Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық компаниясы 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 желтоқсан N 1330 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 шілдедегi заңы  6-бабының 3) тармақшасын және 57-бабын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 12) тармақшасының негізiнде, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың төлем қабылеттілігiне және қаржы тұрақтылығына кепiлдiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ұсынылып отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
      2. Осы Қаулының, Нұсқаулықтың Ұлттық комиссия Директоратының қаулысымен күшiне енгiзiлетiн 20-22 тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн Ұлттық комиссия Төрағасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi Төрағасымен келiсiм бойынша шығарылған бұйрығымен күшiне енетiндігі белгiленсiн.
      3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар осы Қаулы және Нұсқаулық күшiне енгізiлген күннен бастап екi айдың iшiнде өздерiнiң қызметтерiн жоғарыда аталған Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi екендiгі белгiленсiн.
      4. Жоғарыда аталған Нұсқаулық күшiне енгізiлген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 363 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын компанияларға арналған пруденциялық нормативтер туралы ереженiң  күшi жойылады деп танылсын.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) және Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің және кастодиан-банктердің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) және Нұсқаулықты зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның
        Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

Қазақстан Республикасының    
Бағалы қағаздар жөніндегі    
ұлттық комиссиясының      
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтер
туралы ережені" бекiту жөнінде" 
2000 жылғы 15 қарашадағы N 87  
қаулысымен бекітілді      

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
 асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер
туралы ереже

      Ескерту: Атауы, кіріспесі жаңа редакцияда жазылды және барлық мәтін бойынша "осы Нұсқаулықта", "осы Нұсқаулық", "осы Нұсқаулықтың", "осы Нұсқаулыққа" деген сөздер тиісінше "осы Ережеде", "осы Ереже", "осы Ереженің", "осы Ережеге" деген сөздермен; "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссиясының", "Ұлттық комиссияны", "Ұлттық комиссияға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органды", "уәкілетті органға" деген сөздермен; "Компания", "Компаниялар", "Компанияға", "Компанияларға", "Компанияның", "Компаниядан" деген сөздер тиісінше "Ұйым", "Ұйымдар", "Ұйымға", "Ұйымдарға", "Ұйымның", "Ұйымнан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  орындау үшін әзірленді және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтерді белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде қолданылған ұғымдар мыналарды білдiредi:
      1) Ұйым - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры;
      2) Уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі қызметтер мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) "зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгі" - Қордың зейнетақы активтерiнiң оларды Ұйым инвестициялық басқару нәтижесiндегi олардың өзгерiстерiнiң сипаты үшiн пайдаланылатын және осы Ережеге сәйкес есептелетiн үлестiк өлшемi;
      4) "Қор" - жинақтаушы зейнетақы қоры;
      5) "таза" зейнетақы активтерi" - Қордың оның зейнетақы активтерiне қатысты мiндеттемелерiн (зейнетақы төлемдерi, басқа Қорларға аударымдар жөнiндегi мiндеттемелердi және басқа да ұқсас ықтимал мiндеттемелердi) шегерiп тастағандағы зейнетақы активтерi.
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

2-тарау. "Өз капиталының жеткіліктілігі"
1-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ

      2. Ұйымның өз капиталының жеткіліктiлiгі Ұйымның өз капиталының оның жекелеген активтерiнiң өлшемiне азайтылған мөлшерiнiң оның өз активтерiнiң және оның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң жиынтық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептелетiн К1 коэффициентiмен мына формула бойынша сипатталады:
                         СК - ВА
                    К1 = _______, бұл жерде
                         СА + ПА    

      СК - ұйымның өз капиталының Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жүргiзу туралы заңдарына сәйкес есептелген мөлшерi;
      ВА - Ұйымның мынадай активтерiнiң жиынтық өлшемi:
      1) қалдық құны бойынша материалдық емес активтер;
      2) кепiлдiктегi немесе өзге де жүк артуға ұшыраған активтер;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұйымға
қатысты аффилиирленген тұлғалар болып танылған ұйымдардың дебиторлық қарыздары;
      4) субъектiлердiң қаржы - шаруашылық қызметiне бухгалтерлiк есеп жүргізу шоттары бас жоспарының "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың қарыздары" 333-шотында есепке алынған дебиторлық қарыздар;
      5) уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес;
      6) тауарлы-материалдық запастарды жеткiзумен, төлем күнiнен бастап екi айдан асатын осы запастарды, жұмыстарды және қызметтердi жеткiзу (орындау, көрсету) мерзiмдерi бойынша жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсетумен берiлген аванстар;
      СА - Ұйымның заңды тұлға ретiнде өз активтерiнiң мөлшерi;
      ПА - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны.
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      3. К1 коэффициентiнiң мәнi мыналардан аз болмауы керек:
      1) 0,02 - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 5 миллиард теңгеден аз болып құралған зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде;
      2) 0,015 - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 5-тен 10 миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде;
      3) 0,01 - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 10-нан 30-ға дейiн миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде.
      3-1) Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 10-нан 30-ға дейiн миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде, - мына формула бойынша есептелген өлшемдер:
      К1мin = 0,01 х 0,95n, мұнда
      К1міn - К1 коэффициентiнiң ең төменгi рұқсат етiлген мәнi;
      n - ПА - 25/5 бөлшегi мәнiнiң тұтас саны, мұнда
      ПА - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны, миллиард теңге;
      3-2) Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 50 миллиард теңгенi және одан көбiн құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде, - мына формула бойынша есептелген өлшемдер:
      К1міn = 0,0086 х 0,96n, мұнда
      n - ПА - 45/5 бөлшегі мәнiнiң тұтас саны, мұнда
      ПА - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны, миллиард теңге.
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен .

3-тарау. "ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРIНІҢ КIРIСТIЛIГI"
2-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ

      4. Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң кiрiстілігi зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбiр Қор бойынша жеке есептелетiн К3 нақты кiрiс коэффициентiмен мына формула бойынша сипатталады:
                               К2 - И
                          К3 = _______, бұл жерде
                                   И
                               1+ ____
                                   100
      К2 - осы Ұйымның 5-тармағына сәйкес есептелген нақты табыс коэффициентiнiң мәнi;
      И - Қазақстан Республикасындағы өткен соңғы толық он екi күнтiзбелiк ай iшiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласына басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы органы айқындаған инфляция деңгейi (пайызбен көрсетiлген
өсiм/төмендеу).

      5. Атаулы табыстың коэффициентi мына формула бойынша есептеледi:  
                              __
                              Сt
                       К2 = ( ___ - 1) х 100, бұл жерде
                              __
                              С0
       _
       Сt - Қордың есептi күнтiзбелiк айда Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң осы Ұйымның 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны;
       _
       С0 -  Қордың өткен жылдың сол күнтiзбелiк айында Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң осы Ереженің 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны.

      6. Қордың қандай да болмасын айда Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны осы Қордың осы айдың әрбiр күнтiзбелiк күнiнiң соңында осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгінiң осы Ереженің 7-тармағына сәйкес есептелген орташа арифметикалық мәнi ретiнде есептеледi.

      7. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгінiң орташа құнын ұйым мына формула бойынша есептейдi:
                          ПАі
                    Сi = ____, бұл жерде
                          УЕі
      Сi - Қордың осы күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құны;
      ПАi - Қордың осы күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң осы Ереженің 8-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы құны;
      УЕi - Қордың осы күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң осы Ереженің 9-тармағына сәйкес есептелген шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны.

      8. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледi (осы Ереженің 10-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескерумен):    

