N 1322 болып тiркелген "Жүргiзушi куәлiгiнiң және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттың жаңа үлгiлерiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3099. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен

      Ресей халқымен ынтымақтастық және Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандары үшін қайғырудың белгісі ретінде:

      1. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы 7 қыркүйекте 12.00 сағатта Жалпыұлттық бір минут үнсіздік жариялансын.

      2. Оқу орындарында, әскери бөлімдерде, меншіктің барлық нысандарындағы өзге де ұйымдарда Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекет құрбандары Бір минут үнсіздікпен еске алынсын.
      Жалпыұлттық бір минут үнсіздік кезінде Қазақстан Республикасының электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына өз хабарларын беруді тоқтатып, Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекеттің құрбандары туралы жалпыұлттық еске алу акциясына қосылу ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметімен келісе отырып лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті