Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерiн бекiту туралы<*> Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. ~V011563

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2000 жылғы 4 сәуір N 97 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 сәуір тіркелді. Тіркеу N 1124

Қолданыстағы
      "Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау,

өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi"  

P000273_

  
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысына 
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берiлiп отырған Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу 
өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың 
Ережелерi бекiтiлсiн.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде оның 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Министр
     
                                            Ауыл шаруашылығы министрінің
                                            2000 жылғы "__"_____________
                                                         N___ бұйрығымен
                                                              бекітілген

           Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi        
                  қызметтi лицензиялаудың Ережелерi
<*>

     Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық
              министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 
              бұйрығымен.  

V011563_

 
     
                            1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi iске асыруға арналған лицензияларды берудiң, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. <*>
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      2. Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыруға арналған лицензияларды алушыға (Лицензиатқа) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар) бередi. <*>
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      3. Астықты сақтау қызметiнiң айрықша (жалғыз) түрi құқығында жүзеге асырылатын меншiк құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектiлерi болып табылады. <*>
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық
               министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
               бұйрығымен. V011563_

      4. Егер заң шығарушы актiлерде басқаша көзделген болмаса, лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни Лицензиатор және заңды тұлғаларға бермейдi. <*>
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      5. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) астық қабылдау кәсiпорыны - астықты сақтау қызметiнiң айрықша (жалғыз) түрі құқығын жүзеге асыратын меншік құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
      2) астықты сақтау - астықты қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және тиеп жөнелтуді қосатын астық қабылдау қоймасы жүзеге асыратын іс-шаралардың технологиялық кешені;
      3) астықты қабылдау - иесі тапсыратын астықты өте тиімді орналастыру және сақталуын қамтамасыз ету үшін оның мөлшері мен сапалық көрсеткiштерін анықтау, сондай-ақ астықты сақтауға өткізген заңды және жеке тұлғалардың есебi жөніндегі астық қабылдау кәсіпорындары жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;
      4) астықты өңдеу - технологиялық операциялардың жиынтығы (кептіру, өңдеу, өлшеу);
      5) кептіру - шикі және дымқыл астықты қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес оның әрі қарай сақталуын және тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ететін көрсеткіштерге жеткізу жөніндегі технологиялық процедуралар мен операциялардың жиынтығы;
      6) тазалау - қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес оны мақсатты пайдаланылу, әрі қарай сақтау және тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету талаптарына жеткізу жөніндегі технологиялық процедуралар мен операциялардың жиынтығы;
      7) өлшеу - астықтың, жарамды қалдықтардың, жарамсыз қалдықтардың қабылдау, өңдеу, кептіру, тиеп жөнелту кездеріндегі көлемін дұрыс таразыларда анықтау;
      8) тиеп жөнелту - астық қабылдау кәсіпорындарының көлік құралдарының барлық түрімен астықты сыртқа шығару үшін босатуы;
      9) астық қабылдау кәсіпорындары үшін шек қойылған қызмет - астық қабылдау кәсіпорындарының ерекше (жалғыз) қызмет түрі - астықты сақтауға жатпайтын басқа да кез келген қызметі, сондай-ақ астықты сақтау жөнiндегі қызмет көрсету рыногында астық қабылдау кәсiпорындары үшiн тиым салынған үстемдік жағдаймен айналысатын қызметi. <*>
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық
               министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
               бұйрығымен. V011563_

                   2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi

      6. Лицензиар, бiлiктiлiк деңгейi "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысымен белгiленген талаптарға сай келетiн барлық тұлғалар үшiн тең негiзде және жағдайда лицензиялар берудi жүзеге асырады. <*>
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      7. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттар бередi:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң нотариалдық расталған көшiрмесi;
      3) лицензиялық алымды төлегендiгi туралы түбiртек немесе төлем құжатының көшiрмесi;
      4) бiлiктiлiк талаптарына Лицензиаттың сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
      лицензиялық қызметтi iске асыруға астық қабылдау кәсіпорынының жарамдылығы туралы санитарлық және экологиялық органдардың қорытындысы;
      лицензиаттың заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелген заңды, жеке тұлғалар берген сараптамалық баға негізіндегі біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сәйкесті облыстық аумақтық басқармаларының анықтамасы; <*>
      көтергiш-көлiктiк жабдығы бар түсiрушi түзу құрылғылардың, ауа тазартқыштар және желдеткiштер жүйелерiнiң;
      астық тазалаушы машиналардың және астық кептiргiштердiң (егер технологиялық сызбада көзделген болса) болуы;
      астық сақтау кезiнде технологиялық үдерiстiң сақталуын қамтамасыз ететiн түзу технологиялық жабдықтың болуы;
      түзу өндiрiстiк-технологиялық зертхананың болуы (зертханалық жабдықтар мен құралдардың дайындауы және бар болуы);
      тиiстi технологиялық бiлiмi бар мамандардың болуы.
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің
               21.06.2000 ж. бұйрығымен. V001200_
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      7-1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңының 25, 28, 29, 31 баптарына сәйкес көрсетілген құжаттарды беру кезінде мәлімдеуші заңнамалық актілермен белгіленген жағдайларда уақытша басқаруды кіргізу мүмкіндігі және астық қабылдайтын кәсіпорындарды басқару жөніндегі құрылтайшылардың құқығын шектеу жайлы хабарландырылуға (таныстырылуға) жатады. Хабарландыру Лицензиардың лицензия алуға арналған өтінімдерді тіркейтін журналдарында тіркеледі және мәлімдеушіге жазбаша қол қойылып беріледі. <*>
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      8. Лицензия, егер заң шығарушы актiлер басқа мерзiм белгiлемесе ("Лицензиялау туралы" ҚРЗ 17-бап), барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей берiледi.
      9. Астық қабылдау кәсіпорындарында нақты астық қоймаларын (элеваторы, астық қабылдау кәсіпорындары) көрсетумен астықты сақтау бойынша бас лицензия берiледi. <*>
      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      10. Мынадай негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн:
      заң шығарушы актiлер осы санаттағы субъектiлер үшiн астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн элеваторларда қабылдау, сақтау, өңдеу бойынша қызметтi жүзеге асыруға тыйым салуы;
      осы Ережелердiң 7-тармағында көрсетiлген құжаттардың түгелдей берiлмеуi;
      Өтiнiш иесi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы негiзде қаралады;
      қызметтiң осы түрiмен шұғылдану құқығы үшiн алым төлемеу;
      өтiнiш берушi "Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейдi; <*>
      осы өтiнiм иесiнде соңғы жылы сақтауда тұрған астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң бүлiнуi, кем шығуы;
      астықты қабылдау, кептiру, өңдеу және сақтау жөнiндегi барлық технологиялық үдерiстердi орындауға материалдық-техникалық базаның жағдайы мүмкiндiк бермейдi;
      егер элеваторлар астықтың тиiстi көлемiн растамаған N 13 формадағы кiрiс квитанциясын беруге жол берсе;
      өтiнiш берушiге қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салған, ол жайында соттың шешiмi бар. <*>
      Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      11. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм жөнiнде, өтiнiш берушi сотқа шағым ете алады.
      12. Заңды тұлғаны тiркеу, сол сияқты мекен-жайы және басқа банктiк

деректемелер өзгертiлген жағдайда 10 күн мерзiмде Лицензиат бұл туралы 
Лицензиарға хабарлауға мiндеттi.
     13. Лицензия сот тәртібiмен қайтарылып алынуы мүмкін:
     1) біліктілік талаптарды Лицензиат бұзғанда;
     2) Лицензиаттың өзі жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрімен 
айналысуына сот тиым салғанда;
     3) Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер 
жойылмаса;
     4) Лицензия алған кезде Лицензиат көрнеу жалған ақпарат берген 
жағдайларда.
<*>

     Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық       
              министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 
              бұйрығымен.  

V011563_

 
     
     14. Лицензияны қайтарып алу жағдайында Лицензиат ресми хабарламаны 
алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны Лицензиарға қайтаруға 
мiндеттi.
     15. Лицензияны қолдану мынадай жағдайларда тоқтатылады:
     лицензияның қайтып алынуы;
     заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
<*>

     Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 
              2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен.  

V011563_

 
     
     15-1. Егер астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару астық жөніндегі 
қолхат міндеттемесін орындау қабiлеттiлігiн қалпына келтірмеген жағдайда, 
Лицензиар белгіленген заңнамалық тәртіппен лицензияны қайтып алуы және 
астық қабылдау кәсіпорынын жоюды бастауы мүмкін.
<*>

     Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 
              2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен.  

V011563_

 
     
     16. Лицензиялық алым мөлшерi мен оған төлем жүргiзу тәртiбi заңдарда 
белгiленедi.
     17. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты дауларды соттар шешедi.


      18. Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептерiн көрсетiп, Лицензиар алты ай мерзiмге дейiн лицензияны қолдануды тоқтатуға құқылы.
      Лицензиаттың өтiнiшi бойынша сот шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұрады.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдық актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiзде алып сотқа жолдайды.
      18-1. Астық қабылдау кәсіпорынының астықты сақтау жөніндегі қызметті жүргізу лицензиясының қимылын Лицензиар алты айға дейінгі мерзімге:
      1) астықты сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі келісілген міндеттемелерді әрдайым ықтиятты (алты календарлық ай ішінде екі рет немесе одан көп) орындамағаны;
      2) заңнамамен қарастырылған фитосанитарлық нормаларды бұзғандығы;
      3) құқықтық нормативтiк актiлердi бұзғандығы не Лицензиардың бiлiктiлiк талаптарға жататын жазбаша ескертпелерiн орындамағаны;
      4) астық қабылдайтын кәсiпорындарына шек қойылған қызметтi жүзеге асырғаны - үшiн тоқтатады. <*>
      Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      19. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде Лицензиат сотқа шағым етуге құқылы.
      20. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау тексерiстiң нәтижелерi бойынша лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.
      21. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орыны туралы Лицензиаттың өзiне қолын қойдырып немесе пошта арқылы хабарламамен (ескерту хатымен) құлақтандырылады.
      22. Лицензиат келмей қалған жағдайда лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешiм оның қатысуынсыз қабылданады.
      23. Лицензияның қолданылу күшi тоқтатылған жағдайда Лицензиат анықталған бұрмалаушылықты жоюға мiндеттi, осыдан соң Лицензиардың жазбаша хабарламасы бойынша лицензияның қолданылу күшi жаңартылуы мүмкiн. Лицензияның қолданылу күшiн тоқтату жөнiнде жазбаша хабарлама алғаннан кейiнгi Лицензиаттың iс-әрекетi заңсыз болып есептелiнедi және заңдарда белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      24. Лицензияның қолданылу күшi тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн Лицензиардың қорытындысын негiзге алып лицензияны қолдану жаңғыртылады.
      25. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиат көшiрме алуға құқылы. Лицензиаттың өтiнiшi бойынша, қосымша ақы алмай, он күн iшiнде Лицензиар көшiрменi бередi. Сонымен бiрге Лицензиат астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметпен шұғылдану құқығы үшiн алым төлейдi. <*>
      Ескерту: 25-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

                             3. Есеп және бақылау

      26. Астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн элеваторларда қабылдау, қайта өңдеу және сақтау жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензиялық нормалар мен тәртiптердi бұзып жүзеге асыру заңдарда белгiленген жауапқа тартуға себеп болады.
      27. Лицензия бланкiлерi қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады.
      Лицензия бланкiлерiн берудiң есебi арнайы журналда жүргiзiледi.
      28. Бiлiктiлiк талаптарының және осы Ережелердiң сақталуын тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Лицензиар жүргiзедi.
      29. Лицензия берген Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттардан тиiстi құжаттарды талап етуге және бақылау функцияларын орындауға қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      29-1. Лицензиат қажеттi құжаттарды ұсыну арқылы объектiнiң жыл сайынғы жаңа егiннiң астығын қабылдауға дайындығының актiсiн тапсырады. <*>
      Ескерту: 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
               2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен. V011563_

      29-2. Лицензиат статистикалық мемлекеттiк органдарының келiсiмi

бойынша Лицензиар белгiлеген үлгiлерi мен мерзiмдерi жөнiндегi бiлiктiлiк 
талаптарын сақтау мәселелерi жөнiндегi есептердi тапсыруға мiндеттi.
<*>

     Ескерту: 29-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 
              2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен.  

V011563_

 
     
     30. Лицензиар астық қабылдайтын кәсiпорындарда астықты сақтау 
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың бiрыңғай 
реестрын жүргiзедi. Оған лицензияларды беру, олардың қимылын тоқтата тұру 
және қайтарып алу туралы барлық мәлiметтер кiргiзiледi.
<*>

     Ескерту: 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық       
              министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
              бұйрығымен.  

V011563_

 
     
     
     
     Оқығандар:
             Омарбекова А.Т.
             Багарова Ж.А.