Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізуге арналған Нұсқау

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі директорының 1998 жылғы 1 маусымдағы N 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қарашада тіркелді. Тіркеу N 638. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2005 жылғы 17 мамырдағы N 196 бұйрығымен.

--------Бұйрықтан үзінді-------------

      "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө орындау үшін нормативтік құқықытық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру үшін, Бұйырамын:
      1. "Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізуге арналған Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі директорының 1998 жылғы 1 маусымдағы N 87, Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 638 болып тіркелген бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

-------------------------------------   

               "1995 жылғы 25 желтоқсандағы  N 2727 Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін қолданылатын шаралар туралы" 1997 жылғы 20 ақпандағы  N 236 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру үшін: 
      Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізетін Нұсқауды бекітуді бұйырамын. 

       Директор

  Қазақстан Республикасы   
Әділет Министрлігінің    
Жылжымайтын мүлікті және  
заңды тұлғаларды тіркеу  
жөніндегі Агенттігінің   
директорының        
1998 жылғы 1 маусымдағы  
N 87 бұйрығымен бекітілген

Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын
жүргізуге арналған
Нұсқау 

1. Жалпы ережелер 

      1.1. Осы Нұсқау тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын (бұдан былай - Кітап) жүргізу тәртібін белгілейді. 
      1.2. Кітап Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі Агенттігінің Жылжымайтын мүлік бойынша Орталықтарында (бұдан былай - Жылжымайтын мүлік бойынша Орталық) Жылжымайтын мүлікке. Құқықтардың (Құқықтардың ауыртпашылықтан) болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және онымен жасалған мәмілелерді, тіркеу үшін берілген өтініштерді есепке алу және олардың арасындағы артықшылықты белгілеу мақсатында пайдаланылады. 
      Тіркеуге келіп түсетін құжаттардың есебі электронды тасымалдаушыларда жүргізілуі мүмкін.<*> 
       Ескерту: Тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 8 қарашадағы N 261   бұйрығымен .
      1.3. Тіркеуге берілген әрбір өтініш оның Кітапта тіркелген реттік нөмірімен бірдей нөмірге иеленеді. 
      Құжаттардың есебін электронды тасымалдаушыларда жүзеге асырған жағдайларда, өтініштерге және құжаттарға нөмірлер беру, олардың есебі осы Нұсқаулықпен белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.<*> 
       Ескерту: Тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 8 қарашадағы N 261   бұйрығымен .
      1.4. Өтініштердің нөмірлері бірізділікпен тізбектелген болу керек және Кітапқа қабылданған ретімен жазылу керек. 
      1.5. Өтінішке қосып берілген құжаттар өтініш нөмірінің негізінде Жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпашылықтарын пайда болуын өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеу үшін Жылжымайтын мүлік бойынша Орталыққа түскен өтініште көрсетілген құжаттың реттік нөмірін қосу арқылы жасалған нөмірге иеленеді. (Жылжымайтын мүлікке құқықтардың және онымен жасалған мәмілелердің тіркелуі жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы 1997 жылғы 10 тамыздағы N 1 Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi Агенттігiнiң Бұйрығымен бекiтiлген өтініш нысандарын қараңыз).
      1.6. Кiтап келесi 10 графадан тұрады:
      1 графа - "Өтiнiш N"
      2 графа - "Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi, кадастрлық нөмiрi, орналасқан жерi (адресi)";
      3 графа - "Қабылдау күнi мен уақыты, өтiнiштердi қабылдайтын қызметкердiң қолы";
      4 графа - "Құқық иесi /өтiнiш берушi";
      5 графа - "Өтiнiш мазмұны";
      6 графа - "Өтiнiш орындаудың жоспарлы күнi";
      7 графа - "Төлем құны";
      8 графа - "Өтiнiштi орындау нәтижелерi";
      9 графа - "Берiлген құжаттардың тiзбесi";
      10 графа - "Берiлген күнi, алушы, қолы".
      1.7. Жылжымайтын мүлiк бойынша Орталықтарда аумақтық сипаты бойынша одан көп Кiтап бiр уақытта жүргiзiле алады. 
      Мұндай жағдайда белгiлi бiр аймақта ашылған Кiтапта осы аймақта орналасқан Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтардың ауыртпашылықтарын) пайда болуын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын тiркеу үшiн түскен құжаттар есепке алынады. 
      1.8. Тiркеуге түскен құжаттар бiр пунктте қабылданып, екiншi пунктте берiлiп, Кiтапқа құжаттарды қабылдау және беру туралы жазуларды ендiрудi қиындататын болса, Жылжымайтын мүлiк бойынша Орталықтарында құжаттарды қабылдау және беру үшiн бөлек Кiтаптардың жүргiзiлулерiне болады. 
      Бұл жағдайда құжаттарды қабылдау үшiн пайдаланылатын Кiтап осы Нұсқаудың 1.6. пунктiнде көрсетiлген Кiтаптың 1-7 графаларынан ал құжаттарды беру үшiн пайдаланылатын Кiтап 1, 8-10 графаларынан тұратын болады. Өтiнiшке құжаттарды қабылдау үшiн пайдаланылатын Кiтап берiлген нөмiрi тұрақты болып табылады және де құжат берiлгенде құжаттарды беру үшiн пайдаланатын Кiтапта 1 графада көрсетiледi. 
      1.9. Кiтаптың беттерi нөмiрленуi керек, ал Кiтап тiгiлiп оған Жылжымайтын мүлік бойынша Орталықтың мөрi қойылу керек. 
      1.10. Кiтапты толтырғанда 1997 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi Агенттiгiнiң Бұйрығымен бекiтiлген Құқық кадастрдың тiркеу қағазының қалыптастырылған нысанын толтыру жөнiндегi уақытша нұсқаудың N 3 қосымшасында көрсетiлген қысқартпаларды қолдануға болады. 
      1.11. Кiтапты жүргiзгенде тазарту, қосымша жазу, сөздердi сызып тастау және басқа да келiсiлмеген түзетулер болмауға тиiс. 
      Жазуларды енгiзгенде жiберiлген техникалық қателердi түзету қажеттiлiгi туса, сол күні мен осындай түзетулердi кiргiзген қызметкердiң деректемелерi көрсетiлу керек. 

2. Толтыру тәртiбi

        2.1. 1 графада күнтiзбелiк жыл бойы өтiнiштер бойынша жазулардың нөмiрленуi өтiп жатқан жыл көрсетiлiп, бiрiздiлiкпен жүргiзiледi. Әрбiр жыл басында жазулардың нөмiрленуi қайтадан басталады мысалы 98/111, мұндағы 98-жылдың көрсетуi, 111-өтiнiштiң реттiк нөмiрi. 
      Жылжымайтын мүлiк бойынша Орталық осы Нұсқаудың 1.7. пунктінде көрсетiлген жағдайларда екi және одан да көп Кiтап жүргiзiлсе, әрбiр Кiтап өзiндiк реттiк нөмiрiне иеленiп, ол әрбiр өтiнiштiң нөмiрiнде жылды көрсеткеннен кейiн жазылады мысалы, 98/1/111, мұндағы 98-жылды көрсетедi, 1-Кiтап нөмiрi, 111-өтiнiштiң реттiк нөмiрi. 
      2.2. 2 графада Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 бекiтiлген жер учаскесiнде орналасқан Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне кадастрлық нөмiрлердi беру жөнiндегi Уақытша тәртiптiң (бұдан былай - Уақытша беру тәртiбi) 3 пунктiмен белгiленген Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң сұрыптауына (классификациясына) сәйкес анықталатын Жылжымайтын мүлiк түрi және оның "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" 1996 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысымен белгiленген тәртiп бойынша жер учаскесiне берiлетiн кадастрлық нөмiрi, ал бастапқы және кейiнгi объектiлер Уақытша беру тәртiбi бойынша берiлген кадастрлық нөмiрi көрсетiледi. Мысалы: "ЗУ"-20:312:023:008, мұндағы "ЗУ"- жер учаскесi, 20:312:023:008- жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi; "ПО"- 20:312:023:008:1, мұндағы "БО" - бастапқы объект, 20:312:023:008:1- бастапқы объектiнiң кадастрлық нөмiрi; "KO" 20:312:023:008:1:26 мұндағы "КО" - кейiнгi объект, 20:312:023:008:1:26-кейiнгі объектiнің кадастрлық нөмiрi. 
      Жылжымайтын мүлiк объектiсiне кадастрлық нөмiр берiлмеген жағдайда аталған графада, оның пошта мекен-жайы (адресi) жазылады. Егер Жылжымайтын мүлiк уақытша кадастрлық нөмiрге иеленсе, онда аталған графада Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң уақытша кадастрлық нөмiрiнен басқа да оның пошта мекен-жайы (адресi) да жазылады. 
      Жылжымайтын мүлiк объектiсi бөлiну немесе қосылу арқылы пайда болған жағдайда құқығы тiркелетiн (тiркелуге тиiстi) Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң кадастрлық нөмiрiнен басқа жақшаның iшiнде бөлiну немесе қосылу арқылы Жылжымайтын мүлiк объектiсiн құрған объектiлердің кадастрлық нөмiрлерi көрсетiледi, мысалы, ЖУ-20:312:023:008 (ЖУ-20: 312:019:006, ЗУ- 20: 312: 019: 007), мұндағы КУ- 20:312: 019: 008- тiркелетiн жер учаскесiнің кадастрлық нөмiрi, (ЖУ- 20:312:019:006, ЖУ- 20:312:019:007)-қосылу арқылы құрылған тiркелетiн жер учаскесiнiң құрамындағы жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерi. 
      Бөтен жер учаскесiн (жол, жүрiс т.б.) шектеулi пайдалану құқығына жер сервитутын тiркегенде аталған графада басыңқы учаскесiнiң (соның құқық иесi сервитут құқығына иеленедi) кадастрлық нөмiрi, ал жақша iшiнде ауыртпалық түскен жер учаскесiнiң сервитут құқығының ауыртпалығы түскен нөмiрi көрсетiледi, мысалы, ЖУ- 20:312:032:005 (Жу-20:312:032:006), мұндағы ЖУ-20:312:032:005 - басыңқы жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрі, ЖУ-20:312:032:006) - ауыртпалық түскен жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi. 
      Мал айдау жолдарын бөтен үйде өмiр бойы тұруға және басыңқы байланысты емес басқа да өзiндiк сервитуттар құқығын тiркегенде аталған графада түскен Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң (Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң) ғана кадастрлық нөмiрi (нөмiрлерi) көрсетiледi. 
      Егер құқықтарына сервитуттың (өзіндік, жер т.б.) ауыртпалығы түскен жылжымайтын мүлік объектілерінің саны бестен аспаса, аталған графада жақша ішінде ауыртпалығы бар барлық жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері көрсетіледі. Бұл ретте ауыртпалығы бар бірнеше жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерінің қайталанатын бөліктері "-ІІ-" (қайталану белгісі) белгісіне ауыстырылуына болады, мысалы,   ____________________________________________________________________
Өтініш |Жылжымайтын мүліктің түрі,|Қабылдау күні мен уақыты, өтініш
  N     |кадастрлық нөмірі орналас.|қабылдайтын қызметкердің қолы
        |қан жері, (мекен-жайы)    |
_______|__________________________|________________________________
         ЖУ- (20:312:032:008
             -II-:-II-:-II-: 005
             -II-:-II-:-II-: 002
             -II-:-II-: 024: 009)
____________________________________________________________________
     Құқықтарына сервитуттың (өзіндік, жер т.б.) ауыртпалығы түскен жылжымайтын мүлік объектілерінің саны бестен астам болған жағдайда аталған графада жақша ішінде олардың саны, ал қисық сызықшадан кейін объектілердің біреуінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі, мысалы, ЖУ-(6) 20:314:034:009), мұндағы 6-құқықтарына сервитуттың ауыртпашылығы түскен жылжымайтын мүлік объектілерінің саны, 20:314:034:009- сервитуттың ауыртпалығы түскен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері құқық белгілеуші құжаттарда, өтініш нысандарында немесе басыңқы жер учаскесіне қатысты тіркеу қағазының 2.2. бөлімшесіндегі жазулар бойынша белгіленеді. 
      Айырбастау шарты негізіндегі құқықтарды тіркегенде осы графада құқығы тіркелетін объектінің деректемелері және жақша ішінде тіркелетін объектке айырбасталған объектінің деректемелері көрсетіледі. Мысалы: 20:312:032:007 (20:312:018:009), мұндағы 20:312:032:007- тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі, (20:312: 018:009)- тіркелетін объектке айырбасталған объектінің кадастрлық нөмірі. 
      2.3. 3-ші графада өтінішті қабылдау күні, сағаты, минуты, өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні және қолы қойылады.
      2.4. 4-ші графаның алымында құқық иесінің аты-жөні, ал бөлгішінде өтініш берушінің аты-жөні, ал бөлгішінде өтініш берушінің аты-жөні және жақша ішінде оның статусы (төменде берілген кестеде толтыру үлгілері көрсетілген) көрсетіледі.
___________________________________________________________________
Қабылдау күні       Құқық иесі             Өтініш
мен уақыты          Өтініш беруші          мазмұны
___________________________________________________________________
                   Абенов Марат Канатович
