Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"
заңына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау ережелерi қосымшаға сай бекiтiлсiн.
2. IIББ, IIБ, КIIББ бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң орта кәсiптiк оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кадр жұмысы департаментi (Сүйiншәлиев М.М.) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер вице-Министрi полиция полковнигi С.Н. Баймағанбетовке және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Кадр жұмысы департаментiнiң бастығы полиция полковнигi М.М. Сүйiншәлиевке жүктелсiн.
6. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 265
бұйрығының
күшi жойылды деп есептелсiн.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор
"Келісілді" Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
Білім және ғылым 2001 жылғы 16 маусымдағы
бірінші вице-Министрі N 473 бұйрығымен бекітілген
2001 ж. 14.06.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң орта кәсiптiк оқу орындарына (ары қарай - колледждер) жалпы орта немесе кәсіптік бастауыш білімi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң колледждерiне оқуға түсушiлер қабылдау емтихандарын қазақ және орыс тiлдерiнде тапсыра алады.
2-1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау азаматтардың өтініші бойынша қабылдау емтихандары немесе ұлттық бірыңғай тестілеу баллдарының нәтижелері бойынша, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және бекітілген қабылдау жоспарын ескере отырып конкурстық негізде жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
3. Қабылдау емтихандары кешендi тестiлеу формасы бойынша жалпы орта мектептiң оқу бағдарламасы көлемiнде үш пәннен жүргiзiледi.
4. Тесттiк сынақ мына пәндер бойынша жүргiзiледi:
N 0202002 "Құқыққорғау қызметi" мамандығы бойынша: <*>
дүниежүзі тарихы; <*>
Қазақстан тарихы;
Қазақ немесе орыс тiлi.
Оқу орындарының қабылдау комиссиясы қызметтен қол үзбей оқудың түсу емтихандарының тiзiмi мен өткiзу түрiн белгiлейдi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
5. Әрбiр пәннен тест сұрақтарының саны 30. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған жауабының жалпы ұпай саны 30 баллдан кем азаматтар курсанттар қатарына оқуға қабылдауға жiберiлмейдi. <*>
Кешендi тестiлеуге астрономиялық 1,5 сағат берiледi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
6. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына тест нәтижелерi жеткiзiледi.
7. Колледждердің қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісілген мерзімдерде медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсетулері бойынша талапкерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Кешенді тестілеу, колледждердің курсанттар қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. <*>
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау кешенді тестілеу немесе мемлекеттік сертификат баллдарына сәйкес, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер бас басқармаларына, Ішкі істер басқармаларына, Көліктегі ішкі істер басқармаларына бөлінген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша мандаттық комиссияның ашық отырысында жүргізіледі.<*>
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
9. Көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
үздiк аттестаты мен бiлiм туралы үздiк дипломы бар тұлғаларды оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
Осы ережелерге сәйкес оқуға қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
10. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
11. Кешендi тестiлеу бойынша аппеляция тест нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр тәулiк iшiнде берiлуi қажет. Алынған баға аппеляциялық комиссиясының дәлелдi шешiмiмен ғана өзгертiледi.
12. Қабылдау ережелерi және де қабылдау комиссиясының оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу, тестi өткiзу кестесi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлер назарына уақытында берiлуi қажет.
13. Орта кәсіптік оқу орындарының қабылдау комиссияларына кешенді тестілеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттар негізінде қабылдауды жүзеге асыру құқығы беріледі. <*>
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309
бұйрығымен
.
14. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi колледж бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Қызметтен қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарды демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады.
15. Оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiлiп, қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
16. Оқу орындарында сабақтар колледждер оқу жоспарында және оқу процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады. Сабаққа себепсiз 10 күн қатыспаған курсанттар оқудан шығарылады.
Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады.
17. Белгiленген үлгiде оқу орындарына қабылдаудың қорытындысы бойынша статистикалық есеп Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментінің оқу орындары және кәсіби даярлық басқармасына оқуға қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Кадр жұмысы департаментінің Оқу орындары және кәсіби даярлық басқармасы 1 қазанға дейін көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қабылдау нәтижелері бойынша қорытындылаған есеп береді.
18. Осы қабылдау ережелерінде кесімделген мәселелерді Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждерінің қабылдау комиссиялары шешеді.