Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері<*> Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522 қаулысымен.~P010522

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 273. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.05. N 769 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен Мекемені қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Мекеменің жарғысын бекітсін; 
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі