Көлік құралдарын жүргізу құқығы куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды дайындау, беру және есебін жүргізу процесін автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында Бұйырамын :
Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 521 бұйрығымен .
1. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) көлік құралдарын басқару құқығының куәлік үлгісі (жүргізу куәлігі) (N 1 қосымша) қолданысқа енгізілсін.
2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін;
2) Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлік үлгісі (N 2 қосымша) қолданысқа енгізілсін;
РҚАО-ның ескертуі!
ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2007 N 105 бұйрығы күшін жойды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.02.2009 N 46 бұйрығымен.
3) жүргізуші куәлігі талонының үлгісі (талон) (4 қосымша).
Талон әкімшілік жазаларды және заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды тіркеу құралы болып табылады деп белгіленсін.
Талон алып қоюға жатпайды, оның ішінде жүргізуші куәлігін алып қою кезінде, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырған жағдайда да алынбайды.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639 , 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
2. Жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді әзірлеуде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының әріптік кодтарының тізбесі (N 3 қосымша).
3. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жаңа үлгілерін қолданысқа енгізу және оларды берудің тәртібі туралы тұрғындарды, сондай-ақ мүдделі министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды кеңінен хабарландыру қамтамасыз етілсін.
4. Бұйрық ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-лейтенант
"Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері
мен көлік құралын тіркеу туралы
куәлікті енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына
N 1 Қосымша
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер
министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639 , 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
Жүргізуші куәлігінің үлгісі
Жүргізуші куәлігі мынадай көрінетін элементтерден тұрады:
1) жүргізуші және жүргізуші куәлігі туралы мәліметтер;
2) иесінің фотосуреті және қолы;
3) жол полициясы емтихан қабылдау бөлімшесінің мөрі;
4) интегралдық микросхема;
5) түс бетінде орналасқан мәліметтер сипаттамасы.
Интегралдық микросхема мынадай мәліметтерді құрайды:
1) жүргізуші куәлігі туралы:
сериясы мен нөмірі;
берілген күні;
емтихан қабылдау бөлімшесі мөрінің нөмірі;
2) жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған күні және жері;
тұрғылықты жері;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және
берілген күні;
фотосуреті;
3) көлік құралын жүргізу рұқсаты туралы:
рұқсат етілген санаттар;
жүргізуші куәлігінің жарамды болу мерзімінің аяқталуы;
айрықша белгілер'
РҚАО-ның ескертуі!
ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2007 N 105 бұйрығы күшін жойды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.02.2009 N 46 бұйрығымен.
4) алынып тасталды .
Қазақстан Республикасының
көлік құралын тіркеу туралы куәліктің
Үлгісі
__________________________________________________________________
Қазақстан KZ Республика Көлік құралының тіркелу куәлігі
Республикасы Казахстан Свидетельство о регистрации ТС
_____________________________ Certificat d'immatriculation
Иесі/Владелец............. С ____________________________________
........................... Иесі/Владелец ............... С
Облыс/Область ............. Тіркеу сан реті/Регистрационный N. А
Аудан/Район ................ Марка, модель .................... D
Елді мекен/Нас.пункт ....... Шығарылған жылы/Год выпуска ТС ... В
Көше/Улица ................. Көлік категориясы/Категория ТС
Үй/Дом.......Пәтер/Кв....... (А,В,С,D,Е).......................
_____________________________ Двигатель N .....Шасси N .........
Айрықша белгілер/ Кузов N .......................... Е
Особые отметки Түсі/Цвет ........................
............................ Двигатель қуаты/Мощность двигателя,
МАИ мекемесі/Выдано ГАИ кВт/лс ...........................
............................ Рұқсатты ең ауыр салмағы/ Разрешен.
М.О./М.П. 19 ж/г. ная max масса, kg................. F
Жүксіз салмағы/Масса без нагрузки,
AA N 000000 kg................................ G
AA N 000000
_____________________________ ____________________________________
___________________________________________________________________
Есептен шығарылу себебі/
Снятие с учета вследствие:
МАИ мекемесі/Наименование ГАИ
М.О./М.П.
(қолы/подпись)
19 ж/г
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының облыстарына,
Астана және Алматы қалаларына
бекітіліп берілген әріптік символдардың
Тізбесі
___________________________________________________________________
Облыстардың атауы | Жазылуы | Орыс тілінде
|(латын алфавиті)| айтылуы
___________________________________________________________________
1 Астана қаласы Z Зет
2 Ақмола облысы C, W, O Ц, Дубль В, О
3 Алматы қаласы А А
4 Алматы облысы B, V Б, В
5 Ақтөбе облысы D Д
6 Атырау облысы Е Е
7 Шығыс Қазақстан облысы F, U Ф, У
8 Жамбыл облысы H Aш
9 Батыс Қазақстан облысы L Л
10 Қарағанды облысы М, K M, К
11 Қызылорда облысы N Н
12 Қостанай облысы P, W П, дубль В
13 Маңғыстау облысы R Р
14 Павлодар облысы S Эс
15 Солтүстік Қазақстан облысы T, O Т, О
16 Оңтүстік Қазақстан облысы Х Икс
___________________________________________________________________
Бос символдар: G, I, J, Y, Q
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 27 қарашадағы
N 644 бұйрығына N 4 қосымша
РҚАО-ның ескертуі!
ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2007 N 105 бұйрығы күшін жойды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.02.2009 N 46 бұйрығымен.
Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
Жүргізуші куәлігі талонның үлгісі
(Үлгіні қағаз мәтіннен қараңыз)
Жүргізуші куәлігі талоны мынадай визуалдық элементтерден турады:
1. иесінің қолы;
2. талонның нөмірі;
3. талонның қосымша функциялары үшін символдар мен ақпаратты
орналастыруға арналған орындары;
4. магнитті жолақ;
5. мынадай деректерден тұратын интегралдық микросхема:
1) жүргізуші куәлігі туралы:
сериясы және нөмірі;
берілген күні;
алынып қойылған күні;
2) жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған жері және күні;
жынысы;
тұрғылықты жері;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
жеке басын растайтын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
3) әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы:
тәртіп бұзушылықтың түрі/коды/бабы, күні және уақыты;
әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы хаттаманың сериясы және нөмірі;
әкімшілік жазаның түрі;
айыппұл мөлшері;
әкімшілік айыппұл салған инспектордың картасының жеке сәйкестендіру нөмірі;
айыппұл төлегені туралы нышан/белгі.
4) көлік иесінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы (міндетті түрде сақтандыру шартының бар екенін растайтын соңғы құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі);
5) көліктің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы (міндетті техникалық байқаудан өткенін растайтын соңғы құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі);
6) жүргізуші куәлігі талоны үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған қосымша функцияларды пайдалануға
мүмкіндік беретін деректер.