                   Абилов Канат Сакенович
                         (сатушы)
___________________________________________________________________
                   Иванов Петр Иванович
                   Сидоров Сергей Николаевич
                   (құқық иесінің өкілетті
                   уәкілі)
___________________________________________________________________
                   Билялов Даулет Сакенович
                   Қойшиев Үсен Құбадинович
                   (сатушының өкілетті уәкілі)
___________________________________________________________________
                   "Континенталь" ЖШС
                   Сиров Иван Алексеевич
                       (басқарушы)
___________________________________________________________________
     Құқық иесі тіркеуге өтінішті өзі берсе, алымында оның дерек.
темелері, ал бөлшегінде "-II-" (қайталану белгісі) қойылады, мысалы,
         _______________________________________________________
               Билялов Даулет Сакенович
         _______________________________________________________
                       -ІІ-
         _______________________________________________________
      2.5. 5-шi графада тiркеу объектiсiнiң түрi және жасалатын мәміленiң түрi, немесе құқықтың (құқықтың ауыртпалығының) өзге пайда болу, өзгеру немесе тоқтатылу негiзi көрсетiледi, мысалы, МҚ-өсиет бойынша мұралар, құқық иесiнiң фамилиясының өзгерiлуi, жалға беру - тоқтатылу т.б. 
      2.6. 6-шы графада 10 күннен аспайтын мерзiм есептелiнiп, тiркеу жасаланатын жоспарлы күнi көрсетiледi. Тiркеудiң өту мерзiмi өтiнiштiң тiркеуге қабылданған күнiнен кейiнгi күннен басталады. 
      Егер өту мерзiмi жұмыс iстемейтiн күнге түссе келесi жұмыс күнi өту мерзiмнiң басталуы болып саналады. 
      Мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге түссе, оның аяқталу күнi болып келесi жұмыс күнi болып есептеледi. 
      2.7. 7-шi графада жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалған мәмілелерге құқықтардың (құқықтардың ауыртпалықтарының) пайда болуын, өзгеруiн, тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу үшiн төлем көлемi туралы жазу енгiзiледi. 
      Заңдарға сәйкес тiркеу тегiн жасалған жағдайда бұл графаға "тегiн" деген жазу енгiзiледi. 
      2.8. Тiркеу әрекеттерi жасалып, тiркеу қағазына жазулар енгiзiлгеннен кейiн 8 графаға "тiркелген" деген жазу енгiзiледi. 
      Тiркеуге қабыл алынбаған жағдайда аталған графаға "қабыл алынбаған" деген жазу енгiзiледi. 
      Құқықта даулайтын азаматтың арызы бойынша тiркеу уақытша тоқтатылған жағдайда аталған графаға "уақытша тоқтатылған" деген жазу енгiзiлiп, тiркеудi уақытша тоқтатуға негiз болған арыздың нөмiрi көрсетiледi, мысалы, N 98/321 өтінiштiң негiзiнде уақытша тоқтатылған. Мерзiм туралы және құқықты даулайтын азаматтың сотқа талап арызын бергені туралы жазулар Кітаптың аталған графасында сол азаматтың арызына қарсы көрсетіледі. 
      2.9. 9 графада өтініш берушіге берілген, соның ішінде қайтарылып берілген құжаттардың тізбесі көрсетіледі. 
      2.10. 10 графада құжаттар берілген күні, айы және тіркеуші органнан құжаттарды алған азаматтың аты-жөні мен қолы қойылады. 

