Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 8 қарашадағы N 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1377. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2009 жылғы 15 маусымдағы N 105 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі  және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2009.06.15 N 105 бұйрығымен.

      Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйелерін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. Жылжымайтын мүліктерді және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі Агенттік директорының 1998 жылғы 1 маусымдағы N 87 V980638_ бұйрығымен бекітілген тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1.2-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Тіркеуге келіп түсетін құжаттардың есебі электронды тасымалдаушыларда жүргізілуі мүмкін";
      1.3-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Құжаттардың есебін электронды тасымалдаушыларда жүзеге асырған жағдайларда, өтініштерге және құжаттарға нөмірлер беру, олардың есебі осы Нұсқаулықпен белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелгеннен кейін "Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтар" РМК-на орындалу үшін жіберілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары Г.П. Коваленкоға жүктелсін.

      Төраға