"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер" нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаул

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет басқармасында 2001 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1690. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" Жарлығының  1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 Жарлығымен  бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру Ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына  келесi өзгерту енгiзiлсiн:
      Осы бұйрықпен бекiтiлген, 2002 жылға дейiнгi мерзiмге отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмiндегi
     2 тарауды "Өңдеушi өнеркәсiп" "Ауылшаруашылық өнiмдi өнеркәсiптiк қайта өңдеу" жолынан кейiн келесi мазмұндағы "Крахмал және крахмал өнiмдерi өндiрiсi" жолмен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күннен бастап күшiне енедi.

      Төрағаның міндетін атқарушы