Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне қабылдау ережелерін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1999 жылғы 22 мамыр N 265 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 859. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығы. ~V011585

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі:
      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" бөлімі, 31 "Сотталғандарды және тергеудегі тұтқынға алынған адамдарды ұстау" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 30-кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      "30 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары";
      2) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерге қайта тіркеуге жататын республикалық бағдарламаларды орындаушы мекемелердің тізбесі:
      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы "реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
      "14 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі