1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 V970328_ қаулысының;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банкі Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 115 қаулысымен бекітілген
Келісілген:
1. Қазақстан Республикасының 2. Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі Кеден министрлігі
2001 жылғы 2001 жылғы
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын
жүргiзу ережесi
Осы Ереже "Валюталық реттеу туралы" Z960054_ және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалды, ол валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн айқындайды және валюталық бақылауды жүзеге асырудың негiзгi принциптерiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер мен резидент еместер жүргiзетiн валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар (бұдан әрi - уәкiлеттi банктер) арқылы жүзеге асырылады.
2. Резиденттер мен резидент еместер уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарды Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен ашады, жүргiзедi және жабады V001199_ .
3. Резидент және/немесе резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде уәкiлеттi банкке Қазақстан Республикасының валюталық Z960054_ заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етiлген құжаттарды беруге мiндеттi. Осы Ережеде және Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және/немесе резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкiлеттi банк олардың төлемдерiн немесе ақша аударымын жүзеге асыруға құқылы емес V991094_ .
4. Резидент Ұлттық Банктiң лицензиясының және/немесе тiркеу куәлiгiнiң болуы талап етiлетiн валюта операциялары бойынша төлем жасаған және/немесе ақша аударған кезде, резидент уәкiлеттi банкке осындай лицензияның және/немесе тiркеу куәлiгiнiң түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынуға мiндеттi. Берiлген құжаттар тексерiлгеннен кейiн, олардың көшiрмелерi уәкiлеттi банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады.
Осы тармақта айтылған валюта операцияларын жүргiзу нәтижесінде алынған ақша резиденттiң пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктiң лицензиясын және/немесе тiркеу куәлiгiн ұсынбаса да уәкiлеттi банк түскен ақшаны резиденттiң банктiк есепшотына аударуға құқылы, резидентке мұндай құжаттарды ұсыну қажеттiгi туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиiс.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жүзеге асырылатын төлемдердi қоспағанда, уәкiлеттi банкке талап етiлген құжаттарды бергенге дейiн резиденттiң төлемдердi және/немесе ақша аударуды жүзеге асыру үшiн мұндай ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Резидент Ұлттық Банктiң лицензиясын және/немесе тiркеу куәлiгiн бермеген жағдайда оның банктiк есепшотына ақша аударылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн уәкiлеттi банк мұндай фактiлер туралы Ұлттық Банкке хабарлауға мiндеттi.
5. Ұлттық Банк лицензиясының болуы талап етiлетiн капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары тиiстi түрде валюталық бақылау жасау мiндетi жүктелетiн бiр уәкiлеттi банк арқылы өткiзiлуге тиiс. Уәкiлеттi банк өзгерген жағдайда резидент мәмiленi орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрынғы банкке бұл жөнiнде хабарлауға мiндеттi. Мәмiленi орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрынғы уәкiлеттi банк мәмiленi орындауды және валюталық бақылауды басқа уәкiлеттi банкке бергенi туралы лицензияның түпнұсқасына тиiстi жазбалар жасауға, сонымен бiрге оның толық атауын көрсетуге мiндеттi. Мұндайда валюталық бақылауды басқа банкке берген уәкiлеттi банк сонымен бiр уақытта осы банкке бұрынғы жасалған барлық төлемдер мен ақша аударымдары және/немесе тауар жеткiзу, жұмыс, қызмет көрсету (олар болған жағдайда) туралы мәлiметтер жiберуге мiндеттi.
6. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер мен ақша аударымдары осы Ережеде, Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде, салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана жүргiзiлуге тиiс.
Уәкiлеттi банктер резиденттердiң және/немесе резидент еместердiң валюталық операциялар жүргiзу жөнiнде банктiк қызметке ақыны тараптардың келiсуi арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен алады.
Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның iшiнде банктiк қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлдары (айыппұлдар, өсiмпұлдар) ұлттық валютамен төленедi.
7. Уәкiлеттi банктер валюталық құндылықтарды резиденттерге және резидент еместерге шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беру үшiн кепiл ретiнде қабылдай алады.
8. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынысы бойынша шетелдiк инвестор және мемлекет уәкiлеттiк берген заңды тұлға немесе мемлекеттiк орган құрған резиденттерге - заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiне сәйкес аса маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн баламасы 100 миллион АҚШ долларынан кем болмайтын сомаға рұқсат беруге, Қазақстан Республикасының резиденттерi мен операциялардың жекелеген түрлерiн шетел валютасымен жүргiзуге құқылы.
9. Төлем карточкаларын пайдалана отырып валюта операцияларын жүргiзу тәртiбi осындай қатынастарды реттейтiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
2. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы
валюта операциялары
10. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары тараптардың келiсiмi бойынша кез келген валютамен жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың банктiк есепшоттары арқылы ғана жүзеге асырылады.
11. Резиденттер мен резидент еместердiң уәкiлеттi банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы валюта операциялары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып шектеусiз жүргiзiледi. Егер экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға немесе кредиттер алуға немесе беруге байланысты ағымдағы валюта операциялары бойынша тараптардың бiрiнiң мiндеттемелерi екiншi тараптың мiндеттемелерi орындалғаннан кейiн 120 күннiң ішiнде орындалмаса, онда мұндай операциялар капитал қозғалысына байланысты валюта операциялары болып саналады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Ұлттық Банкте лицензиялануға немесе тiркелуге тиiс.
12. Резидент еместер мен резиденттер немесе резидент еместер арасында жасалған шарттарға үшiншi резидент тұлғалардың шетел валютасымен немесе ұлттық валютамен ақы төлеуiне төлем жасалатын және/немесе ақша аударылатын тұлғаның және жоғарыда аталған үшiншi резидент тұлғаның арасында жасалған тиiстi шарт болған жағдайда рұқсат берiледi.
13. Ұлттық Банктiң лицензиясының болуы талап етiлетiн валюта операцияларын жүргiзген жағдайда резидент - үшiншi тұлға уәкiлеттi банкке төлем жасалатын және/немесе ақша аударылатын мәмiлеге қатысушы резидент алған осындай лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi. Төлем жасалғаннан кейiн және/немесе ақша аударылғаннан кейiн осы операцияны жүргiзген уәкiлеттi банк үш жұмыс күнi ішiнде төлем жасалған және/немесе ақша аударылғаны туралы ақпаратты Ұлттық Банктің лицензиясында көрсетiлген мәмiлеге қатысушы резиденттiң банкiне жiберуге мiндеттi. Ұлттық Банктiң лицензиясында көрсетiлген мәмiлеге қатысушы резиденттiң банкi осындай лицензия бойынша жасалған төлемдердiң және/немесе ақша аударымдарының жалпы сомасына бақылау жасайды және олардың сомасы лицензияда көрсетiлген сомадан асып кеткен жағдайда мұндай фактiлер жөнiнде Ұлттық Банкке хабарлайды.
3. Уәкiлеттi банктердiң резидент заңды тұлғалардың валюта
операцияларын жүргiзуi
14. Резидент заңды тұлғалар валюта операцияларын жүргiзу үшiн уәкiлеттi банктерде банктiк есепшоттар ашуға мiндеттi.
15. Резидент заңды тұлғалардың уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгiленген тәртiппен түскен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған операциялар жүргiзу нәтижесiнде алынған шетел валютасы шектеусiз есепке алынады V970328_ .
16. Тауар (жұмыс, қызмет) экспорты үшiн ақы төлеу ретiнде резидент заңды тұлғалар алған валюта, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес резидент заңды тұлға алған Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясында басқаша көзделмесе, тауар (жұмыс, қызмет) экспорты күнiнен бастап 120 күннiң iшiнде уәкiлеттi банктегi олардың банктiк есепшотына мiндеттi түрде аударылуға тиiс V980678_ .
Кредит және/немесе инвестиция ретiнде резидент заңды тұлғалар алған шетел валютасы, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес резидент алған Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясында басқаша көзделмесе, уәкiлеттi банктегi олардың банктiк есепшотына мiндеттi түрде аударылуға тиiс V970328_ .
Жарғылық қызметi сыйға тарту, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және өзге де түсiмдер ретiндегi қайырымдылық қызметтердi жүзеге асыруға бағытталған резидент заңды тұлғалардың пайдасына түскен шетел валютасы қолма қол, сол сияқты қолма қол жасалмайтын төлем тәртiбiмен де олардың уәкiлеттi банктегi есепшоттарына мiндеттi түрде есептеледi.
Басқа да резидент заңды тұлғалардың пайдасына сыйға тарту, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және өзге де түсімдер ретіндегі қолма қол жасалмайтын төлем тәртiбiмен түскен шетел валютасы да сол сияқты олардың уәкiлеттi банктегi есепшоттарына мiндеттi түрде есептелуi тиiс.
17. Резидент заңды тұлғалар уәкiлеттi банктегi олардың есепшоттарындағы шетел валютасын Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына қайшы келмейтiн мақсаттарға пайдалана алады.
18. Уәкiлеттi банк ақша төлеу мен аударуды резидент заңды тұлғалар тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды (шарттарды, келiсiм-шарттарды, келiсiмдердi, инвойстарды, коносаменттердi және басқаларын) ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.
Уәкiлеттi банктер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында жүргізілетiн валюта операцияларына қатысты қажетті ақпараттар мен құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.
19. Резидент заңды тұлғалардың банктiк есепшоттарынан қолма қол шетел валютасы резидент емес қызметкерлерге жалақы төлеу үшін және қызметкерлердiң шет елдерге қызметтiк iссапарларға баруына байланысты шығыстарға арнап алынуы мүмкiн. Резидент заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасын алу үшiн уәкiлеттi банкке тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды (iссапар туралы бұйрық, iссапар шығыстарының сметалары, жалақы төлеу туралы өтiнiш және басқалар) ұсынуы тиiс.
Резидент заңды тұлғалар бұрын алған қолма-қол шетел валютасының жұмсалмаған бөлiгi уәкiлеттi банктегi банктiк есепшоттарға мiндеттi түрде есептеледi. Бұрын алынған қолма-қол шетел валютасын уәкiлеттi банктегi банктiк есепшотқа есептеу жөнiндегi мiндет осы валютаны алған резидент заңды тұлғаға жүктеледi.
Ұлттық Банктiң қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар резидент заңды тұлғалар уәкiлеттi банктердегi өздерiнiң банктiк есепшоттарынан айырбас операцияларын жүргiзу үшiн қолма-қол шетел валютасын алуына болады.
20. Резидент заңды тұлғалар iшкi валюта рыногында тек қана мына мақсаттарға арнап:
резидент еместердiң пайдасына төлем жасауға және ақша аударуға;
уәкiлеттi банктерден шетел валютасымен алынған кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапар және өкiлдiк шығыстарына;
Ұлттық Банктiң осы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша корпоративтiк карт-есепшотты толтыруға V001260_ ;
жеке тұлғалардың шетел валютасымен салымдары (депозиттерi) бойынша өтемдердi төлеуге (ұйымдар үшiн жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) бойынша);
қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жасауға (Ұлттық Банктiң қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар заңды тұлғалар үшiн);
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларға арнап шетел валютасын алуына болады.
21. Резидент заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алуға тапсырыс ресiмдеу кезiнде сатып алу мақсатын көрсетуi тиiс, сондай-ақ шетел валютасы сатып алынатын операцияларды жасау қажеттiгiн растайтын құжаттарды қоса бередi және банкке осы валютаны оны сатып алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде белгiленген мақсат бойынша пайдаланбаған жағдайда iшкi валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкiлеттi етуi тиiс.
22. Резидент заңды тұлға сатып алынған шетел валютасын отыз күнтiзбелiк күн өткенде толық немесе iшiнара пайдаланбаған жағдайда шетел валютасы iшкi валюта рыногында мiндеттi түрде сатылуы тиiс.
Резидент заңды тұлға iшкi валюта рыногында бұрын сатып алған шетел валютасын резидент еместiң резидент алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамауына не резидент төлем тапсырмасында қате деректемелер көрсетуiне байланысты қайтарған жағдайда, ол резидент заңды тұлғаның банктiк есепшотына есептелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткенде iшкi валюта рыногында мiндеттi түрде сатылуы тиiс.
