Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтарда N 1350 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Сыртқы iстер Министрiнiң  
2000 жылғы 21 қарашадағы N 264
бұйрығымен бекiтiлдi   
 

Консулдық заңдастыру
Ережелері

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "консулдық мекемелер", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекемелермен", "консулдық мекемеде", "шет елде" деген сөздер тиісінше "шет елдік мекемелер", "шет елдердегі мекемелерде", "шет елдердегі мекемелермен", "шетелдегі мекемелер", "шет елде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Консулдық заңдастыру (бұдан әрі - заңдастыру) дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.
      Заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету заңдастырудың мақсаты болып табылады.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      3. Заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады:
      1) шетелде - Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерi ;
      2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi).
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Консулдың тапсырмасы бойынша заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады.
      Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығарған құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды.  

      6. Төмендегi операцияларды жүргiзуге уәкiлеттi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнiң атынан шетелде кез келген түрдегi iс-қимылдарды жасауға сенiмхаттарды, сондай-ақ аталған ұйымдар мен мекемелердiң қызметiне байланысты басқа да құжаттарды заңдастыруды Консулдық қызмет департаментi ғана жүргiзедi.

      7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.

      7-1. Егер қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, құжаттар мен актілер заңдастыруға жатпайды.
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

2. Қазақстан Республикасының шетелдегі
шет елдік мекемелермен құжаттар мен
актiлердi заңдастыру

       8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс.

      9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңнамасына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      11. Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Консулдық қызмет департаментіне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады.

      13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратылған құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады.

3. Құжаттар мен актiлердi
Қазақстан Республикасында заңдастыру

      14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң шет елдік мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады.

      15. Шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шыққан құжат немесе акт осы Ережелерде белгiленген тәртiпте заңдастыруға жатпайтын жағдайларда, Консулдық қызмет департаментi осы құжатты қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының ресми мекемелерiнiң қарауына қарсылықтың болмауы туралы белгiнi құжатқа немесе актiге қоюға құқылы.
      Бұл жағдайда, осындай құжаттар мен актiлердiң заңдық күшiн тану iстiң мән-жайларының жиынтығы бойынша оларды қабылдайтын органдарға толық жүктеледi.

      16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде және Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады.

      18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс.

4. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге
қойылатын талаптар. Заңдастыру жазбасын жасау

      19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады.

      20. Заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары, олар Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарында тiркеуден өткен және тiркелгенi туралы оларда тиiстi белгілерi мен мөрлерi болған, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк ұсынылған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.

      21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе шет елдік мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi.

      22. Консулдың құжаттың немесе актінің аудармасын нотариалдық куәландыруы оның заңдастырылуына теңестірілмейді.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс.
      Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды.

      24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады.

      25. Құжаттың немесе актiнiң осы Ережелердің талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады (1, 2-қосымша).
      Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      26. Шет елдік мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi ( 3-қосымша ).
      Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      27. Осы Ережелерге сәйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының "Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес консулдық алым алынады, сонымен қатар осы iс-қимылды жасағанға байланысты iс жүзiндегi шығындар өтелуi тиiс.
      Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

      28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 және  7-1 тармақтарда аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады.
      Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

Консулдық заңдастыру
ережелеріне    
1-Қосымша    

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Консулдық қызмет департаментiнің
заңдастыру жазуының үлгісі

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылды.
      This document is legalized in Department of Consular Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.

      Бөлiм бастығы
      Head of the section_____________________
                               қолы/signature

Консулдық заңдастыру
ережелеріне    
2-Қосымша    

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің
заңдастыру жазуының үлгісі

      Осы құжат/document is
      _______________________________заңдастырылды/legalized
      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің атауы/
      the name of the embassy of the Republic of Kazakhstan.

      Консул/consul_____________________________________________
                    қызметтік тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/
                   _____________________________________________
                               the of duties person
      _____________________
         қолы/signature

                                                    3 қосымша
                                               Консулдық заңдастыру
                                                   Ережелеріне

      Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен .

               Заңдастырудан өткен құжаттарды
                есепке алу жөніндегі реестр

--------------------------------------------------------------------N!Заңдасты!Құжаттардың!Өтініш!Өтініш!Консулдық!Іс !Квитан!өтініш
!ру күні !атауы, кім.!жасау.!жасау.!алымның  !жү.!циясы.!жасау.
!        !нің атына, !шының !шы пас!сомасы   !зін!ның   !шының
!        !кім және қа!аты-  !порты !         !де.!нөмірі!қолы
!        !шан берді, !жөні  !N, кім!         !гі !      !
!        !берілу күні!      !және  !         !шы.!      !
!        !және нөмірі!      !қашан !         !ғын!      !
!        !           !      !берді !         !дар!      !
!        !           !      !      !         !дың!      !
!        !           !      !      !         !со.!      !
!        !           !      !      !         !ма !      !
!        !           !      !      !         !сы !      !
--------------------------------------------------------------------
1     2          3       4      5       6       7    8           9
--------------------------------------------------------------------  ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------