"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы"

Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 8 желтоқсан N 1322 тіркелді

Жаңартылған

      Көлік құралдарын жүргізу құқығы куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды дайындау, беру және есебін жүргізу процесін автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында  Бұйырамын :
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 521   бұйрығымен
      1. Қазақстан Республикасының аумағында:
      1) көлік құралдарын басқару құқығының куәлік үлгісі (жүргізу куәлігі) (N 1 қосымша) қолданысқа енгізілсін.
      2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін;
      2) Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлік үлгісі (N 2 қосымша) қолданысқа енгізілсін.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639   бұйрығымен .
      2. Жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді әзірлеуде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының әріптік кодтарының тізбесі (N 3 қосымша).
      3. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жаңа үлгілерін қолданысқа енгізу және оларды берудің тәртібі туралы тұрғындарды, сондай-ақ мүдделі министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды кеңінен хабарландыру қамтамасыз етілсін.
      4. Бұйрық ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына жариялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі -
      Ішкі әскерлер қолбасшысы
      генерал-лейтенант

                               "Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері
                              мен көлік құралын тіркеу туралы
                              куәлікті енгізу туралы" Қазақстан
                             Республикасы Ішкі істер министрінің
                            2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына
                                          N 1 Қосымша

       Ескерту: Қосымща жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер
министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639   бұйрығымен .  

               Жүргізуші куәлігінің үлгісі

      

       Жүргізуші куәлігі мынадай көрінетін элементтерден тұрады:
      1) жүргізуші және жүргізуші куәлігі туралы мәліметтер;
      2) иесінің фотосуреті және қолы;
      3) жол полициясы емтихан қабылдау бөлімшесінің мөрі;
      4) интегралдық микросхема;
      5) түс бетінде орналасқан мәліметтер сипаттамасы.

      Интегралдық микросхема мынадай мәліметтерді құрайды:
      жүргізуші куәлігі туралы:
      сериясы мен нөмірі;
      берілген күні;
      емтихан қабылдау бөлімшесі мөрінің нөмірі;
      жүргізуші туралы:
      тегі, аты, әкесінің аты;
      туған күні және жері;
      тұрғылықты жері;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және
      берілген күні;
      фотосуреті;
      көлік құралын жүргізу рұқсаты туралы:
      рұқсат етілген санаттар;
      жүргізуші куәлігінің жарамды болу мерзімінің аяқталуы;
      айрықша белгілер;
      әкімшілік құқық бұзушылық туралы:
      құқық бұзушылық жасаудың түрі және күні;
      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың сериясы мен
      нөмірі;
      әкімшілік жазаның түрі;
      жүргізуші бір жыл ішінде жасаған құқық бұзушылықтардың саны;
      жүргізуші мас күйінде жасаған құқық бұзушылықтардың саны;
      төленбеген айыппұлдар саны.

                                                     N 2 қосымша   

                  Қазақстан Республикасының
           көлік құралын тіркеу туралы куәліктің
                             Үлгісі

__________________________________________________________________
  Қазақстан   KZ Республика    Көлік құралының тіркелу куәлігі
Республикасы     Казахстан     Свидетельство о регистрации ТС
_____________________________  Certificat d'immatriculation
Иесі/Владелец.............  С  ____________________________________
...........................    Иесі/Владелец ...............  С
Облыс/Область  .............   Тіркеу сан реті/Регистрационный N. А
Аудан/Район ................   Марка, модель .................... D
Елді мекен/Нас.пункт .......   Шығарылған жылы/Год выпуска ТС ... В
Көше/Улица .................   Көлік категориясы/Категория ТС
Үй/Дом.......Пәтер/Кв.......   (А,В,С,D,Е).......................
_____________________________  Двигатель N .....Шасси N .........
Айрықша белгілер/              Кузов N .......................... Е
Особые отметки                 Түсі/Цвет ........................
............................   Двигатель қуаты/Мощность двигателя,
  МАИ мекемесі/Выдано ГАИ      кВт/лс ...........................
............................   Рұқсатты ең ауыр салмағы/ Разрешен.
 М.О./М.П.         19   ж/г.   ная max масса, kg................. F
                               Жүксіз салмағы/Масса без нагрузки,
        AA N 000000            kg................................ G

                                         AA N 000000
_____________________________  ____________________________________

___________________________________________________________________
Есептен шығарылу себебі/
Снятие с учета вследствие:

МАИ мекемесі/Наименование ГАИ

М.О./М.П.

               (қолы/подпись)

                     19   ж/г
___________________________________________________________________

                                                     N 3 қосымша  

             Қазақстан Республикасының облыстарына,
                 Астана және Алматы қалаларына
           бекітіліп берілген әріптік символдардың
                           Тізбесі

___________________________________________________________________
       Облыстардың атауы      |  Жазылуы       |     Орыс тілінде
                              |(латын алфавиті)|       айтылуы
___________________________________________________________________
 1     Астана қаласы                   Z            Зет
 2     Ақмола облысы                C, W, O         Ц, Дубль В, О
 3     Алматы қаласы                   А            А
 4     Алматы облысы                  B, V          Б, В
 5     Ақтөбе облысы                   D            Д
 6     Атырау облысы                   Е            Е
 7     Шығыс Қазақстан облысы         F, U          Ф, У
 8     Жамбыл облысы                   H            Aш
 9     Батыс Қазақстан облысы          L            Л
 10    Қарағанды облысы               М, K          M, К
 11    Қызылорда облысы                N            Н
 12    Қостанай облысы                P, W          П, дубль В
 13    Маңғыстау облысы                R            Р
 14    Павлодар облысы                 S            Эс
 15    Солтүстік Қазақстан облысы     T, O          Т, О
 16    Оңтүстік Қазақстан облысы       Х            Икс
___________________________________________________________________

      Бос символдар: G, I, J, Y, Q