23. Резидент заңды тұлға есеп айырысудың аккредитивтiк нысанын көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасын сатып алған кезде ол резидент заңды тұлғаның жинақ есепшотына есептелуi мүмкiн. Резидент заңды тұлға шетел валютасын сатып алуға тапсырыс ресiмдеген кезде банктi осы валютаны аккредитивтi қолдану мерзiмi аяқталған не есеп айырысу нысанын басқаша, ақша пайдалануды көздемейтiн нысанға өзгерту күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде iшкi валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкiлеттi етуi тиiс. Есеп айырысудың аккредитивтi нысаны ақша пайдалануды көздейтiн басқа нысанға өзгерген жағдайда ол резидент заңды тұлғаның ағымдағы есепшотына есептелуi (аударылуы) және осы Ереженiң 22-тармағына сәйкес пайдаланылуы тиiс.
24. Мұндай есеп айырысулар резиденттер мен резидент еместер арасында жасалған жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен алынған кредиттердi, сондай-ақ ол бойынша сыйақылар мен басқа да төлемдердi шетел валютасымен өтеуге тыйым салынады.
25. Уәкiлеттi банктер резидент заңды тұлғаларға кредиттi шетел валютасымен қолма қол жасалмайтын төлем тәртiбiмен ғана беруге құқылы.
4. Уәкiлеттi банктердiң резидент емес заңды тұлғалардың валюталық
операцияларын жүргiзуi
26. Резидент емес заңды тұлғалар валюта операцияларын жүргiзу үшiн уәкiлеттi банктерде банктiк есепшоттар ашуға құқылы.
27. Дипломатиялық өкiлдiктердiң, консульдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында аккредитивтелген оларға теңестiрiлген, ұйымдардың банктiк есепшоттарының режимi халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес белгiленедi.
28. Резидент емес заңды тұлғалардың уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгiленген тәртiппен түсетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған операцияларды жүргiзу нәтижесiнде алынған ұлттық және/немесе шетел валютасы шектеусiз есепке алынады.
29. Резидент емес заңды тұлға уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттардағы ұлттық және/немесе шетел валютасын Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына қайшы келмейтiн мақсаттарға пайдалана алады.
Резидент емес заңды тұлғалардың банктiк есепшотынан қолма-қол шетел валютасы өзiнiң қызметкерлерiне жалақы төлеуге және олардың iссапар шығыстарын төлеуге ғана алынады.
Уәкiлеттi банктер резидент емес заңды тұлғалардың банктiк есепшотынан қолма-қол шетел валютасын тиісті түрде ресімделген құжаттарды (iссапар туралы бұйрық, iссапар шығыстарының сметасы, жалақы төлеу туралы өтiнiш және басқалары) ұсынған кезде ғана бередi.
Резидент емес заңды тұлғалардың бұрын алған шетел валютасының пайдаланылмаған бөлiгi олардың уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарға мiндеттi түрде есептелуi тиiс. Бұрын алынған қолма-қол шетел валютасын уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарға есептеу мiндетi осы валютаны алған резидент емес заңды тұлғаға жүктеледi.
Осы тармақтың екiншi және төртiншi азатжолдарында баяндалған нормалар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде белгiленген тәртiппен елшiлiк өкiлдiктерге, консульдық мекемелерге, халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiне және Қазақстан Республикасында аккредиттелген ұйымдарға теңестiрiлген өзге ұйымдарға қолданылмайды.
30. Резидент емес заңды тұлғалар шетел валютасын Қазақстан Республикасының iшкi валюта рыногында сатып алуға құқылы.
31. Уәкiлеттi банктер резидент емес заңды тұлғаларға шетел және ұлттық валютамен кредиттер беруге құқылы. Мерзiмi 120 күннен астам кредит беру үшiн Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы болуы қажет. Шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер қолма-қол жасалмайтын төлем тәртiбiмен берiледi.
Резидент емес заңды тұлғаларға iшкi валюта рыногында шетел валютасын сатып алу үшiн ұлттық валютамен берiлген кредиттердi пайдалануға тыйым салынады.
