1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау ережелерi қосымшаға сай бекiтiлсiн.
2. IIББ, IIБ, КIIББ бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кадр жұмысы департаментi (Сүйiншәлиев М.М.) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
вице-Министрi полиция полковнигi С.Н. Баймағанбетовке және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Кадр жұмысы департаментiнiң бастығы полиция полковнигi М.М. Сүйiншәлиевке жүктелсiн. 6. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 265 V990859_ бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор "Келісілді" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Білім және ғылым 2001 жылғы 16 маусымдағы бірінші вице-Министрі N 473 бұйрығымен бекітілген 2001 ж. 14.06. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына (ары қарай - колледждер) орта немесе орта кәсiби бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң колледждерiне оқуға түсушiлер қабылдау емтихандарын қазақ және орыс тiлдерiнде тапсыра алады.
3. Қабылдау емтихандары кешендi тестiлеу формасы бойынша жалпы орта мектептiң оқу бағдарламасы көлемiнде үш пәннен жүргiзiледi.
4. Тесттiк сынақ мына пәндер бойынша жүргiзiледi:
N 0202002 "Құқыққорғау қызметi", N 0205002 "Құқықтану" мамандығы бойынша:
жалпы тарих;
Қазақстан тарихы;
Қазақ немесе орыс тiлi.
Оқу орындарының қабылдау комиссиясы қызметтен қол үзбей оқудың түсу емтихандарының тiзiмi мен өткiзу түрiн белгiлейдi.
5. Әрбiр пәннен тест сұрақтарының саны 25. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған жауабының жалпы ұпай саны 30 пайыздан аз азаматтар курсанттар қатарына оқуға қабылдауға жiберiлмейдi.
Кешендi тестiлеуге астрономиялық 1,5 сағат берiледi.
6. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына тест нәтижелерi жеткiзiледi.
7. Қабылдау емтихандарының мерзiмi күндiзгi оқу факультеттерiне тамыздың 1-нен 10 дейiнгi кезеңде жүргiзiледi. Сырттай оқу түрiне оқуға қабылдауды 20 қыркүйекте аяқтау қажет.
8. Оқуға қабылдау мамандықтар және оқу тiлдерi бойынша бөлек, ІІМ, облыстық IIББ (ІІБ), көлiктегi ІІББ бөлiнген қабылдау орындарын, кешендi тестiлеу мен дене тәрбиесiнен сынақ нәтижелерiн ескере отырып, конкурстық негiзде, мандаттық комиссиясының ашық жиналысында жүргiзiледi.
9. Көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
үздiк аттестаты мен бiлiм туралы үздiк дипломы бар тұлғаларды оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
Осы ережелерге сәйкес оқуға қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
10. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
11. Кешендi тестiлеу бойынша аппеляция тест нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр тәулiк iшiнде берiлуi қажет. Алынған баға аппеляциялық комиссиясының дәлелдi шешiмiмен ғана өзгертiледi.
12. Қабылдау ережелерi және де қабылдау комиссиясының оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу, тестi өткiзу кестесi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлер назарына уақытында берiлуi қажет.
13. Орта кәсiптiк оқу орындарының қабылдау комиссияларына көрсетiлген үлгiдегi анықтама негiзiнде басқа колледждерге конкурстан өтпеген, қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырған тұлғаларды оқуға қабылданған кейiнгi қалған орындарға оқуға қабылдау құқығы берiледi.
14. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi колледж бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Қызметтен қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарды демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады.
15. Оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiлiп, қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
16. Оқу орындарында сабақтар колледждер оқу жоспарында және оқу процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады. Сабаққа себепсiз 10 күн қатыспаған курсанттар оқудан шығарылады.
Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады.
17. Белгiленген үлгiде оқу орындарына қабылдаудың қорытындысы бойынша статистикалық есеп Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментінің оқу орындары және кәсіби даярлық басқармасына оқуға қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Кадр жұмысы департаментінің Оқу орындары және кәсіби даярлық басқармасы 1 қазанға дейін көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қабылдау нәтижелері бойынша қорытындылаған есеп береді. 18. Осы қабылдау ережелерінде кесімделген мәселелерді Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждерінің қабылдау комиссиялары шешеді. Мамандар: Омарбекова А.Т. Шарипова М.Е.