Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға арналған пруденциялық нормативтер туралы Ереже

Қаулы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылғы 29 тамыз N 133. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 363. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық компаниясы 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 ~V001330 қаулысымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қазақалтын" акционерлiк қоғамы дәрменсiз борышкер деп танылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi: 
      соттан тыс тәртiппен "Қазақалтын" акционерлiк қоғамына қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзсiн; 
      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамын оңалтушы басқарушы тағайындасын. 
      3. "Қазақалтын" акционерлiк қоғамына Қаржылық менеджер және оператор ретiнде Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi ұсынылсын.
      4. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiне "Қазақалтын" акционерлiк қоғамы үшiн айналымдағы қаражатты толтыру және жалақы жөнiндегi берешектердi төлеу мақсатында 386 млн. теңге сомасында құрамында алтын бар өнiмдердiң кепiлдiгiмен ресурстар iздестiру, сондай-ақ көрсетiлген қаржының мақсатты пайдаланылуы жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi