшілігінің көрсетпелерін және ішкі тәртiп ережелерiн қатаң орындауға;
4) қызмет етушiлер мен Жасөспiрiмдер үйiнде тұратын басқа тұлғалардың абройы мен құрметiн сыйлауға;
5) Жасөспiрiмдер үйiнiң көмекшi шаруашылықтарында өндiрiстiк және басқа да шеберханаларында жұмыс iстеген кезiнде техника қауiпсiздiгi ережелерiн орындауға мiндеттi.
Азамат:
1) заңды құқықтары мен өз мүддесiн қорғауға талап етуге;
2) әкiмшiлiк анықтаған жағдайда Жасөспiрiмдер үйiнiң мүлкi мен жабдықтарынан пайдалануға;
3) кәсiптiк бiлiм алуға;
4) еңбек еркiндiгіне өзiнiң конституциялық құқығын пайдалануға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылғанжеңiлдiктерден пайдалануға құқылы.
3. Келiсiм-шарттың әрекет ету мерзiмi
Осы келiсiм-шарт жақтардың қол қойған сәтiнен бастап және азамат 23жасқа толғанға дейiн әрекетке енедi.
4. Келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзу
Келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзу мына жағдайларда мүмкін:
1) жақтардың келiсiмi бойынша;
2) азамат iшкі тәртiп ережесiн бiрнеше дүркiн немесе өрескел бұзғаны үшiн;
3) азамат заңды некеге отыруына байланысты;
4) баланың дүниеге келуi;
5) азамат сот шешімiнiң күшiне енуiне байланысты мерзімін өтеу үшін сотталғанда.
5. Басқа шарттар
Жақтардың келiсiмi бойынша осы Келiсiм-шартқа толықтырулар менөзгерiстер енгiзiлу мүмкiн, ол Келiсiм-шарттың бiртұтас бөлігi болыптабылады.
Келiсiм-шарттың орындалу барысында пайда болған келiспеушілiктер келiссөздер арқылы шешiледi, ал бiр келiсiмге келмеген жағдайда - сот арқылы.
Осы келiсiм-шарт қазақ тiлiнде екi нұсқада жасалған: жақтар үшін бір-біреуден.
Жасөспiрiмдер үйiнiң
директоры Азамат
________________ __________________
(қолы) (қолы)
М.О.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Шарипова М.Е.