Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен .
"Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273
қаулысына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде оның мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97
бұйрығымен бекітілген
Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi
қызметтi лицензиялаудың Ережелерi
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығымен .
1. Осы Ереже астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi iске асыруға арналған бас лицензия беру, қайтарып алу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайтадан бастау тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
2. Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны алушыға (Лицензиатқа) лицензияны беру, лицензияны қайтарып алу осы ереженің 15-1 тармағына сәйкес және оның әрекетін тоқтатқаннан кейін қайтадан бастауды ұсыну өкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізіледі. Лицензияны қайтарып алу осы ереженің 15-1 тармағын қоспай, оның әрекетін тоқтатуды ұсыну Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармаларымен жүргізіледі (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқармалар).
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
3. Астықты сақтау қызметiнiң айрықша (жалғыз) түрi құқығында жүзеге асырылатын меншiк құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектiлерi болып табылады.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
4. Егер заң шығарушы актiлерде басқаша көзделген болмаса, лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни Лицензиатор және заңды тұлғаларға бермейдi.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
5. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) астық қабылдау кәсiпорыны - астықты сақтау қызметiнiң айрықша (жалғыз) түрі құқығын жүзеге асыратын меншік құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
2) астықты сақтау - астықты қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және тиеп жөнелтуді қосатын астық қабылдау қоймасы жүзеге асыратын іс-шаралардың технологиялық кешені;
3) астықты қабылдау - иесі тапсыратын астықты өте тиімді орналастыру және сақталуын қамтамасыз ету үшін оның мөлшері мен сапалық көрсеткiштерін анықтау, сондай-ақ астықты сақтауға өткізген заңды және жеке тұлғалардың есебi жөніндегі астық қабылдау кәсіпорындары жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;
4) астықты өңдеу - технологиялық операциялардың жиынтығы (кептіру, өңдеу, өлшеу);
5) кептіру - шикі және дымқыл астықты қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес оның әрі қарай сақталуын және тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ететін көрсеткіштерге жеткізу жөніндегі технологиялық процедуралар мен операциялардың жиынтығы;
6) тазалау - қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес оны мақсатты пайдаланылу, әрі қарай сақтау және тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету талаптарына жеткізу жөніндегі технологиялық процедуралар мен операциялардың жиынтығы;
7) өлшеу - астықтың, жарамды қалдықтардың, жарамсыз қалдықтардың қабылдау, өңдеу, кептіру, тиеп жөнелту кездеріндегі көлемін дұрыс таразыларда анықтау;
8) тиеп жөнелту - астық қабылдау кәсіпорындарының көлік құралдарының барлық түрімен астықты сыртқа шығару үшін босатуы;
9) астық қабылдау кәсіпорындары үшін шек қойылған қызмет - астық қабылдау кәсіпорындарының ерекше (жалғыз) қызмет түрі - астықты сақтауға жатпайтын басқа да кез келген қызметі, сондай-ақ астықты сақтау жөнiндегі қызмет көрсету рыногында астық қабылдау кәсiпорындары үшiн тиым салынған үстемдік жағдаймен айналысатын қызметi;
10) тексеру актысы - астық қабылдау кәсіпорынын біліктілік талаптарға сәйкестігі және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын Лицензиармен бекітілген үлгі бойынша зерттеу актысы.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды, толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
6. Лицензиар, бiлiктiлiк деңгейi "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273
қаулысымен
белгiленген талаптарға сай келетiн барлық тұлғалар үшiн тең негiзде және жағдайда лицензиялар берудi жүзеге асырады.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің
2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
7. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттар бередi:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң нотариалдық расталған көшiрмесi;
3) лицензиялық алымды төлегендiгi туралы түбiртек немесе төлем құжатының көшiрмесi;
4) бiлiктiлiк талаптарына Лицензиаттың сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
лицензиялық қызметтi iске асыруға астық қабылдау кәсіпорынының жарамдылығы туралы санитарлық және экологиялық органдардың қорытындылары;
лицензиаттың заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелген заңды, жеке тұлғалар берген сараптамалық баға негізіндегі біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сәйкесті облыстық аумақтық басқармаларының анықтамасы;
көтергiш-көлiктiк жабдығы бар түсiрушi түзу құрылғылардың, ауа тазартқыштар және желдеткiштер жүйелерiнiң;
астық тазалаушы машиналардың және астық кептiргiштердiң (егер технологиялық сызбада көзделген болса) болуы;
астық сақтау кезiнде технологиялық үдерiстiң сақталуын қамтамасыз ететiн түзу технологиялық жабдықтың болуы;
түзу өндiрiстiк-технологиялық зертхананың болуы (зертханалық жабдықтар мен құралдардың дайындауы және бар болуы);
тиiстi технологиялық бiлiмi бар мамандардың болуы.
Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 2000 жылғы 21 маусымдағы
бұйрығымен
,
2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N4
бұйрығымен
.
7-1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы"
Заңының
25, 28, 29, 31 баптарына сәйкес көрсетілген құжаттарды беру кезінде мәлімдеуші заңнамалық актілермен белгіленген жағдайларда уақытша басқаруды кіргізу мүмкіндігі және астық қабылдайтын кәсіпорындарды басқару жөніндегі құрылтайшылардың құқығын шектеу жайлы хабарландырылуға (таныстырылуға) жатады. Хабарландыру Лицензиардың лицензия алуға арналған өтінімдерді тіркейтін журналдарында тіркеледі және мәлімдеушіге жазбаша қол қойылып беріледі.
Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
8. Лицензия, егер заң шығарушы актiлер басқа мерзiм белгiлемесе ("Лицензиялау туралы" ҚРЗ 17-бап), барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей берiледi.
9. Астықты сақтау бойынша лицензияда астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау кәсіпорнының) орналасқан жері көрсетіледі.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
10. Мынадай негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн:
заң шығарушы актiлер осы санаттағы субъектiлер үшiн астық пен оны сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыруға тыйым салуы;
осы Ережелердiң 7-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тізбесімен берiлмеуi;
Өтiнiш иесi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы негiзде қаралады;
қызметтiң осы түрiмен шұғылдану құқығы үшiн алым төлемеу;
өтiнiш берушi "Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейдi;
осы өтiнiм иесiнде соңғы жылы сақтауда тұрған астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң бүлiнуi, кем шығуы;
астықты қабылдау, кептiру, өңдеу және сақтау жөнiндегi барлық технологиялық үдерiстердi орындауға материалдық-техникалық базаның жағдайы мүмкiндiк бермейдi;
егер элеваторлар астықтың тиiстi көлемiн растамаған N 13 формадағы кiрiс квитанциясын беруге жол берсе;
өтiнiш берушiге қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салған, ол жайында соттың шешiмi бар.
Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
11. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм жөнiнде, өтiнiш берушi сотқа шағым ете алады.
12. Заңды тұлғаны тiркеу, сол сияқты мекен-жайы және басқа банктiк деректемелер өзгертiлген жағдайда 10 күн мерзiмде Лицензиат бұл туралы Лицензиарға хабарлауға мiндеттi.
13. Лицензия сот тәртібiмен қайтарылып алынуы мүмкін:
1) біліктілік талаптарды Лицензиат бұзғанда;
2) Лицензиаттың өзі жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрімен айналысуына сот тиым салғанда;
3) Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер
жойылмаса;
4) Лицензия алған кезде Лицензиат көрнеу жалған ақпарат берген жағдайларда.
Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
14. Лицензияны қайтарып алуды ұсыну облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен құрылған комиссиямен астық қабылдау кәсіпорынын тексерудің негізінде іске асырылады. Лицензияны қайтарып алу туралы өтініш астық қабылдау кәсіпорынын тексеру актысын қосып сотқа облыстық аумақтық басқармамен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдемелерімен белгіленген тәртіп және негізде жіберіледі. Мәліметтердің көшірмесі үш жұмыс күннен көп емес мерзімде өтінішті сотта тіркелген күннен бастап Лицензиарға жіберіледі. Лицензия қайтып алынған жағдайда Лицензиат ресми хабарлауды алғаннан бастап он күн ішінде лицензияны Лицензиарға қайтаруға міндетті.
Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
15. Лицензияның әрекетін тоқтату облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен:
лицензияны қайтарып алу туралы сот шешімінің;
заңды тұлғаның жойылуы немесе қайта құрылуының негізінде жүргізіледі.
Лицензияның әрекетін тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі Лицензиарға және Лицензиатқа жіберіледі.
Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
15-1. Егер астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару астық жөніндегі қолхат міндеттемесін орындау қабiлеттiлігiн қалпына келтірмеген жағдайда, Лицензиар белгіленген заңнамалық тәртіппен лицензияны қайтып алуы және астық қабылдау кәсіпорынын жоюды бастауы мүмкін.
Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
16. Лицензиялық алым мөлшерi мен оған төлем жүргiзу тәртiбi заңдарда белгiленедi.
17. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты дауларды соттар шешедi.
18. Облыстық аумақтық басқармалар заңнамада белгіленген тәртіппен тоқта тұру себебін көрсете отырып, лицензияның әрекетін тоқтата тұруға құқығы бар. Лицензияның әрекетін тоқтата тұру облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен астық қабылдау кәсіпорынын тексеру қорытындысының негізінде жүргізіледі. Лицензияның әрекетін тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі жеті календарлық күннен көп емес мерзімде Лицензиарға және Лицензиатқа жіберіледі.
