Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі  және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2009 жылғы 15 маусымдағы N 66 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 102 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті туралы ереженің 16-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 (Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізіміне N 1062 тіркелген) бұйрығы;
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызмет комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының салық салу мақсаттары үшін жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің (пәтерлердің, жеке үйлердің, саяжайлардың және көлік жайлардың) құндарын белгілеу жөніндегі Қағидаға" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 мамырдағы N 99 (Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізіміне N 1158 тіркелген) бұйрығы;
      3) "Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа толықтырулар енгізу туралы" Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 8 қарашадағы N 261 (Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізіміне N 1377 тіркелген) бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        М. Шабақбаев