5. Уәкiлеттi банктердiң резидент және резидент емес
жеке тұлғалардың валюта операцияларын жүргiзуi
32. Резидент жеке тұлғалар-резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына шетелден әкелiнген, аударылған немесе жiберiлген, Қазақстан Республикасының аумағында алынған немесе сатып алынған валюталық құндылықтарды ала алады, оларды уәкiлеттi банктерде сақтай алады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мақсатқа пайдалана алады.
33. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың қаражаты шектеусiз түрде осы Ережеде көзделген тәртiппен уәкiлеттi банктерге олардың банктiк есепшотына есептелiнедi және осы есепшоттардан алынады.
34. Жеке тұлғалардың банктiк есепшоттары бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты операциялар, сондай-ақ үшiншi тұлға ретiнде заңды тұлғалар арасындағы келiсiм-шарттарға төлем жасау шетел валютасымен жүргiзiлмейдi.
Егер резидент немесе резидент емес жеке тұлғалар жеке кәсiпкерлер ретiнде тiркелген жағдайда, оларға шетел валютасымен банктiк есепшоттар ашылады, мұнда оны ашу және жабу тәртiбi осы Ереженiң 3 және 4-тарауларына сәйкес белгiленедi.
35. Уәкiлеттi банктер резидент жеке тұлғалар уәкiлеттi банктерге тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды (шарттар, келiсiм-шарттар, келiсiмдер, инвойстар және басқалары) бергенде ғана резиденттер жеке тұлғалар резидент еместердiң пайдасына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде төлем жасайды және/немесе ақша аударады. Мұндай құжаттарды беру мүмкiн емес болған жағдайда, уәкiлеттi банк резидент жеке тұлғалар төлем тапсырмасына уәкiлеттi банкке олардың талап етуi бойынша құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке жүргiзiлетiн ақша төлемi және/немесе аударымы бойынша ақпарат беруге рұқсат беретiн жазбалар жасаған кезде ғана төлем және/немесе ақша аударымын жүргiзедi. Резидент жеке тұлғалар бiр айдың iшiнде баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға осы тармақта келiсiлген құжаттарды бермей-ақ резидент еместердiң пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүргiзген кезде, уәкiлеттi банк үш жұмыс күнiнiң iшiндегi осы заңды тұлғалар және олар өткiзген төлем және/немесе ақша аударымы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке беруге мiндеттi.
Уәкiлеттi банктер Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтауды тексеру мақсатында салыстырмалы түрде өткiзiлген валюта операциялары туралы қажеттi ақпаратты және құжаттарды қосымша талап етуге құқылы.
36. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының iшкi валюта рыногында шетел валютасын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, уәкiлеттi банктер арқылы шектеусiз түрде сатып алуға құқылы.
37. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тек уәкiлеттi банктер арқылы айырбас операцияларын жүргiзу үшiн, өздерiнiң банктiк есепшотын шетел валютасымен есептеу ушiн, осы Ережеде көзделген жағдайларда банктiк есепшот ашпай-ақ уәкiлеттi банктер арқылы ақша аударымын жүзеге асыру үшiн, Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы бар резиденттер сататын тауарларға және көрсететiн қызметке есеп айырысу үшiн қолма-қол шетел валютасын пайдалануға құқылы.
38. Уәкiлеттi банктер резидент және резидент емес жеке тұлғаларға шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беруге құқылы. Резидент және резидент емес жеке тұлғаларға 120 күннен астам мерзiмге кредит беру үшiн Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы болуы тиiс.
39. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар уәкiлеттi банктерде банктiк есепшот ашпай-ақ, бiр жолғы ақша аударымы түрiнде осы Ереженiң 40 және 41-тармақтарында келiсiлген ағымдағы валюта операцияларын жүргiзе алады.
40. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен жүзеге асырылатын бiр жолғы ақша аударымы уәкiлеттi банктер арқылы шектеусiз жүргiзiледi.
41. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан немесе Қазақстан Республикасына бiр жолғы ақша аударымдары уәкiлеттi банктер арқылы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар көрсетiлген ақша аударымдарын бiр операция күнiнде кемiнде бiр рет қана жүргiзе алады.