Облыстық аумақтық басқарманың өтiнiшi бойынша сот шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұрады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасының заңдық актiлерi негізінде белгiленген тәртiппен сотқа жолдайды.
Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
18-1. Астық қабылдау кәсіпорынының астықты сақтау жөніндегі қызметті жүргізу лицензиясының қимылын алты айға дейінгі мерзімге:
1) астықты сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі келісілген міндеттемелерді әрдайым ықтиятты (алты календарлық ай ішінде екі рет немесе одан көп) орындамағаны;
2) заңнамамен қарастырылған фитосанитарлық нормаларды бұзғандығы;
3) құқықтық нормативтiк актiлердi бұзғандығы не Лицензиардың бiлiктiлiк талаптарға жататын жазбаша ескертпелерiн орындамағаны;
4) астық қабылдайтын кәсiпорындарына шек қойылған қызметтi жүзеге асырғаны - үшiн тоқтатады.
Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
19. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде Лицензиат сотқа шағым етуге құқылы.
20. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау тексерiстiң нәтижелерi бойынша лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.
21. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орыны туралы Лицензиаттың өзiне қолын қойдырып немесе пошта арқылы хабарламамен (ескерту хатымен) құлақтандырылады.
22. Лицензиат келмей қалған жағдайда лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешiм оның қатысуынсыз қабылданады.
23. Лицензияның қолданылу күшi тоқтатылған жағдайда Лицензиат анықталған бұрмалаушылықты жоюға мiндеттi, осыдан соң Лицензиардың жазбаша хабарламасы бойынша лицензияның қолданылу күшi жаңартылуы мүмкiн. Лицензияның қолданылу күшiн тоқтату жөнiнде жазбаша хабарлама алғаннан кейiнгi Лицензиаттың iс-әрекетi заңсыз болып есептелiнедi және заңдарда белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
24. Лицензияның қолданылу күшi тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн Лицензиармен, облыстық аумақтық басқарманың ұсынысының және астық қабылдау кәсіпорынын тексеру актысының негізінде алып лицензияны қолдану жаңғыртылады.
Ескерту: 24-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
25. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиат көшiрме алуға құқылы. Лицензиаттың өтiнiшi бойынша, қосымша ақы алмай, он күн iшiнде Лицензиар көшiрменi бередi. Сонымен бiрге Лицензиат астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметпен шұғылдану құқығы үшiн алым төлейдi.
Ескерту: 25-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
26. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензиялық нормалар мен тәртiптердi бұзып жүзеге асыру заңдарда белгiленген жауапқа тартуға себеп болады.
Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
27. Лицензия бланкiлерi қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады.
Лицензия бланкiлерiн берудiң есебi арнайы журналда жүргiзiледi.
28. Бiлiктiлiк талаптарының және осы Ережелердiң сақталуын тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Лицензиар жүргiзедi.
29. Лицензия берген Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттардан тиiстi құжаттарды талап етуге және бақылау функцияларын орындауға қажеттi ақпарат алуға құқылы.
29-1. Лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Лицензиат жыл сайын объектінің жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тексеріледі. Соның қорытындысы бойынша тексеру актысы жасалады. Астық қабылдау кәсіпорынының біліктілік талаптарға сәйкестігін және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын тексеру кестесі және комиссия құрамы жыл сайын облыстық аумақтық басқарманының бірінші басшысымен бекітіледі және Лицензиарға тапсырылады. Көрсетілген тексеру мерзіміне үш айдан кем емес уақытта кесте Лицензиарға жеткізіледі. Ретті түрде ресімделген және бекітілген дайындық актысы Лицензиарға жіберіледі, ол құжаттың түскен уақытынан бастап отыз календарлық күннен көп емес мерзімде лицензияны растау туралы шешім қабылдайды.
Лицензияны растаудан бас тарту оның әрекетін тоқтата тұру үшін негіз болады.
Ескерту: 29-1-тармақпен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
,
2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4
бұйрығымен
.
29-2. Лицензиат статистикалық мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша Лицензиар белгiлеген үлгiлерi мен мерзiмдерi жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi жөнiндегi есептердi тапсыруға мiндеттi.
Ескерту: 29-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.
30. Лицензиар астық қабылдайтын кәсiпорындарда астықты сақтау
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың бiрыңғай
реестрын жүргiзедi. Оған лицензияларды беру, олардың қимылын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы барлық мәлiметтер кiргiзiледi.
Ескерту: 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150
бұйрығымен
.