Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 4.04.2000 ж. N 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы N 167 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1200. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 385 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.06.20 N 385 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының  1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 20 маусымдағы  
N 385 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...;
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы N 167  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 шілдеде N 1200 тіркелді);
      3. ...;
      4. ...;
      5. ...;
      6. .... 
-----------------------------  

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Z952200_  "Лицензиялау туралы" Заңының 15 бабына сәйкес Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97  V001124_  бұйрығына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 
      аталған бұйрықпен бекітілген элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялаудың Ережелерінің 7-ші тармағының 4-ші тармақшасындағы үшінші абзац төмендегідей редакцияда баяндалсын: 

 

     "лицензиаттың заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелген заңды, жеке 

тұлғалар берген сараптамалық баға негізіндегі біліктілік талаптарға 

сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

сәйкесті облыстық аумақтық басқармаларының анықтамасы".

     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 

мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     

     Министр

     

     

    

Оқығандар:

     

     Багарова Ж.А.

     Шарипова М.Е.