Мұндай ақша аударымдары кәсiпкерлiк немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға не жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуға байланысты болуы тиiс емес.
42. Жеке тұлғалар және оның уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасынан жiберiлетiн бiр жолғы ақша аударымын және Қазақстан Республикасына аударылған бiр жолғы ақша аударымын жеке басын растайтын құжат және ақша аударымына арналған тапсырма немесе ақша аударымын алуға арналған өтiнiштi берген кезде жүзеге асырады.
43. Қазақстан Республикасына жiберiлетiн ақша аударымына арналған тапсырыста мыналар көрсетiлуi тиiс:
жiберушiнiң аты-жөнi;
жiберушiнiң жеке басын растайтын құжат туралы мәлiмет (номерi, сериясы, берiлген күнi және берген орган);
алушының СТН (егер алушы Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып табылатын болса Z952235_ );
алушының деректемелерi (егер алушы заңды тұлға болса);
алушының аты-жөнi, сондай-ақ банктiң алушының жеке басының ұқсастығын анықтауына мүмкiндiк беретiн басқа да деректерi (егер алушы жеке тұлға болса);
қызмет етушi банктiң деректемелерi;
аударым сомасы және аударымның мақсаты;
күнi және жеке адамның қолы.
Жiберушi Қазақстан Республикасынан жiберiлетiн ақша аударымына арналған тапсырыста осы ақша аударымның кәсiпкерлiк немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға не жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуға байланысты емес екендiгiн растайтын жазу болуы тиiс.
Қазақстан Республикасынан жiберiлетiн ақша аударымына арналған тапсырыста көрсетiлген деректердiң дұрыс болуы бойынша мiндеттеме ақша жiберушiге жүктеледi.
44. Қазақстан Республикасына аударылған ақшаны алуға арналған өтiнiште мыналар көрсетiлуi тиiс:
алушының аты-жөнi;
алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер (нөмiрi, сериясы, берiлген күнi және берген орган);
алушының РНН (егер алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi болған жағдайда);
аударым сомасы;
жiберушiнiң аты-жөнi, сондай-ақ жiберушiнiң жеке басын бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiн басқа да деректер;
күнi және жеке тұлғаның қолы.
Қазақстан Республикасына шет елден аударылған ақшаны алуға арналған өтiнiште алушы осы аударымның шет елдегi кәсiпкерлiк немесе инвестициялық қызметпен байланысы жоқ екенiн растайтын жазба жасауы тиiс.
Қазақстан Республикасына аударылған ақшаны алуға арналған өтiнiште көрсетiлген шынайы деректердi ұсыну мiндетi ақша алушыға жүктеледi.
45. Жеке тұлға осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн құжаттарды ұсынбаған жағдайда немесе ұсынған жағдайда уәкiлеттi банк бiр жолғы аударым жасауға немесе бiр жолғы аударым бойынша ақша беруге құқылы емес.
46. Бiр жолғы аударымды алушының келмеуiне байланысты жеке тұлғаға шет елден аударылған ақшаны беру мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi банк корреспондент-банкке ақша келiп түскен күннен бастап 180 күн өткеннен кейiн ақшаны қайтарады.
6. Валюта құндылықтарын әкелу және әкету
47. Резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасына валюта құндылықтарын шектеусіз әкеледі.
48. Резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасынан ұлттық валютаны шектеусіз әкетеді.
Ұлттық Банк эмиссиялаған және заңды төлем құралдары болып табылатын қымбат металдан жасалған металл ақша Қазақстан Республикасына еркiн әкелiнедi және әкетiледi.
49. Резидент жеке тұлғалар ақшаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарсыз баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан тыс әкете алады (осы Ереженiң 51-тармағында көзделген жағдайлардан басқа).
Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан астам мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкеткен жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы он мың АҚШ долларынан астам сомаға ақшаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Ондай құжаттарға мыналар жатады:
уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерi белгiленген тәртiппен берген шетел валютасын сатып алу туралы анықтама-сертификаттар;
банктiк есепшоттан шетел валютасымен ақшаның алынғандығын, оның iшiнде карт-есепшоттан ақшаның алынғандығын растайтын, уәкiлеттi банктер берген құжаттар;
шетел валютасының бiр жолғы аударым бойынша алынғандығын растайтын, уәкiлеттi банктер берген құжаттар;
Қазақстан Республикасына бұрын әкелiнген шетел валютасының сомасы туралы кеден декларациясы.
Нақты құны (номиналы) шетел валютасымен көрсетiлген төлем құжаттарын (вексельдер, чектер, оның iшiнде жол чектерi) әкеткен кезде ақша сомасы бойынша шектеу белгiленбейдi.
50. Резидент емес жеке тұлғалардың нақты құны (номиналы) шетел валютасымен көрсетiлген қолма-қол шетел валютасын және төлем құжаттарын әкетуi әкелу кезiнде жасалған кеден декларациясына сәйкес жүзеге асырылады (осы Ереженiң 51-тармағында көзделген жағдайлардан басқа). Әкелу кезiнде жасалған кеден декларациясында көрсетiлген сомадан асқан жағдайда резидент емес осы Ереженiң 49-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
51. Жеке тұлғалар - Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң азаматтары Кеден Одағына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан Кеден Одағына қатысушы мемлекеттерге қолма-қол ұлттық және/немесе шетел валютасын шектеусiз және осы валютаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарсыз әкеледi әрi әкетедi.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан Кеден Одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге ақшаның қайдан алынғандығын растайтын құжаттарсыз баламасы бiр мың бес жүз АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкете алады. Осы сомадан асқан жағдайда резидент емес баламасы бiр мың бес жүз АҚШ долларынан астам сомаға осы Ереженiң 50-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
52. Нақты құны (номиналы) шетел валютасымен көрсетiлген бағалы қағаздарды әкету Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасымен реттеледi Z970077_ .
53. Валюта құндылықтарын әкелу мен әкетудi кедендiк ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы белгiлейдi Z952368_ .
7. Валюталық бақылау
54. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi валюта операцияларын жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
55. Валюталық бақылаудың негiзгi бағыттары мыналар:
клиенттердiң тапсырмасы бойынша, сол сияқты өздерi жүргiзетiн валюта операцияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын анықтау;
валюта операциялары бойынша төлемдердiң заңдылығын және негiздiлiгiн тексеру;
валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толық болуын және объективтiлiгiн тексеру.
56. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз құзыретi шегiнде резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюта операцияларына осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, Ұлттық Банктiң лицензиялары мен тiркеу куәлiктерiнiң талаптарына сәйкес келу бөлiгiнде бақылау жасауға мiндеттi.
57. Валюталық бақылау органдары өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актілер шығарады, анықталған жөнсiздiктердi жою жөнiнде талаптар ұсынады және Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шаралар қолданады.
58. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi валюталық бақылауды жасаған кезде Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер және резидент еместер:
валюталық бақылау органдары жүргiзген тексерулердiң нәтижелерi туралы анықтамалармен және көрсетiлген анықтамалар негiзiнде жасалған жөнсiздiктер туралы хаттамалармен танысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң iс-әрекеттерiне шағым жасауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
59. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен:
валюталық бақылау органдары мен агенттерiне валюта операцияларын жүзеге асыруға қатысты барлық сұратылатын құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
валюталық бақылау органдарына олардың тексеру жүргiзуi барысында өз
үй-жайларына, құжаттарға және автоматтандырылған деректер базасына кiрудi қамтамасыз етуге; валюталық бақылау органдарына олардың тексеру жүргiзуi барысында, сондай-ақ олардың нәтижелерi бойынша түсiнiктер беруге; Қазақстан Республикасының заңнамасы басқа мерзiмдi белгiлемеген жағдайда жүргiзiлетiн валюта операциялары бойынша олардың сақталуын кемiнде бес жыл қамтамасыз ете отырып есепке алуға және есеп беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын (нұсқауларын) орындауға; Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы белгiлеген басқа да талаптарды орындауға. 8. Осы Ереженi бұзу жауапкершiлiгi 60. Осы Ереженi бұзу жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күшiне енедi. Ұлттық Банкі Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.