Тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 8 қарашадағы N 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1377

Қолданыстағы
      Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйелерін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. Жылжымайтын мүліктерді және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі Агенттік директорының 1998 жылғы 1 маусымдағы N 87 V980638_ бұйрығымен бекітілген тіркеуге түсетін құжаттардың есеп кітабын жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1.2-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Тіркеуге келіп түсетін құжаттардың есебі электронды тасымалдаушыларда жүргізілуі мүмкін";
      1.3-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Құжаттардың есебін электронды тасымалдаушыларда жүзеге асырған

жағдайларда, өтініштерге және құжаттарға нөмірлер беру, олардың есебі осы 
Нұсқаулықпен белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі".
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 
тіркелгеннен кейін "Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтар" РМК-на 
орындалу үшін жіберілсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Тіркеу қызметі комитеті 
төрағасының орынбасары Г.П. Коваленкоға жүктелсін.
     
     Төраға
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Шарипова М.Е.