      ПАi = ПА(i-1)+Вi+Ті+Д+Иi+Пi1+Пі2-Ні1-Ні2-КВі, бұл жерде    

      ПА(і-1) - Қордың өткен күнтiзбелiк күннiң соңына Ұйымның
                инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы 
                активтерiнiң ағымдағы құны;
      Ві      - осы күнi Қорға түскен зейнетақы жарналары;
      Тi      - осы күнi Қорға түскен басқа Қорлардан аударылған
                зейнетақы активтерi;
      Дi      - Қордың зейнетақы активтерi бойынша осы күнi
                есептелген инвестициялық табыс;
      Иi      - Қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша осы 
                күнi кастодиан-банк төлеген сыйақы (мүдде);
      Пi1     - зейнетақы жарналарын уақытында төлемегендiк үшiн
                Қордың осы күнi алған өсiмi;
      Пі2     - зейнетақы активтерiн уақытында инвестицияламағандық
                үшiн Қордың осы күнi алған өсiмi;
      Ні1     - осы күнi Қордан есептелген зейнетақы төлемдерi,
                Қордан басқа Қорларға жасалған аударымдар және
                Қордың инвестициялық шотына қателесiп түскен
                сомалар бойынша мiндеттемелер (Қор және оған қызмет
                көрсететiн кастодиан-банк түскен күнi қателесiп
                түскен деп таныған, қаржы құралдарына
                орналастырылмаған және Қордың
                салымшыларының/зейнетақы төлемдерiн алушылардың
                жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды
                қоспағанда);
      Нi2     - анықталғанға дейiн осы күнi есептелген сомалар;
      КВі     - Қордың және Ұйымның осы күнi есептелген
                комиссиялық сыйақылары.

     9. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны мына формула бойынша есептеледi (осы Ереженің 10-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескерумен):
                       Вi + Тi + Пi1 - Нi1 - Нi2
        Еi = УЕ(i-1)+ _________________________
                             С(i-1)
бұл жерде 

      УЕ(i-1) - Қордың осы күннiң алдындағы соңғы күнтiзбелiк
                күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында
                болған зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiктерiнiң
                жалпы саны;
      С(i-1)  - Қордың осы күннiң алдындағы соңғы күнтiзбелiк
                күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында
                болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң
                құны.
      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

     10. Қордың зейнетақы активтерi Ұйымның инвестициялық басқаруына бастапқы түскен кезде (осы Ереженің 11-тармағында белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда) осы қордың зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруда болып табылған бiрiншi күннiң соңына Сi, ПАi және УЕi көрсеткiштерiнiң есебi мынадай мәндерге сүйене отырып жүзеге асырылады:
         1) С(i-1)  - 100 теңге;
         2) ПА(i-1) - Қордың Ұйым инвестициялық басқаруға
            қабылдаған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны;
         3) УЕ(i-1) - Қордың Ұйым инвестициялық басқаруға
            қабылдаған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құнын
            100 теңгеге бөлудiң нәтижесi.

      11. Қордың зейнетақы активтерiн бiр Ұйымнан екiншiсiне инвестициялық басқаруға өткiзген кезде осы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеу үзiлмейдi және оның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға қабылдаған Ұйым жүзеге асыруды жалғастыра бередi.

      12. К2 және К3 коэффициенттерiн Ұйым тек зейнетақы активтерi осы немесе басқа Ұйымдарда он екi және одан көп айда инвестициялық басқаруда болған Қорларға ғана қатысты аталған мерзiм iшiнде мынадай оқиғалардың болғандығына не болмағандығына қарамастан есептейдi:
      1) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға осы Ұйымға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
      2) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы К2 және К3 коэффициенттерiн есептеу күнiне Қордың зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруда болған басқа Ұйымға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
      3) зейнетақы активтерiн тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн Қорға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
      4) Қордың зейнетақы активтерiн бiр Ұйымнан екiншiсiне инвестициялық басқаруға өткiзiп беру.

      13. Ұйымдар ұсынған К2 және К3 коэффициенттерi есептерiнiң негiзiнде Уәкілетті орган осы Ереженің 14-тармағына сәйкес ай сайын мыналардың мәндерiн есептейдi және ағымдағы айдың он бесiнен кешiктiрмей Интернет желiсiне www.nsс.кz мекен-жайы бойынша "Стратегия" бөлiмiне ("Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы" бөлiмшесiне), сондай-ақ басқа да ықтимал бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды:
      1) осы Ереженің 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша К2 және К3 коэффициенттерiнiң;
      2) осы Ереженің 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша өткен толық он екi айдағы орташа атаулы және орташа нақты табыстардың коэффициенттерiнiң.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      14. Орташа атаулы табыстың коэффициентi "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны бойынша (К2 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңнiң бiрiншi айының бiрiншi күнi жағдайы бойынша) осы Ереженің  12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша бiр кезеңдегi К2 коэффициенттерiнiң орташа өлшенген өлшемi ретiнде есептеледi.
      Орташа нақты табыстың коэффициентi осы Ереженің 4-тармағында жазылған ұқсас тәртiпте осы тармақтың бiрiншi азатжолына сәйкес есептелген орташа атаулы табыстың коэффициентiнiң мәнi К2 коэффициентiнiң мәнi ретiнде қолданумен есептелiнедi.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      15. Зейнетақы активтерi осы Ұйымда инвестициялық басқарудағы әрбiр жекелеген Қорлар бойынша К2 коэффициентiнiң мәнi мына көрсеткiштердiң төменгісiнен төмен болмау керек:
      1) тиiстi кезеңдегі орташа атаулы табыстың коэффициентi мәнiнiң жартысынан;
      2) тиiстi кезеңдегi орташа атаулы табыстың коэффициентiнiң 2 пайыздық тармаққа азайтылған мәнiнен.

