Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1330 тiркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ере

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 284 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2472. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен.

      Қазақ халқы мемлекеттiлiгiнің қалыптасуына арналған "Көшпенді" көркем тарихи фильмiн шығаруды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi 2003-2004 жылдары "Көшпендi" көркем тарихи фильмiнiң шығарылуын қамтамасыз етсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.13. N 37 өкімімен .

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қолданып жүрген заңнамаға сәйкес "Көшпендi" фильмiн жасауға қатысатын шетелдiк кинематографистерге визаны уақтылы ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiнiң өтiнiмiне сәйкес "Көшпендi" фильмiн түсiруге қатысу үшiн әскери қызметшiлердiң қажеттi контингентін бөлсiн. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.13. N 37 өкімімен .

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi "Көшпендi" фильмiнiң бұқаралық эпизодтарын түсiру жүргiзiлетiн орындарда тәртiп пен қауiпсiздiк шараларын сақтауды қамтамасыз етсiн.

      5. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкiмдерiне өз аумақтарында "Көшпендi" фильмiн түсiру тобына фильмдi түсiрудi жүргiзу кезiнде ұйымдастырушылық мәселелерiнде жан-жақты жәрдем көрсету ұсынылсын.

      Премьер-Министр