Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығы

Жаңартылған

     Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:

     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
     Ескерту. Тақырыбына, 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.11.15 N 1226 жарлығымен.

     2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

Қазақстан Республикасы      
Президентiнiң          
1998 жылғы 20 қаңтардағы     
N 3827 Жарлығымен        
бекiтiлген             

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің
тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.10.20
N 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі) Жарлығымен.

1.

Геолог күні

-

сәуірдің бірінші жексенбісі

2.

Ғылым қызметкерлері күні

-

12 сәуір

3.

Отан қорғаушы күні

-

7 мамыр

4.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

-

31 мамыр

5.

Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

-

мамырдың соңғы жексенбісі

6.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

-

4 маусым

7.

Эколог күні

-

5 маусым

8.

Қаржы полициясы күні

-

6 маусым

9.

Полиция күні

-

23 маусым

10.

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні

-

маусымның екінші жексенбісі

11.

Медицина қызметкері күні

-

маусымның үшінші жексенбісі

12.

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

-

28 маусым

13.

Дипломатиялық қызмет күні

-

2 шілде

14.

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні

-

13 шілде

15.

Металлург күні

-

шілденің үшінші жексенбісі

16.

Көлік қызметкерлері күні

-

тамыздың бірінші жексенбісі

17.

Құрылысшы күні

-

тамыздың екінші жексенбісі

18.

Спорт күні

-

тамыздың үшінші жексенбісі

19.

Шахтер күні

-

тамыздың соңғы жексенбісі

20.

Білім күні

-

1 қыркүйек

21.

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні

-

қыркүйектің бірінші жексенбісі

22.

Қазақстан халқы тілдерінің күні

-

қыркүйектің үшінші жексенбісі

23.

Атом саласының қызметкерлерінің күні

-

28 қыркүйек

24.

Әділет органдары қызметкерлерінің күні

-

30 қыркүйек

25.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

-

қыркүйектің соңғы жексенбісі

26.

Машина жасаушы күні

-

қыркүйектің соңғы жексенбісі

27.

Мұғалім күні

-

қазанның бірінші жексенбісі

28.

Құтқарушы күні

-

19 қазан

29.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

-

қазанның соңғы жексенбісі

30.

Статистика күні

-

8 қараша

31.

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі

-

15 қараша

32.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

-

қарашаның үшінші жексенбісі

33.

Прокуратура күні

-

6 желтоқсан

34.

Кеден органдары қызметкерлерінің күні

-

12 желтоқсан

35.

Энергетик күні

-

желтоқсанның үшінші жексенбісі