3. Құжаттардың берілуі

        3.1. Тіркелген құжаттар құқық иесі болып саналмайтын мәмілеге қатысушының өтініш бойынша жасалған тіркеуден басқа жағдайларда құқық иесіне (өкілетті уәкіліне) беріледі. Тіркеу (жалға беруші, сатушы, кепілдікке беруші т.б.) құқық иесі болып саналмайтын мәмілеге қатысушының өтініші негізінде жасалса, өтініш берушіге тіркеу белгісі бар құқық беруші құжат қана, қайтарылып беріледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік тек қана құқық иесіне беріледі. Құқық иесі болып саналмайтын қатысушы мәмілені тіркегеннен кейін құқық иесі (сатып алушы, жалға беруші, кепіл ұстаушы т.б.) құқықты тіркеу үшін өтініш жасаған жағдайда қайтадан тіркеу жүргізілмейді. Құқық иесінің құқық белгілеуші құжаттарында тіркеу туралы штамп басылады және ол өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік тіркеу жөнінде куәлік беріледі, мұндағы тіркеу күні ретінде құқық иесі болып саналмайтын мәмілеге қатысушы тіркеу жасаған күні есептеледі.

                             Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп
                           кітабын жүргізетін нұсқауға 1 қосымша    

              Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабы


  __________________________________________________________________________
Өтініш|Жылжымай.|Қабылдау|Құқық|Өтініш.|Өтінішті|Төлем|Өтінішті|Беріл.|Бер
N     |тын мүлік|күні мен|иесі |мазмұны|орындау.|ақысы|орындау |ген   |іл
      |объекті. |уақыты, |Өті. |       |дың жос.|     |нәтиже. |құжат.|ген
      |сінің тү.|өтініш. |ніш  |       |парлы   |     |лері    |тардың|кү.
      |рі, када.|терді   |беру.|       |күні    |     |        |тізбе.|ні,
      |стрлық   |қабылда.|ші   |       |        |     |        |сі    |алу
      |нөмірі,  |ған қыз.|     |       |        |     |        |      |шы,
      |орналас. |меткер. |     |       |        |     |        |      |қо.
      |қан жері |дің қолы|     |       |        |     |        |      |лы 
      |(адресі) |        |     |       |        |     |        |      |   
______|_________|________|_____|_______|________|_____|________|______|___
  1   |    2    |   3    |  4  |   5   |   6    |  7  |    8   |  9   |10 
______|_________|________|_____|_______|________|_____|________|______|___
      |         |        |     |       |        |     |        |      |   
______|_________|________|_____|_______|________|_____|________|______|___