1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер Министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұйрығымен бекiтiлдi
Консулдық заңдастыру
Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.
Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.
2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады.
3. Консулдық заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады:
1) шетелде - Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi;
2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi).
4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Косулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады.
Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығарған құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды.
6. Төмендегi операцияларды жүргiзуге уәкiлеттi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнiң атынан шетелде кез келген түрдегi iс-қимылдарды жасауға сенiмхаттарды, сондай-ақ аталған ұйымдар мен мекемелердiң қызметiне байланысты басқа да құжаттарды заңдастыруды Консулдық қызмет департаментi ғана жүргiзедi.
7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.
2. Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық
мекемелерiмен құжаттар мен актiлердi заңдастыру
8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс.
9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңдарына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.
10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңдары бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi.
11. Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.
12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады.
13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратылған құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады.
3. Құжаттар мен актiлердi Қазақстан Республикасында заңдастыру
14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң консулдық мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады.
15. Шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шыққан құжат немесе акт осы Ережелерде белгiленген тәртiпте заңдастыруға жатпайтын жағдайларда, Консулдық қызмет департаментi осы құжатты қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының ресми мекемелерiнiң қарауына қарсылықтың болмауы туралы белгiнi құжатқа немесе актiге қоюға құқылы.
Бұл жағдайда, осындай құжаттар мен актiлердiң заңдық күшiн тану iстiң мән-жайларының жиынтығы бойынша оларды қабылдайтын органдарға толық жүктеледi.
16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс.
17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады.
18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс.
4. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге қойылатын талаптар.
Заңдастыру жазбасын жасау
19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады.
20. Заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары, олар Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарында тiркеуден өткен және тiркелгенi туралы оларда тиiстi белгілерi мен мөрлерi болған, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк ұсынылған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.
21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе консулдық мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi.
22. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын нотариалдық куәландыру заңдастыруға теңестiрiлмейдi.
23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс.
Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды.
24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады.
25. Құжаттың немесе актiнiң осы Нұсқаудың талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады (1, 2-қосымша).
26. Консулдық мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi (3-қосымша).
27. Осы Ережелерге сәйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен бекiткен Қазақстан Республикасының консулдық
алымдар Тарифiмен белгiленген консулдық алым алынады, сонымен қатар осы iс-қимылды жасағанға байланысты iс жүзiндегi шығындар өтелуi тиiс. 28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 тармағында аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады. 1 қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СIМ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТIНIҢ ЗАҢДАСТЫРУ ЖАЗБАСЫНЫҢ ҮЛГIСI Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің консулдық қызмет департаментiнде 20____ жылғы "___"________________ заңдастырылды. N_________________________________ Бөлiм бастығы __________________________________ (лауазымды тұлғаның аты-жөнi) __________________________________ (Қолы) 2 қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРIНIҢ ЗАҢДАСТЫРУ ЖАЗБАСЫНЫҢ ҮЛГIСI Осы құжат__________________________ ___________________________________ (ҚР консулдық мекемесінің атауы) ___________________________________ 20____ жылғы "___"________________ заңдастырылды. N _________________________________ Консул _______________________________ (лауазымды тұлғаның аты-жөнi) __________________________________ (Қолы) 3 қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕ ЗАҢДАСТЫРУДАН ӨТКЕН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША ТІЗБЕНІҢ ҮЛГIСI ----------------------------------------------------------------------- N!Заңдасты!Құжаттардың!Өтініш!Өтініш!Консулдық!Іс !Квитан!өтініш жасау. !ру күні !атауы, кім.!жасау.!жасау.!алымның !жү.!циясы.!шының қолы ! !нің атына, !шының !шы пас!сомасы !зін!ның ! ! !кім және қа!аты- !порты ! !де.!нөмірі! ! !шан берді, !жөні !N, кім! !гі ! ! ! !берілу күні! !және ! !шы.! ! ! !және нөмірі! !қашан ! !ғын! ! ! ! ! !берді ! !дар! ! ! ! ! ! ! !дың! ! ! ! ! ! ! !со.! ! ! ! ! ! ! !ма ! ! ! ! ! ! ! !сы ! ! ----------------------------------------------------------------------- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ----------------------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------------------- Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.