Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. Тақырыбына, 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.11.15 N 1226 жарлығымен.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің
тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.10.2011 N 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.28 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2013 N 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2014 N 814 Жарлықтарымен.
1. |
Геолог күні |
- |
сәуірдің бірінші жексенбісі |
2. |
Ғылым қызметкерлері күні |
- |
12 сәуір |
2-1. |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні |
- |
21 сәуір |
3. |
Алып тасталды - ҚР Президентінің 01.03.2013 N 511 Жарлығымен. |
||
3-1. |
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні |
- |
21 мамыр |
4. |
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні |
- |
31 мамыр |
5. |
Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні |
- |
мамырдың соңғы жексенбісі |
6. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні |
- |
4 маусым |
7. |
Эколог күні |
- |
5 маусым |
8. |
Қаржы полициясы күні |
- |
6 маусым |
9. |
Полиция күні |
- |
23 маусым |
9-1. |
Мемлекеттік қызметші күні |
- |
23 маусым |
10. |
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні |
- |
маусымның екінші жексенбісі |
11. |
Медицина қызметкері күні |
- |
маусымның үшінші жексенбісі |
12. |
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні |
- |
28 маусым |
13. |
Дипломатиялық қызмет күні |
- |
2 шілде |
14. |
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні |
- |
13 шілде |
15. |
Металлург күні |
- |
шілденің үшінші жексенбісі |
16. |
Көлік қызметкерлері күні |
- |
тамыздың бірінші жексенбісі |
17. |
Құрылысшы күні |
- |
тамыздың екінші жексенбісі |
17-1 |
Шекарашылар күні |
- |
18 тамыз |
18. |
Спорт күні |
- |
тамыздың үшінші жексенбісі |
19. |
Шахтер күні |
- |
тамыздың соңғы жексенбісі |
20. |
Білім күні |
- |
1 қыркүйек |
21. |
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні |
- |
қыркүйектің бірінші жексенбісі |
21-1. |
Отбасы күні |
- |
қыркүйектің екінші жексенбісі |
22. |
Қазақстан халқы тілдерінің күні |
- |
қыркүйектің үшінші жексенбісі |
23. |
Атом саласының қызметкерлерінің күні |
- |
28 қыркүйек |
24. |
Әділет органдары қызметкерлерінің күні |
- |
30 қыркүйек |
25. |
Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. |
||
26. |
Машина жасаушы күні |
- |
қыркүйектің соңғы жексенбісі |
26-1. |
Еңбек күні |
- |
қыркүйектің соңғы жексенбісі |
27. |
Мұғалім күні |
- |
қазанның бірінші жексенбісі |
28. |
Құтқарушы күні |
- |
19 қазан |
29. |
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні |
- |
қазанның соңғы жексенбісі |
30. |
Статистика күні |
- |
8 қараша |
31. |
Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі |
- |
15 қараша |
32. |
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні |
- |
қарашаның үшінші жексенбісі |
33. |
Прокуратура күні |
- |
6 желтоқсан |
34. |
Кеден органдары қызметкерлерінің күні |
- |
12 желтоқсан |
35. |
Энергетик күні |
- |
желтоқсанның үшінші жексенбісі |