Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1667. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 P001641_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 538-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 9-бөлiмде: "Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау" деген 2-тарауда: реттiк нөмiрi 1, 4, 9, 17, 19, 20, 22, 23, 27-жолдардағы, "Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда "ЕХҚМ" деген сөз алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 24-жолдағы, 4-баған мынадай редакцияда жазылсын: "БҒМ, IIМ, ЕХҚМ, ӘдМ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.