4-тарау. "Өз қаражатын негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге салу" 3-пруденциалдық норматив

      Ескерту: 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      16. Ұйымның өз қаражаттарын негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге салу аталған салымдар мөлшерiнiң ұйымның өз капиталына қатынасы ретiнде есептелетiн К4 коэффициентiмен мына формула бойынша сипатталады:
                                 ВА
                          К4 =  ____, бұл жерде
                                 СК
      ВА - Ұйымның Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге салымдарының мөлшері.
      Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      17. К4 коэффициентiнiң мәнi 0,25-ден аспау керек.

5-тарау. "РЕЗЕРВТIК КАПИТАЛ" 4-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ

      18. Ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiне байланысты мiндеттемелерiн уақытында және толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ұйым осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi мөлшерiнiң кемiнде мынадай өлшеміндей мөлшерде негізгi резервтiк капитал қалыптастыруға мiндеттi:
       1) 0,25% - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 5 миллиард теңгеден аз болып құралған зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде;
       2) 0,2% - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 5-тен 10 миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде;
       3) 0,1% - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы және 10 және одан көп миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде.

      19. Негiзгі резервтiк капитал Ұйым зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi бастаған бiрiншi күнтiзбелiк жыл аяқталғаннан кейiн бес айдың iшiнде қалыптастыруға жатады.
      Аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн негізгi резервтiк капиталдың мөлшерi күн сайын осы Ереженің 18-тармағының талаптарына сәйкес келу керек.

      20. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару кезiнде туындаған тәуекелдердi жабу мақсатында Ұйым мына формула бойынша есептеудiң нәтижесiнде алынған өлшемнен кем емес мөлшерде қосымша резервтiк капиталды қалыптастыруға мiндеттi:
                                 М
                          ДРК = ___ х ПА, бұл жерде
                                100
      ДРК - қосымша резервтiк капиталдың рұқсат етiлген ең төменгi
            мөлшерi;
      М   - К3 коэффициентiнiң мәнi мынадай көрсеткiштерден ең
            жоғары асатын өлшем:
            К3 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңдегi
            орташа нақты табыстың коэффициентi мәнiнiң жартысы;
            К3 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңдегi
            орташа нақты табыс коэффициентiнiң 2 пайыздық тармаққа
            азайтылған мәнi;
      ПА -  "таза" зейнетақы активтерiнiң К3 коэффициентiн есептеу
            жүзеге асырылған кезеңнiң бiрiншi айының бiрiншi
            күнтiзбелiк күнi жағдайы бойынша осы Ереженің
            8-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы құны.

      21. Егер Ұйым бiрнеше Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда:
      1) осы Ереженің 20-тармағында келтiрiлген формулаға сәйкес есептеу осындай Қордың әрқайсына қатысты жеке жүргiзiледi;
      2) осы Ұйымның қосымша резервтiк капиталының ең төменгі рұқсат етiлген мөлшерi осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған мәндердiң сомасы ретiнде айқындалады.

      22. Ұйым қосымша резервтiк капиталды осы Ереженің 20 және 21-тармақтарына сәйкес алынған өлшемнен кем емес мөлшерде, Уәкілетті орган осы Ереженің 13-тармағына сәйкес орташа атаулы және орташа нақты табыстардың коэффициенттерi мәндерiн бiрiншi жариялаған күннен кейiн он бес күн iшiнде қалыптастыру керек. Қосымша резервтiк капитал тек осы Ереженің 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн Қорларға қатысты қалыптастырылады.

      23. Негiзгі және қосымша резервтiк капиталдар Ұйымның таза табысы немесе оның құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) қосымша жарналары есебiнен қалыптастырылады.

6-тарау. "ӨЗ АКТИВТЕРIНIҢ ЕСЕБIНЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАУ"
5-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ

      24. Ұйымның оның негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарының ең төменгi рұқсат етiлген өлшемiне сәйкес келетiн мөлшердегi өз активтерiн Ұйым тек қана уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес.
      Ескерту: 24-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      25. Ұйымның өз активтерiнiң есебiнен осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген қаржы құралдарына жүзеге асырылған инвестициялардың жиынтық баланстық құны күн сайын оның осы Ереженің 5-тарауына сәйкес есептелген негiзгi және қосымша капиталдарының ең төменгi рұқсат етiлген жиынтық өлшемiнен кем болмайтындай құрылу керек.

7-тарау. "БIР ЭМИТЕНТТIҢ МЕМЛЕКЕТТIК БАҒАЛЫ
ҚАҒАЗДАРЫНА, БIР БАНКТЕГI САЛЫМДАРҒА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ"
 6-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ

      Ескерту: 7-тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      26. Ұйымның бір эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
      1) эмиссиялаған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегi салымдарға:
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде осы банктiң дауыс берушi акцияларына инвестициялар осы банктiң дауыс берушi акциялары жалпы санының он процентiнен кем болған жағдайда - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-i;
      өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-i,
      бiрақ жиынтығында осы банктiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен көп емес;
      1-1) екiншi деңгейдегi банктiң және банктiң екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын аффилиирленген тұлғаларының бағалы қағаздарына, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасының төртiншi азатжолымен, 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен және 3)
тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулердi сақтай отырып осы банктегi салымдарға:
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-ы;
      өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-ы;
      2) екiншi деңгейдегі банк болып табылмайтын эмитенттiң облигацияларына:
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi       көлемiнiң 10%-i;
      өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-i, бiрақ жиынтығында осы эмитенттiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен (осы Ереженің 27-1-тармағымен белгiленген жағдайларды қоспағанда)немесе осы эмитенттiң бiр эмиссиясы облигацияларының жалпы көлемiнiң 25%-нен көп емес (аталған өлшемдердiң қайсы аз болып табылатындығына байланысты);
      3) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң акцияларына -
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-i;
      өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-i,
      бiрақ жиынтығында осы эмитент акцияларының жалпы санының 10%-нен көп емес.
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен , 2003 жылғы 4 тамыздағы N 284 қаулысымен .

      27. Ұйымның бiр эмитенттiң мемлекеттiк бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға және жүзеге асыруы мүмкiн инвестицияларының жиынтық мөлшерiн есептеу кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті - банктiң (эмитенттiң) өз капиталы оның банктiк қызметтi реттейтiн заңдарға және акционерлiк қоғамдар туралы заңдарға сәйкес баспасөз басылымдарда жарияланған не листингтiк рәсiмдерге сәйкес бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы ұсынған соңғы тоқсандағы балансының негiзiнде айқындалады;
      2) шетелдік эмитенттің өз капиталы Reuters немесе Bloomberg V.L.P. ақпараттық талдау жүйелерінде немесе ИНТЕРНЕТ желісінде сауда жүйесінде осы бағалы қағаздар құнды деп есептелетін бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сайтында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің сайтында орналастырылған оның соңғы рұқсат етілген тоқсандық немесе жылдық балансы негізінде айқындалады;
      3) бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген банктер бiр банк ретiнде танылады, бұл ретте осы Ереженің 26-тармағының 1)-тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеу осындай банктердiң әрқайсына қатысты қолданылады;
      3-1) екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын, бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген эмитенттер екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын бiр эмитент ретiнде танылады, бұл ретте осы Ереженің 26-тармағының 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен
және 3) тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулер осындай эмитенттердiң әрқайсына қатысты қолданылады.
      Ескерту: 27-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      27-1. Ұйым кассасында күн аяғындағы ақша қалдығының мөлшері Ұйымның өз активтерінің 10%-нен аспауы тиіс.
      Ескерту: 27-1-тармақпен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      28. Осы Ереженің 26 және 27-тармақтарында белгiленген нормалар халықаралық қаржылық ұйымдардың Ұйым уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес сатып алуы мүмкiн бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      Осы Ереженің 26-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында белгіленген норма қаржылық агенттіктің бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      Осы Ереженің 26-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында белгіленген норма осы эмитенттің меншікті капиталының мөлшерінен инвестициялау мөлшерін шектеу бөлігінде қаржылық агенттіктің облигацияларына қолданылмайды.
      Ескерту: 28-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен , 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 484 қаулысымен .

8-тарау. ПРУДЕНЦИЯЛЫ НОРМАТИВТЕРДIҢ
САҚТАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

      29. Ұйым әрбiр жұмыс күнi алдыңғы жұмыс күнiнiң соңы жағдайы бойынша, сондай-ақ тiкелей ағымдағы жұмыс күнiнiң алдындағы әрбiр демалыс күндерiнiң соңына:
      1) К1 коэффициентiнiң мәнiн;
      2) К4 коэффициентiнiң мәнiн;
      3) осы Ереженің 1-қосымшасындағы үлгi бойынша зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбiр жеке Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын;
      4) негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарының жеткiлiктi мөлшерiнiң 4-пруденциялық нормативтерге сәйкес келуiн;
      5) жүзеге асырылған инвестициялардың 5-пруденциялық нормативтерге сәйкес келуiн;
      6) жүзеге асырылған инвестициялардың 6-пруденциялық нормативтерге сәйкес келуiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.

      30. Ай сайын, бесiншi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұйым Уәкілетті органға:
      1) өткен айдағы К2 және К3 коэффициенттердің мәндерiн есептеулердi (ағымдағы айдың басына зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбiр Қор бойынша
жеке);
      2) осы Ереженің 2-қосымшасындағы үлгі бойынша ағымдағы айдың басына зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбiр жеке Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң өткен айдағы орташа құны туралы анықтаманы беруге
мiндеттi.

      31. Осы Ереженің 29-тармағында және 30-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген есептеулер жазбаша түрде ресiмделуi және оларға мiндеттi түрде Ұйымның бiрiншi басшысы (Ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы немесе Ұйымның алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға және Ұйымның бас бухгалтерi қол қоюлары керек.

      32. К1 және К4 коэффициенттері мәндерінің есебін Ұйымдар апта сайын есепті кезеңнен кейінгі бесінші жұмыс күні, аптаның бірінші күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша алматы уақытымен сағат 16.00-ден кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
      К1 және К4 коэффициенттері мәндерінің есебін Ұйымдар көрсетілген айдың бесінен кешіктірмей есептіден кейінгі айдың бірінші жұмыс күнi жағдай бойынша уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту: 32-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен , 2003 жылғы 4 тамыздағы N 284 қаулысымен .

      33. Осы Ереженің 29-тармағына сәйкес есептелген, сондай-ақ К2 және К3 коэффициенттердің мәндері осы Ережеде белгіленген пруденциалдық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда Ұйым бір күннің ішінде мұндай сәйкес келмеу фактісі және себептері туралы оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен қоса уәкілетті органға хабарлайды.
      Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

      34. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
      35. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
      36. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
      37. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .   

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
 Бағалы қағаздар жөніндегі     
 ұлттық комиссиясының        
 2000 жылғы 15 қарашадағы      
N 87 қаулысымен бекітілген     
 Зейнетақы активтерiн инвестициялық
 басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
 арналған пруденциалдық нормативтер
 туралы ереженің 1-қосымшасы  

      Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .

(в кк.аа.жж. форматындағы күн) соңына
(зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
 асыратын ұйым ілік септігіндегі қысқаша атауы) инвестициялық
басқаруындағы (жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқаша
 атауы) зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы
Анықтама

                                      (үтірден кейін екі белгімен)
--------------------------------------------------------------------
Күні!Зейнетақы !Басқа   !    Алынған өсім     !Кастодиан!Төлемдер
    !жарналары,!қорлар. !---------------------!-банктің !және ау.
    !түскен    !дан ауда!зейнетақы !зейнетақы !сыйақысы !дармалар
    !          !рымдар  !жарналарын!активтерін!         !___________
    !          !        !уақытында !уақытында !         !     !
    !          !        !аударма.  !инвести.  !         !төлен!есеп
    !          !        !ғандық    !циялама.  !         !ген  !тел.
    !          !        !үшін      !ғандық    !         !     !ген
    !          !        !          !үшін      !         !     !
--------------------------------------------------------------------
 1  !     2    !     3  !     4    !    5     !    6    !     !   7

--------------------------------------------------------------------
кк.
аа.
жж.
Жиыны:
--------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Анықтал.!Қателесіп!    Зейнетақы      !   Инвестициялық   !"Таза" 
ғанға   !есепке   !   активтерінен    !     табыстан      !зейнетақы
дейінгі !алынған  !комиссиялық сыйақы !комиссиялық сыйақы !активте.
сомалар !сомалар  !-------------------!-------------------!рінің
        !бойынша  !есептелген!төленген!есептелген!төленген!ағымдағы
        !міндет.  !          !        !          !        !құны
        !темелер  !          !        !          !        !
--------------------------------------------------------------------
   8    !    9    !     10   !   11   !    12    !   13   !     14
--------------------------------------------------------------------                                                                х  

--------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
----------------------------
   Шартты   !  Зейнетақы   !
бірліктердің! активтерінің !
        2   !  бір шартты  !
    саны    !  бірлігінің  !
            !         3    !
            !     құны     !
---------------------------!
    15      !      16      !
----------------------------
     х              х      !
---------------------------!
Бірінші басшы (қолы)
Бас бухгалтер (қолы)
М.О.                        
____________________________
1 Қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша кастодиан-банк 
  төлеген сыйақы (мүдде).
2 Үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен.
3 Үтірден кейін жеті белгіге дейінгі дәлдікпен.

Қазақстан Республикасының     
 Бағалы қағаздар жөніндегі     
 ұлттық комиссиясының        
 2000 жылғы 15 қарашадағы      
N 87 қаулысымен бекітілген     
 Зейнетақы активтерiн инвестициялық
 басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
 арналған пруденциалдық нормативтер
 туралы ереженің 2-қосымшасы  

      Ескерту: 2-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
    

(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы (айдың аты)-дағы
(зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
ілік септігіндегі қысқаша атауы) инвестициялық басқаруындағы (жинақтаушы
зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқаша атауы) зейнетақы активтерінің
 бір шартты бірлігінің орташа құны туралы
 Анықтама

                                       (үтірден кейін екі белгімен)
--------------------------------------------------------------------
Күні!Зейнетақы !Басқа     !    Алынған өсім     !Кастодиан!Төлемдер
    !жарналары,!қорлардан !---------------------!-банктің !және ау.
    !түскен    !аударымдар!зейнетақы !зейнетақы !сыйақысы !дармалар
    !          !          !жарналарын!активтерін!         !_________
    !          !          !уақытында !уақытында !         !тө.!есеп.
    !          !          !аударма.  !инвести.  !         !лен!тел.
    !          !          !ғандық    !циялама.  !         !ген!ген
    !          !          !үшін      !ғандық    !         !   !
    !          !          !          !үшін      !         !   !    
--------------------------------------------------------------------
 1  !     2    !     3    !     4    !    5     !    6    !   !   7
--------------------------------------------------------------------
кк.
аа.
жж.
--------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Анықтал.!Қателесіп!    Зейнетақы      !   Инвестициялық   !  "Таза"
ғанға   !есепке   !   ктивтерінен     !     табыстан      !зейнетақы
дейінгі !алынған  !комиссиялық сыйақы !комиссиялық сыйақы !активтері
сомалар !сомалар  !-------------------!-------------------!нің ағым.
        !бойынша  !есептелген!төленген!есептелген!төленген!дағы құны
        !міндет.  !          !        !          !        !
        !темелер  !          !        !          !        !
--------------------------------------------------------------------
   8    !    9    !     10   !   11   !    12    !   13   !     14  --------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
----------------------------
   Шартты   !  Зейнетақы   !
бірліктердің! активтерінің !
        2   !  бір шартты  !
    саны    !  бірлігінің  !
            !         3    !
            !     құны     !
---------------------------!
    15      !      16      !
----------------------------
---------------------------!    

(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы (айдың аты)-дағы бір шартты
бірліктің орташа құны 3 .    

Бірінші басшы (қолы)                                 Бас бухгалтер (қолы)

М.О.