"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3934. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 258 бабының 4 тармақшасына сәйкес III сайланған Алматы қаласының Мәслихаты  ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002-жылғы 31 шілдедегі ХVIII-сессиясының "Алматы қаласында ойын бизнесі объектілеріне акциз мөлшерлерін бекіту туралы" шешімінің (Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 тамызда N 463 тіркелген, 2002 жылғы 27 тамызда "Алматы Ақшамы" газетінде, 2002 жылғы 28 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) 1-ші тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Алматы қаласындағы ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкалары, келесі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әрі қарай - "АЕК") бір жылға бекітілсін:
                  
      ойын столы - 1400 АЕК;
      ақшалай ұтыс берілетін ойын автоматтар - 50 АЕК;
      тотализатор кассасы - 400 АЕК;
      букмекерлік кеңсе кассасы - 200 АЕК.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баедиловке жүктелсін.

      III-сайланған
      Алматы қаласы Мәслихатының
      XIX-сессиясының төрағасы          К. Шалабаев

      III-сайланған Алматы қаласы
      Мәслихатының хатшысы             Т. Мұқашев